Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Азаматтарды қабылдау!
2026 жылдың 29 қыркүйегінде Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.Самашев азаматтарға қабылдау өткізді.Қабылдау барысында азаматтар жеке шоттарына салынған тыйымдарды шешу және бірыңғай борышкерлер тізімінен шығару мәселелері бойынша құқықтық кеңес алды.Іс-шара халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1303460?lang=ru
-

Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, рухани жылулық, амандық, жақындарыңызға құрмет пен көңіл тілеймін. Әр күн қуанышқа, қамқорлыққа және жағымды кездесулерге толы болсын. Өмірлік тәжірибеңіз, даналығыңыз, мейірімділігіңіз және қоғамның дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін рахмет. Жүректеріңіз әрқашан туыстарыңыз бен жақындарыңыздың сүйіспеншілігін жылытсын, ал үйде бейбітшілік, жайлылық…
-

Қазақстан газдандыру деңгейін 80%-ға қалай жеткізуді жоспарлап отыр?
Қазақстан халқын газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу үшін Энергетика министрлігі магистральдық газ тасымалдау инфрақұрылымын, өңірлік желілерді және газ ресурстық базасын кешенді түрде дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Өңірлерді газбен қамтуды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін негізгі жобалар: – «Ишим – Астана». Жоба солтүстік өңірлерді газдандыру үшін стратегиялық маңызға ие. Оның іске асырылуы Астана,…
-

КӨКСУ АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАУДАН ӨТТІ
Шардара ауданының Көксу ауылындағы мәдениет үйі толық күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды. Жоба «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Мәдени даму алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мәдениет үйі қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, шығармашылықпен айналысуға арналған жаңа кеңістіктер жасақталды. Жаңартылған мәдениет үйінің жұмысымен танысуға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Алтынбекқызы Шыңғысбаева…
-

ҚҰРМЕТТІ АҒА-БУЫН ӨКІЛДЕРІ, АРДАҚТЫ АТАЛАР МЕН АЯУЛЫ ӘЖЕЛЕР!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқы қашанда үлкенін сыйлап, ақсақалын ардақтап, ақ жаулықты әжесін төрге шығарған. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген қанатты сөз халқымыздың өмірлік ұстанымын айшықтайды. Себебі сіздер – елдің береке-бірлігін бекемдеп, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп келе жатқан ардақты буынсыздар. Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен қажырлы еңбектеріңіз…
-

1 – қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз!
1 қазан -Халықаралық қарттар күніне орай М.Шәменов атындағы ауылдық округінің әкімі Есжанов Ғалымжан Сансызбайұлы ұжымымен әкімшілік саласында 31 жыл бас маман қызметін атқарып,осы саладан зейнеткерлікке шыққан Сұлтанғалиева Мейрамкүл апайды мерекемен құттықтап,арнайы сый сияпаттарын табыс етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-shamenov/press/news/details/1303456?lang=ru
-

ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге арналған тағылымы мол, мерекелік кеш өтті. Ізгілік пен мейірімге, үлкенге құрмет пен кішіге ізетке үндейтін тағылымды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында елдің бірлігі мен берекесін арттыруға, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға буынның орны ерекше екені атап өтілді. Шара барысында ақсаладарымыз батасын берді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1303457?lang=ru
-

Қарағанды облысында экологиялық акция өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы өңірдің қоғамдық кеңістіктерін көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Мемлекет басшысы қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аударып, бұл — Конституцияда көрсетілген аса маңызды міндет екенін атап өтті. Теміртау қаласында қала прокуратурасының бастамашылығымен, Теміртау қаласының әкімдігі және «Qarmet» АҚ қолдауымен жаңадан абаттандырылған «Жасыл Теміртау» алаңының…
-

Еңбек министрлігі мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге бақылауды күшейтеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цойдың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың, Денсаулық сақтау министрлігі мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, ұсынылатын бұйымдардың сапасын арттыру, өнім…
-

Ақтөбеде «Қобыланды батыр» эпосын ЮНЕСКО тізіміне енгізу мәселесі талқыланды
Ақтөбеде түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын зерттеуге арналған халықаралық ғылыми конференция өтіп, онда қазақтың батырлық эпосы «Қобыланды батыр» жырын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу мүмкіндіктері талқыланды. «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген белгілі ғалымдар қатысты. «Қобыланды…
-

Ырсай ауылы әкімінің халықпен есептік кездесуін өткізу туралы
Құрметті Ырсай ауылының тұрғындары! “Жітіқара ауданы Ырсай ауылы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 9 қыркүйек сағат 15:00-де Ырсай негізгі орта мектебінің ғимаратында Ырсай ауылының әкімі В.И. Кулаковтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1303443?lang=ru
-

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы: ШҚО-да 1 200-ден астам көлік тексерілді
«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы: ШҚО-да 1 200-ден астам көлік тексерілді Шығыс Қазақстан облысында 25 қыркүйекте мал ұрлығының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында «Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бес күн ішінде полиция қызметкерлері рейдтер жүргізіп, мал тасымалдайтын көліктерді, мал мен ет өнімдерін сатып алатын орындарды, шаруа қожалықтары мен мал жайылатын аумақтарды тексерді. Басты назар көліктерді, ет…
-

«Қариясы бар ел – қазыналы ел»
2026 жылдың 1 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Қарттар күніне орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі мен Мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік концерт өтті.Мерекелік шараның мақсаты – елдің құрметіне бөленген ардақты қарияларға ізет көрсетіп, олардың еңбегін бағалау, үлкенге деген құрметті дәріптеу және ақсақалдарымыз бен әжелерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.Шара барысында Ақсу-Аюлы…
-

📢 Құрметті Симферополь ауылдық округінің тұрғындары!
📢 Құрметті Симферополь ауылдық округінің тұрғындары! Зеренді ауданының әкімі Ә. Құрманғожин халықпен кездесу өткізеді📅 Күні: а.ж. 2 қазан🕒 Уақыты: 17:00📍 Өтетін орны: Бұлақ ауылы, ауылдық клуб Баршаңызды белсенді қатысып, өздеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1303446?lang=ru
-

Еңбек құқықтарын қорғаудағы жаңа құқықтық ұстанымдар
Конституциялық Соттың 2026 жылғы маусымда қабылдаған нормативтік қаулылары еңбек қатынастары саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді нақтылады Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты еңбек құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар маңызды құқықтық ұстанымдарын жариялады. Атап айтқанда, жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу, жұмысқа қайта орналасу кезінде сотқа жүгіну мерзімдері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа байланысты қолданылатын еңбек шектеулері қаралды.…
