Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СИНТЕТИКАЛЫҚ АММИАК ПЕН КАРБАМИД ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
25 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында елімізде жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыс басталып, агрохимия саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба қолға алынды. «Тұран химиялық компаниясы» ЖШС синтетикалық аммиак пен карбамид өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімін өткізді. Салтанатты іс-шараға Түркістан…
-

Алматыда 2030 жылға қарай қоғамдық көлікпен қатынау санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр
2030 жылға қарай Алматыда қоғамдық көлікпен тәулігіне қатынау санын 2,3 млн-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бастапқы көрсеткіштен шамамен 64%-ға жоғары. Аталған мақсатты көрсеткіштер қаланың Бас жоспарын түзету кезінде де сақталады. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ басшысы Асхат Сәдуов мәслихат депутаты Садир Хамраевтың Алматының көлік жүйесін дамыту жөніндегі сұрағына жауап беру барысында айтты. Асхат Сәдуовтың айтуынша,…
-

Мониторинг жұмыстары
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылында тұрғын үй аумақтарының санитарлық тазалығына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында аумақтардың тазалығын тиісті деңгейде сақтамаған тұрғын үй иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді. 🟢 Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер! Өздеріңізге тиесілі аумақтардың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. Таза ауыл – баршамызға ортақ жауапкершілік!…
-

Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
21–25 қыркүйек аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері бірлесіп, түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандарға мектептегі зайырлы этика қағидаттары мен бірыңғай мектеп формасының маңызын түсіндіру, білім мен ғылымның құндылығын насихаттау,…
-

БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ АҚБҰЛАҚ ЖАҒАЛАУЫНДА 130 ТҮП ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Елордалық Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студенттің қатысуымен 130 түп жасыл желек отырғызылды. Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаштар, ал 50-ге жуығы – бұталар. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады. Игі бастамаға белсенді қатысқан жастар қоршаған ортаны…
-

ОКРУГ ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бескөл ауылдық округінің әкімі Н. М. Бейсембаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1300129?lang=ru
-

Еңбек ұжымдарында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жалғасуда
2026 жылғы 28 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері «СҚО әкімінің аппараты»КММ Шаруашылық басқармасы КММ ұжымымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.Кездесу барысында ақпараттық топ өкілдері қойылған…
-

«Жас психолог»: өзін тану мен өзгелерді түсінуге бастар жол
Павлодар облысы Аққулы ауданында оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған жаңа бастама — «Жас психолог» клубы өз жұмысын бастады. Қазіргі мектеп — білім берумен қатар, баланың өзін танып, өз эмоциясын басқара білуіне, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуына және түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік беретін маңызды орта. Осы бағытта құрылған «Жас психолог»…
-

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ауылішілік автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары есебінен, ой- шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1300132?lang=ru
-

Парижде Қазақстанның көпполярлылық жағдайында орта держава ретіндегі рөлі талқыланды
Париж, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Францияның халықаралық және стратегиялық қатынастар институтында (IRIS) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қазақстан – көпполярлылықжағдайындағы еуразиялық орта держава» тақырыбында конференция өтті. Конференцияда Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) Орталық Азия тарихы профессоры Катрин Пужоль, Париж-Саклеуниверситетінің оқытушысы Адриен Фов және IRIS ғылыми қызметкері, «Энергетика және шикізат ресурстары» бағдарламасының…
-

Бүгін – Мұхтар Әуезовтің туған күні
«Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек». Бүгін – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күні. Әуезов – бір дәуірдің ғана емес, тұтас ұлт руханиятының биігі. Оның шығармаларында қазақтың мінезі, тарихы, тағдыры мен дүниетанымы тоғысып, кейінгі ұрпаққа…
-

2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
2026 жылға арналған Дәріханалық тиісті практика (GPP) стандартын енгізу жоспары аясында ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» МКК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген инспекциялық тексеруден сәтті өтіп, GPP стандарты талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1300135?lang=ru
-

825 мың тонна: Қазақстан авиаотын өндірісі бойынша жоспарды асыра орындамақ
825 мың тонна: Қазақстан авиаотын өндірісі бойынша жоспарды асыра орындамақ Биыл 750 мың тонна авиациялық отын өндіру жоспарланған еді. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша 591 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысында 825 мың тонна өнім өндіріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1300136?lang=ru
-

Павлодарлықтар республикалық әскери-спорттық ойында үздіктер қатарынан көрінді
Ақтөбе қаласында 22–24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан – 2026» республикалық әскери-спорттық ойынының финалы өтті. Елдің барлық 20 өңірінен келген командалар бақ сынаған жарыста қатысушылар дене дайындығы, төзімділік, мергендік, тәртіп және командалық бірлік бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады. Павлодар облысының намысын Успен, Тереңкөл, Аққулы, Май аудандарының, «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының, Ақсу…
-

Желіде жүгенсіздік танытқан Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир анықталды. Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Бердібай Нұрахмет көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Мусурманқұл Абзал және Мустафа Бақдәулет қатысқан. Сот шешімімен Бердібай Нұрахмет 10…
