Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстан Республикасы күнімен құттықтауы
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні – халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігін және жасампаздыққа деген ұмтылысын бейнелейтін маңызды мереке. Бұл күн бізге туған жеріміздің қадірін, оның болашағы үшін жауапкершілікті және еліміздің өркендеуі жолында бірлесе күш жұмсаудың маңызын еске салады. Бүгінде әрқайсымыз туған өлкеміздің дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Бірлік, еңбекқорлық…
-

АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеруге арналған салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, құзырлы орган басшылары, жастар мен аудан тұрғындары қатысты. Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру — жай ғана дәстүр емес, бұл — ата-бабамыздың сан ғасырлық азаттық жолындағы күресіне, бүгінгі егемендігіміз бен бейбіт өмірімізге деген шексіз құрметтің белгісі. Біздің басты міндетіміз — осы бірлігімізді сақтап, көк…
-

Барвиновка ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті
2025 жылғы 25 қазан күні Барвиновка ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбілік өткізілді.Сенбілікке белсенді түрде келесі ұжымдар қатысты:«Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылы әкімінің аппараты» ММ, Барвиновка ауылдық, Мәдениет үйі, Барвиновка ауылдық кітапханасы, Барвиновка ауылының медициналық пункті (ФАП). Сенбілік барысында орталық алаң, мекемелердің іргелес аумақтары тазартылып, қоқыс, түскен жапырақтар мен…
-

Ақтөбеде №37 мектеп күрделі жөндеуден кейін жаңарды
1993 жылы ашылған білім беру ұйымында шатыр толық ауыстырылып, қасбеті, едендері, төбелері мен терезе жақтаулары жаңартылды. Электр желілері толығымен ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп аумағы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төселді. Айтып өтейік, биыл өңірде реновация жобасы аясында сегіз мектеп жаңғыртылды. Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жаңартып, оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз әрі…
-

Қызылордада ат бәйгесі өтті
Қызылордада Республика күні және «Алтын күз – 2026» дәстүрлі мерекесі аясында «Сыр маржаны – 2026» ұлттық ат бәйгесі ұйымдастырылды. Бәйгені облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары тамашалады. Аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. «Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен, береке-бірлікті айшықтайтын дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Алтын күзде…
-

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды. Облыс басшысы алдымен Қаратөбе ауданының 100 жылдығына орай өткізілген 100 көшет акциясына қатысып, “Жасанды интеллект” жылына орай мәдениет үйінде ұйымдастырылған білім беру саласы қызметкерлерінің тың жобаларынан жасақталғанкөрмемен танысты. Сонан соң аудан тұрғындарымен кездесіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесуде аудан әкімі…
-

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті
Алматыдағы Абай алаңында Республика күніне арналған ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтті. Іс-шараны қала әкімдігі ұйымдастырды. Мерекелік бағдарламаға елімізге танымал өнерпаздар, дәстүрлі өнер өкілдері мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Көрермендерге Қазақстанға, оның тарихы мен тәуелсіздігіне арналған патриоттық әндер мен музыкалық шығармалар ұсынылды. Сахнада Талғат Күзембаев, Turar, Bayansulu, «Алашұлы», «Ұлытау» және «Арқайым» топтары, Ескендір Ибрагим, Алма Аманжолова,…
-

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша отырыс өтті.
Нұраталды ауылдық округінің әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилақтикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1317669?lang=ru
-

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ
Республика күніне орай Түркістан қаласында бесінші рет Turkistan Marathon халықаралық жүгіру жарысы өтті. Әлемнің 26 елінен 3 мыңнан астам қатысушы жиналды. Ауқымды спорттық шараны «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Марафонның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Облыс әкімінің орынбасары халықаралық жарыстың бұқаралық спортты…
-

Ақтөбеде №37 мектеп күрделі жөндеуден кейін жаңарды
1993 жылы ашылған білім беру ұйымында шатыр толық ауыстырылып, қасбеті, едендері, төбелері мен терезе жақтаулары жаңартылды. Электр желілері толығымен ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп аумағы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төселді. Айтып өтейік, биыл өңірде реновация жобасы аясында сегіз мектеп жаңғыртылды. Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жаңартып, оқушылар мен педагогтерге қауіпсіз…
-

Сандықтау ауданы әкімінің әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері! Сіздерді Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз ерекше сезімталдықты, сабырлылықты және үлкен жүрек жылуын талап етеді. Күн сайын сіздер адамдарға көмек көрсетіп, отбасыларға қолдау білдіріп, аға буын өкілдеріне және өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қамқорлық танытып келесіздер. Әлеуметтік саланы дамытуға және аудан…
-

«Жасыл даму» АҚ Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді дамытуға 122 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34 жобаны қаржыландыруға кәдеге жарату төлемдері есебінен 122,6 млрд теңге бөлді. Жобалар жаңа қайта өңдеу өндірістерін салуды, сұрыптау кешендерін құруды және арнайы техника сатып алуды көздейді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Инвестициялық штаб жалпы қаржыландыру көлемі 440…
-

ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жібек жолы елді мекенінде жалпы алаңы 0,14 гектар жер учаскесінде воркаут және балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы жанынан Жібек жолы ауылдық округінің кәсіпкері Ж.Абдибаевтың демеушілігімен жалпы аумағы 0,14 гектар жер учаскесі толық қоршалып, волейбол және баскетбол алаңдары салынды. Аумақ пен автотұрақ асфальтталып, ішкі жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар,…
-

Энергомин есепке алу аспаптарын өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалады
Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Алматы қаласындағы «Сайман», «Миртек», «NERO GROUP» және «Goldcard Smart Group Kazakhstan» кәсіпорындарына барып, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру және Digital Qazaqstan стратегиясының міндеттері аясында олардың өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Сапар барысында вице-министр кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын, электр және жылу энергиясын, газды есепке алу аспаптарын өндіру технологияларын, сондай-ақ өндірісті оқшаулау…
-

Республика күніне орай мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай Рәміздер алаңында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мерекелік жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтап:…
