Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
«Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық жиын өтті
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек пен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы арнайы қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер негізге алынып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық…
-
«Жас сұнқар – 2025» Осакаров ауданы.
«Жас сұнқар – 2025»: Осакаров ауданында жастар көшбасшылары марапатталды Осакаров ауданында аудан әкімінің «Жас сұнқар – 2025» жастар сыйлығын табыстау конкурсының қорытындылары шығарылды. Биыл түрлі салада жетістікке жеткен 13 жас көшбасшы ақшалай сертификаттарға ие болды. «Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында Осакаров аудандық полиция бөлімінің криминалисі Әділ Әлімбаев жеңімпаз атанды. «Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі» болып Жұлдыз ауылдық…
-
Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай дана, Абай дара қазақта” тақырыбында семинар-тренинг өтті
Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Атырау облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен Департамент қызметкерлері арасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай дана, Абай дара қазақта” тақырыбында семинар-тренинг өтті.Семинар-тренингті Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының маманы А. Қ. Ығылова өткізді.Шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында классикалық қазақ әдебиетін…
-
Су сапасын мониторингтеу
Сумен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланудың және инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Вагон-сервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімі Қарағанды-жолаушылар станциясында перронды сумен жабдықтауынан микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулерге су сынамаларын алу жолымен санитариялық – эпидемиологиялық мониторингі жүргізілді.…
-
Алматыда Мектепке дейінгі білім берудің перспективалары талқыланды
Алматыда Мектепке дейінгі білім берудің перспективалары талқыланды 2025 жылғы 22 тамызында Алматы қаласы Алатау ауданының Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін жыл сайынғы «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тамыз конференциясы өтті. Құзыреттілік орталықтар мен Жобалық қызмет бойынша креативті экспозициялардан «Ұлттық құндылықтар. Біз мамандықтарды жақсы көреміз. Жасыл балабақша.…
-
Ел игілігі үшін атқарылған еңбекке құрмет көрсетілді
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Тағзым» алаңында күрделі вегетациялық кезеңде өңірлерден көмекке келген төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерімен кездесті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, ел ағасы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықбанұлы арнайы қатысты.Кездесуде аймақ басшысы өңірлерден арнайы келіп, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуге…
-
Көксу ауданында салвқ төлеушілер мен кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі таныстырылды
Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Ашық есік күнін» өткізіп, онда 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері кеңінен түсіндірілді.Шара барысында қатысушылар салық заңнамасындағы өзгерістермен танысып, мамандар ҚҚС, КТС және ЖТС бойынша енгізілетін жаңашылдықтарға ерекше тоқталды.Кездесу барысында сондай-ақ шағын және орта бизнеске қатысты салық салу тетіктері,…
-
Аудан әкімі Ақжар және Дауылкөл ауылдарындағы ауыл шаруашылық нысандарын аралады
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, егін алқаптарындағы жұмыстардың жай-күйімен танысу мақсатында аудан әкімі Жандос Еркінбек Ақжар және Дауылкөл ауылдық округтеріне іссапармен барып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар барысында аудан басшысы алдымен Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-нің №1 егіс алқабына барып, көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Аталған серіктестік бойынша жалпы 2 192 гектар жерге ауыл…
-
Бүгін, 2025 жылғы 25 тамызда Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылымдағы Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына “Қостанай қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) басшысы Мукатова Меиз Бериковна қатысты. Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен әкімдіктің дербес құрамындағы өзгерістер бекітілді, атап айтқанда, Гүлсара Ғаббасқызы Құрманғалиева шығарылып, Зинагүл Қабдешқызы Кенжегарина енгізілді. Алдын ала аталған мәселе комиссия отырысында қаралып, мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1056480?lang=kk
-
Алматы полициясы электровелосипедтерді тіркеудің маңыздылығын түсіндірді
Алматы полициясы электровелосипедтерді тіркеудің маңыздылығын түсіндірді. Соңғы жылдары Алматы қаласында электровелосипедтер саны айтарлықтай артты. Бұл көліктің танымалдығы оның қолжетімділігімен, экологиялық тазалығымен және қалалық жағдайда пайдалану ыңғайлылығымен түсіндіріледі. Дегенмен, кейбір тұрғындар электровелосипедтерді мопедтің баламасы ретінде қолданып, тіркеу талаптарын орындаудан жалтарып жүр. Қазіргі заманғы электровелосипедтердің көпшілігі сағатына 40–45 шақырым жылдамдықпен қозғалып, 400 ватттан жоғары қуатқа ие. Мұндай…
-
«Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясы өтті
«Өнер орталығында» «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, құқық қорғау органдарының басшылары мен білім саласының қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысты.Тамыз конференциясында аймағымыздың білім беру…
-
Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!
23 тамызда минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің басшысына Айгуль Амиргазиновна Куспекова 60 жасқа толды. Ақжал поселкасы Жарма ауданы Семей (қазіргі Абай) облысында дүниеге келді. 1985 жылы Семей геологиялық барлау техникумын, ал 1993 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орнын геология, іздестіру және барлау» мамандығы бойынша аяқтады.…
-
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС
2025 жылғы 25 тамызда Астрахан ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітовтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, аудандық атқарушы органдар мен мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025-2026 жылдардағы егін жинау науқанын өткізуге дайындық барысы, сондай-ақ аграрлық салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері болды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы…
-
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүргізілуде
Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары М.Әбдіқалықов, Ә.Мампаев, Ә.Әбләзім, М.Бисенова, А.Төлегенова, Е. Базарбай, Б. Төлеген өз округтеріндегі оқушыларға оқу құралдарын табыстады. Депутаттар тарапынан қайырымдылық шаралары өз жалғасын табатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1056482?lang=kk
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ЖАС ФУТБОЛШЫ «АТЛЕТИКО МАДРИД» АКАДЕМИЯСЫНА ШАҚЫРТУ АЛДЫ Ордабасы ауданының тумасы Нұрқанат Нұрмаханұлы футболдан Алматы облысындағы Талғар ауданында өткен іріктеуге қатысып, Испаниядан арнайы келген бапкерлердің көзіне түсіп, «Атлетико Мадрид» академиясына ресми шақырту алды. Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас футболшылар қатысты. Олардың арасынан дара шыққан Нұрқанат техникалық дайындығымен, жылдам шешім қабылдауымен және алаңдағы ойынымен…