Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде жылдағы дәстүрге айналған «Ақ жол, Ясауи түлегі – 2026» атты үздік және белсенді бітіруші түлектерге салтанатты диплом табыстау кеші өтті. Айтулы жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, халықаралық деңгейдегі ІТ және қаржы технологиялары саласының маманы, ICONIC компаниясының бас директоры Ясин Таха Джелилоғлу, ҚР Мемлекеттік қызмет істері…
-

Тау дайындығы орталығында журналистер экстремалды жағдайда әрекет етуге машықтанды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерге «Әскери дискурс – 2026» оқу-тәжірибелік семинарын ұйымдастырды.Бірнеше күн бойы журналистер редакциядағы қалыпты жұмысынан қол үзіп, әскери ортаға бейімделді. Олар Тау дайындығы орталығының казармасына орналастырылып, әскери тәртіппен өмір сүрді. Таң сәріден ерте оянған БАҚ өкілдері сапқа тұрып, күнделікті әскери өмірдің күн тәртібіне…
-

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасына сәйкес ауыл округтері мен халықаралық маңызы бар «Шымкент – Ташкент» бағытындағы автожол аумағында тазалық және шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан көлемінде тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары мен учаскелік полиция инспекторлары кәсіпкерлік нысандарының иелерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.…
-

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарында санитариялық талаптарды сақтау, аумақтарды абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы аудан аумағындағы сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету нысандарын аралап, кәсіпкерлерге санитариялық талаптарды сақтау, іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету,…
-

🏅 ӨЗ ІСІНЕ ДЕГЕН АДАЛДЫҚ, ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛҒАНДА
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Касымова әлеуметтік-еңбек саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл жоғары марапат оның кәсібилігінің, көпжылдық адал еңбегінің, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесінің лайықты бағасы болды. Әсем Сайранқызын лайықты…
-

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды, отандық және шетелдік ірі бизнесті, еліміздің жетекші заңгерлері мен экономистерін біріктірген тұрақты жұмыс істейтін беделді диалог алаңының іске қосылғанын білдіреді. Кеңес жұмысына Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы,…
-

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ XXI ҚЫТАЙ ТАУАРЛАРЫ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесі өз жұмысын бастады. Түркістан облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің жетекшілігімен аталған халықаралық көрмеге қатысып, өңірдің инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін таныстыруда. Делегация құрамында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары және аудан кәсіпкерлері бар. Көрменің ресми ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің…
-

Департаменттің басшысымен жүкті әйелдерге және балалы қызметкерлерге еңбек кепілдіктері мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді
Құқықтық сауаттылықты арттыру және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша депараменті» РММ-нің басшысы Е.С.Исмағуловпен, жүкті әйелдер мен балалы қызметкерлер үшін қарастырылған еңбек кепілдіктері мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. https://www.instagram.com/reel/DaAxlcXikIu/?igsh=MjZmN29ndno1eHA5 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1253002?lang=ru
-

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДАҒЫ ТҮЙТКІЛДЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты мәжіліс өтті. Жиынға тиісті басқарма басшыслары, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Мәжілісте облыс аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер жан-жақты талқыланды. Әсіресе, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда…
-

Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын. Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі – 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2…
-

Қарақұдық ауылында Ұлттық домбыра күніне арналған танымдық кездесу
Ұлттық домбыра күніне орай Қарақұдық ауылы мәдениет үйінің қызметкері Әлібек Ынтағали бүлдіршіндермен кездесу өткізді. Іс-шара барысында балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Әсіресе, халқымыздың қастерлі мұрасы — домбыраның мәні мен маңызы кеңінен насихатталды. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, мәдени мұрамызды дәріптеуге…
-

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты
Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың маусымынан бастап 2026 жылдың мамырына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің…
-

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарынинвестициялау есебін ұсынады
“БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы “Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару” бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі – ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі27630,11…
-

Жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жаңа Конституцияның күшіне енуі аясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мәжілістен кейін осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.«Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар мемлекеттік биліктің барлық тармағының қызметіне тың серпін береді. Мемлекеттік…
-

Еңбек заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылау
Мемлекеттік еңбек инспекторы қандай өкілеттіктерге ие? Жоспардан тыс тексеру қашан жүргізіледі? Тексеру кезінде жұмыс берушінің қандай құқықтары бар және инспектордың нұсқамасы қалай орындалады? «Сұрақ–жауап» айдарының жаңа шығарылымында еңбек саласындағы мемлекеттік бақылаудың негізгі мәселелерін қарапайым тілде түсіндіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1252994?lang=ru
