Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Ауыл әкімінің есептік кездесуі
9 сәуір күні ауыл әкімі Е.Мамбетовтың Ералиев ауылыңың тұрғындарымен кезекті есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл әкімі халық алдында атқарылған жұмыстар жайлы есебін оқыды және округтің әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша алда тұрған жоспарлар мен міндетемелер туралы баяндады. Кездесу барысында тұрғындар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды,сонымен қатар ауылдың дамуы бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ақпарат көзі :…
-

Қарағандыда қылмыс жасаған күдікті жолаушы ұсталды
Қарағандыда қылмыс жасаған күдікті жолаушы ұсталды. Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде ұрлық оқиғасы орын алды. Белгілі бутиктердің бірінен қымбат ноутбук жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша 29 жастағы дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлерінің қырағылы мен үйлесімді іс-әрекеттері күдіктінің ізіне түсіп, оны теміржол вокзалында қолға түсіруге мүмкіндік берді. Анықталғандай, 24…
-

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.…
-

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғалар орындайды. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 94-бабының 11-тармағында белгіленген тәртіппен үшінші тұлға орындауы мүмкін. Кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 494-бабын…
-

🕊️ Қош болыңыз, ұлы тұлға…
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті… Ол – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, шындықты ту еткен, жүрекке жететін жырларымен халықтың жүрегінен орын алған дара тұлға еді. Ақынның сөзі – ұлттың үні болды. Оның шығармалары талай ұрпаққа рух беріп, елдік пен адамгершіліктің шамшырағына айналды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын! Отбасына және…
-

Қауіпсіздік – басты назарда
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Аса ауылы тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында құтқарушылар тұрғындарға ашық отты және электр құралдарын бақылауда ұстаудың маңыздылығын, аула мен су өтетін арықтарды тазалап ұстау қажеттігін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін еске салды. Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде сабыр сақтау, дүрбелеңге бой алдырмау…
-

ТЖД қызметкерлері біліктілігін арттырды
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында анықтаушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Оқу 2026 жылғы 15–16 сәуір күндері өтіп, қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Курстар барысында қатысушылар өрт орнын қарау, өртке қатысты істер бойынша анықтау жүргізудің ерекшеліктері, сондай-ақ материалдарды процестік рәсімдеу мәселелерін қамтитын негізгі сұрақтарды қарастырды. Практикалық сабақтарға ерекше назар аударылып, олардың аясында оқиға…
-

Түнгі қауіпсіздік күшейтілді: Ақтөбе жолдарында лазерлік бағдарлау кешені орнатылды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы қызметкерлері бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және түнгі уақытта жүргізушілердің назарын арттыру мақсатында лазерлік визуалды бағдарлау кешенін орнатты. Аталған кешен көріну деңгейі төмен учаскелерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және жүргізушілерге жол жағдайын дер кезінде бағамдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын…
-

Ескіру мерзімі жоқ қылмыс: Ақмола облысында 18 жыл бұрын орын алған кісі өлімі ісі ашылды
Ақмола облысында криминалдық полиция қызметкерлері 18 жыл бойы ашылмаған аса ауыр қылмыстың бетін ашты. 2008 жылы жасалған кісі өлтіру ісі осы уақыт ішінде “ашылмай қалған” деп аталатын санатқа кірді, бірақ ол бойынша жұмыс бір жылға да тоқтамады.Қылмыстық іс материалдары бойынша қайғылы оқиға 2008 жылдың мамыр айында Бурабай ауданы Златополье ауылында болған. Жәбірленуші жергілікті тұрғын болды.…
-

Ақтөбеде жас полицейлер мен ардагер тәлімгерлердің кездесуі өтті
Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонында саптық бөлім қызметкерлерінің ардагер тәлімгерлермен кездесуі өтті.Іс-шара жас қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызметтік тәжірибе алмасу және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Кездесу барысында ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің көпжылдық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, жас полицейлерге практикалық кеңестер берді. Әсіресе, заңдылықты сақтау, қызмет барысында кездесетін қиындықтарды еңсеру, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал…
-

Астанада бизнес пен азаматтарға арналған салықты басқару саласындағы өзгерістер талқыланды
Астана 2026 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» конференциясы өтті. Іс-шара ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті және Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының бірлесуімен ұйымдастырылды. Конференция жаңа тәсілдерді талқылау бойынша мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Қатысушыларға негізгі өзгерістер, олардың практикалық қолданылуы және салық органдарымен өзара іс-қимылды жеңілдететін…
-

Уәлиханов ауданында жергілікті жастармен ауқымды кездесу өтті
Іс-шараны аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл жолы басты назар қоғамдағы бейбітшілікті сақтау мен түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайтуға аударылды. Ұйымдастырушылар жастарды ел мен өңір өміріндегі өз рөлін ашық талқылау үшін бір алаңға жинады, деп жазады Qazaqstan Media. Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Салтанат Исина маңызды мәселелерге…
-

«Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі Жанерке Алмасқызының төрағалығымен «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы, қызметтік мінез-құлық стандарттарын ұстануы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушыларға…
-

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар өтті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс жоспары шеңберінде 2026 жылғы 20 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы М. Қалабаева және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Стратегиялық талдау бөлімінің бастығы Е.Берікбаевтың қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын…
-

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ҰЙЫДАСТЫРДЫ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жүк көлік жүргізушілері мен такси жүргізушілері бірігіп, ауқымды қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Олар кенттегі орталық мешітте 500 адамға арнап құдайы ас беріп, ел бірлігі мен қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Шараға Жетісай, Атакент, Асықата өңірлерінен және аудан орталығынан келген тұрғындар қатысты. Жиналған қауым құран бағыштап, ел тыныштығы мен амандығын тілеп,…
