Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу:Алматы департаментінде ішкі кеңес өтті
Алматы қаласы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы бөлім мамандарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтің ашықтығын арттыру, заң талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын қатаң ұстану мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қызмет барысында туындауы мүмкін тәуекелдер мен оларды болдырмау тетіктеріне…
-

“Заң мен тәртіп”:ҚазҰМУ-де жас дәрігерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті
Алматы қаласы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Мұқажан Мұхамед «Заң мен тәртіп» акциясы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәріс өткізді. Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жас…
-

Наурызнама онкүндігі:ұлттық құндылықтарды ұлықтаған игі шаралар
Алматы қаласы Әділет департаментінде Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, департамент тарапынан қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетілді. Бұл бастама қоғамда мейірімділік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында тұсаукесер рәсімі өткізіліп, жас ұрпаққа ізгі тілектер айтылып,…
-

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды
Бүгін Наурызнама онкүндігіне орай Шаңырақ күні аясында Талдықорғанда 40 –тан астам тұрғын үйлі болды. Оларға жаңа пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы кілт тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті: – Президенттің бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ұстанымы…
-

Ұлттық киім күні: Жетісуда Наурызға арналған көрме мен фестиваль өткізіліп, арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды
Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында ұлттық киім көрмесі, фестиваль, кітап көрмесі мен челлендждер және арнайы фотоаймақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы күні бірқатар жетісулық қолөнершілер марапатталды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласындағы Арбат жаяу жүргіншілер аймағы Наурыз мерекесі мен оның символдарына арналған үлкен фотоаймаққа айналды. Ерекше атмосфераны бүркітшілер, тазы өсірушілер, батырлар мен ұлттық нақыштағы…
-

Шаңырақ күні: Ұрпақтар сабақтастығы
17 наурыз — «Наурызнама» онкүндігі аясындағы Шаңырақ күніне орай Қарақұдық орта мектебінің оқушылары ауыл ақсақалы Сәбит Пайызовтың шаңырағында болды. Кездесуде оқушылар ғибратты әңгімелер тыңдап, рухани азық алды. Қария жас ұрпаққа ақ батасын беріп, оқуда озық болуларына тілектестік білдірді. Ақсақалдың ақ тілегін алған мектеп оқушылары үшін бұл жүздесу үлкен тағылым болды. Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақты…
-

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ТАЗАЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Отырар ауданы әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралар барысында елді мекендердің келбетін жақсарту мақсатында жеміс ағаштарын отырғызу, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ретсіз өскен ағаштарды отау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Жиналған тұрмыстық қалдықтар…
-

ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Жаңару күні қарсаңында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі ретінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Заречное» АҚ өкілдері, аудан ардагерлері, студенттер және белсенді жастармен бірге Д. Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік колледж аумағында ағаш отырғызу акциясына қатысты. Шара барысында колледж…
-

ОТЫРАРДА СУАРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында алдағы суару маусымына дайындық жұмыстары жүйелі әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аудан әкімінің Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасына сәйкес, барлық жұмыстар қатаң қадағаланып, сапалы орындалуына ерекше көңіл бөлінуде. Аудан әкімдігі мен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы арасындағы келісім аясында аудан аумағындағы каналдарды тазалау және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары…
-

18 наурыз – Ұлттық киім күні
Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі өзінің қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Оның мәні сәннің аясынан әлдеқайда кең, өйткені ол – ұлттың рухани коды, тарихи жады мен танымының көрінісі. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар пайдаланылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім үлгілері халықтың өмір салтымен, табиғатпен байланысымен және дүниені қабылдау ерекшелігімен…
-

Қазақстан мен Украина білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Киев, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған В.Гетьман атындағы Киев ұлттық экономикалық университеті делегациясының ү.ж. 16–18 наурызда Қазақстан Республикасына жұмыс сапары өтті. Сапар барысында делегация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде, НАРХОЗ университетінде, Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) және ҚМЭБИ университетінде болып, онда басшылық және профессорлық-оқытушылық құрамымен…
-

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді
Бекітілген кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында Ақмол, Қараөткел және Арайлы ауылдарының тұрғындарының өтініштері қаралды. Негізгі көтерілген мәселелер жер қатынастары, тұрғын үй және сәулет салаларын қамтыды. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелерді одан әрі пысықтау үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді және бақылауға алынды. Азаматтарды…
-

ХРОМТАУДА КӨРІСУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Хромтау қаласында 14 наурыз – Көрісу күніне арналған мерекелік шара кең көлемде ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрге негізделген бұл күн – ел арасында татулық пен бауырмалдықты нығайтып, ағайын-туыс пен көрші-қолаңның бір-бірімен қауышып, амандық-саулық тілейтін ізгі мерекесі. Мерекеге орай қаланың орталық алаңында киіз үй тігіліп, ұлттық салт-дәстүр мен тұрмыс-тіршілікті танытатын көрме қойылды. Шараға жиналған тұрғындарды аудан әкімі Нұрхан…
-

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ – АЛТЫН ШАҢЫРАҚ
Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні Хромтау ауданында тағылымды мазмұндағы іс-шаралармен жалғасын тапты. Айтулы күнге орай Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге жарты ғасырдан астам уақыт тату-тәтті өмір сүріп, ұрпақтарына өнегелі тәрбие беріп келе жатқан ардақты отбасылардың үйіне арнайы құттықтап барды. Мерекелік шара барысында Сейлов Серікбай…
-

ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ЖОҒАРЫ ЛИГА» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНІҢ 4-ТУРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Хромтау қаласында өткен волейболдан әйелдер командалары арасындағы «Жоғары лига» Қазақстан Республикасы біріншілігінің 4-туры қорытындыланды. Тур аясында 5 ойын өткізіліп, олардың барлығында «Алия» командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Соңғы ойында «Алия» мен «Астана СДД» командалары кездесіп, тартысты матч нәтижесінде жеңіс хромтаулық командаға бұйырды. Тур қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясының «байланыстырушы» аталымында Сапарғалиева Диана үздік деп…
