Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Өскеменде «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі өтеді
15 мамыр күні сағат 10:30-да «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Іс-шараға өңірдің 140 жұмыс берушісі қатысады. Сіздерді: бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілермен сұхбаттасу; оқу орындары мен жұмыс берушілердің таныстырылымдары; шеберлік сабақтары мен VR-оқыту; грант алушылар көрмесі; концерттік бағдарлама күтеді. Жәрмеңке жұмысқа орналасуға, кәсіби дамуға және…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді. Кездесуде екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды baq-orda.kz. Мемлекет басшысы Түркияны Қазақстан үшін бауырлас әрі сенімді серіктес деп атап, екі ел арасындағы тарихи тамыры терең байланыстар халықтар достығын нығайтып отырғанын…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемін арттыруды ұсынды
Қазақстан мен Түркия басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды baq-orda.kz. Кездесу барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқаны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, өзара алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда Түркия нарығына 34 түрлі…
-

Білім бөлімінің басшысы тағайындалды
Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив отырысы өткізілді. Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов арнайы қатысып, аудандық білім бөлімінің жаңа басшысы Ахметжанов Жанболат Бекмағанбетұлын таныстырды. Жанболат Ахметжанов – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «География» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2, 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 қаулысына сәйкес 2026 жылғы 26 ақпан-27 наурыз аралығында Алматы облысының жұмыспен қамту және…
-

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары талқыланды.
2026 жылдың 13-ші мамыры облыстық әкімдікте «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Ерлан Әнуарбекұлы Абжатов және департамент қызметкерлері отырысқа қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыс кәсіпорындарында өндірістік жазатайым оқиғалардың өсуі. Жиын барысында өндірісте орын алған жазатайым оқиғалар санының арту себептері, еңбек қауіпсіздігі мен…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы аграрлық және логистикалық ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды
Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысында ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, энергетика және цифрландыру салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды baq-orda.kz. Кеңесте агроөнеркәсіп кешеніндегі ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Былтыр екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы 25 пайыздан асып, шамамен 360 миллион долларға жеткен. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге…
-

Журавлевка ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу
2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Журавлевка ауылдық округінің әкімі Татьяна Ивановна Гилгенберг Новодонецк, Ярославка, Журавлевка, Воробьовка, Айнакөл, Острогорка ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, түйткілді мәселелер талқыланып, қызықтыратын тақырыптар бойынша түсіндірмелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-zhuravlevka/press/news/details/1220182?lang=kk
-

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жылдан жылға күшейіп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz. Мемлекет басшысы 2023 жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан бастамасымен Газиантеп провинциясы аумағында Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылғанын айтты. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларында Маариф қоры мектептерін ашу жөнінде келісімге қол жеткізілгені белгілі болды.…
-

Зейнетақы жинақтары – қартайған шақтағы тұрақты табыстың негізі
Қартайған шақтағы адамдардың тұрақты табыс көзі болу үшін зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін қайта қарау тәсілдерімен комитет төрағасы таныстырды. Зейнетақы жинақтарының ең алдымен зейнетке шыққаннан кейін тұрақты табысты қамтамасыз етуге арналғаны атап өтілді, ал мемлекеттің міндеті – азаматтарға қартайған шақта қаржылық тұрақтылық пен лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігі айтылды. Сонымен…
-

Хабарландыру
Құрметті Боярка ауылының тұрғындары.2025 жылғы 9 маусымда ауылдық округ әкімінің Боярка ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy-altyndy/press/news/details/1220185?lang=kk
-

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанн «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанн Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады, деп хабарлайды baq-orda.kz. Мемлекет басшысы Түркия Президентін өз халқын өркендеу жолына бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі көрнекті көшбасшы ретінде ерекше құрметтейтінін айтты. – Өзіңіздің көреген бастамаларыңыздың арқасында Түркия тұрақты даму жолына түсіп, зор жетістіктерге жетті. Бүгінде…
-

Президенттің пікірінше, Түркістан туралы айтқанда күллі түркінің рухани темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи тұлғасына тоқталмау мүмкін емес
– Әзірет Сұлтан түркілік рух пен ислам өркениетін үйлестіре білді. Оның мәдени мұрасы Ұлы далада ғана емес, Анадолы жерінде де өшпес із қалдырды. Түркі әлеміне ортақ көптеген ғұламалар Әзірет Сұлтанның ізбасары саналады. Осы тұста әйгілі Юнус Эмрені ерекше атап өткеніміз жөн. Тұғырлы тұлғаның туындыларынан Ясауи ілімінің ықпалын анық көруге болады. Осындай үндестік қазақтың бас…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың басталғаны туралы хабарландыру
2026 жылғы 2 сәуір сағат 12:00-де төменгі мекен жайда: Қонаев қаласы, 1 ш/а, 43 үй (3 кабинет) «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша келесі телефондарға…
-

Ескелді ауылдық округінде Халықаралық мейірбикелер күніне орай құттықтау шарасы өтті
🏥👩🏻⚕️💐Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Халықаралық мейірбикелер күніне орай Ескелді ауылдық округінің әкімі ауылдық амбулаторияның мейірбикелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ақ халатты абзал жандардың адам денсаулығын сақтаудағы еңбегі ерекше аталып өтіп, олардың жауапты қызметіне алғыс білдірілді. Сонымен қатар, мейірбикелерге Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1220190?lang=kk
