Автор: Алатау Ахмет-Султан

  • Алматы облысының Нарынқол ауылында заманауи емхана мен ветеринариялық зертхана ашылды

    Алматы облысының Нарынқол ауылында заманауи емхана мен ветеринариялық зертхана ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күніне орай Алматы облысының Райымбек ауданында қос бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді. Алдымен Нарынқол ауылында бір ауысымда 250 адамға көмек көрсете алатын емхана халық игілігіне берілді. Сондай-ақ жылына 680 мыңға дейін талдау жүргізілетін ветеринариялық зертхана жұмысын бастады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Медициналық нысанның жалпы аумағы – 6 650 шаршы метр.…

  • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті

    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күні қарсаңында еліміздің барлық өңіріндегі кітапханаларда кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер мен зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Іс-шаралар ел тарихын танытуға және егемендік пен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Тұғыры биік – Қазақстан» кітап көрмесі ашылып, осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Көрме 15-30 қазан аралығында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында…

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қымбатты отандастар! Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды.…

  • «Білім шамы» аудармалар кітабы жарық көрді

    «Білім шамы» аудармалар кітабы жарық көрді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жуырда Иранда «Білім шамы» атты парсы классикалық поэзиясынан топтама өлеңдердің парсы тілінен қазақшаға тікелей аудармалар жинағы жарық көрді. Кітапқа Рудаки, Сағди, Хафиз, Омар Хайям, Фердоуси, Незами, Мөулана, Баба Тахер, Насер Хұсроу, Әттар Нишапури, Әбдірахман Жәми және т.б.ақындардың туындылары және олардың қазақша аудармалары кірген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1317567?lang=en

  • Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы басталды

    Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы басталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    26 қазанда Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының ашылу рәсімі мен бірінші кезеңі өтті. Байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырды. Республикалық байқау Әміре Қашаубаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеуге, дәстүрлі ән өнерін дамытуға және жас орындаушыларды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ Біржан сал, Ақан сері, Естай, Мұхит…

  • Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Қазақстан өңірлерінің Иранның оңтүстік өңірлерімен байланыстарын дамыту перспективалары туралы

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Қазақстан өңірлерінің Иранның оңтүстік өңірлерімен байланыстарын дамыту перспективалары туралы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Қазақстан өңірлерінің Иранның оңтүстік өңірлерімен байланыстарын дамыту перспективалары туралы            25 қазан – Қазақстанның Республика күні, ұлттық мереке. Биыл Қазақстан тәуелсіздік алғанына 35 жыл толып отыр.          Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы екі елдің өзара құрметке, ұлттық мүдделерді ескеруге және сауда-экономикалық байланыстарды…

  • Қазақстанның 35 жылдық даму жолы: жетістіктер мен болашақ бағдар

    Қазақстанның 35 жылдық даму жолы: жетістіктер мен болашақ бағдар

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанның 35 жылдық даму жолы: жетістіктер мен болашақ бағдар            Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 35 жыл толады. Осы тарихи кезеңде еліміз дербес мемлекеттілігін нығайтып, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналды, экономикалық әлеуетін арттырып, саяси, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңғыру жолынан өтті. Бүгінде Қазақстанның алдында қол жеткізілген жетістіктерді бекемдеп, халықтың әл-ауқатын арттыру және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру…

  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысы NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады, сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды. Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз…

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі…

  • СҚО полицейлері батылдығы мен кәсібилігі үшін ІІМ-де марапатталды

    СҚО полицейлері батылдығы мен кәсібилігі үшін ІІМ-де марапатталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының күніне орай Ішкі істер министрлігінде өткен салтанатты жиында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Ерлігі үшін» медалімен СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин марапатталды. Ол өңірлік полиция ведомствосындағы тәжірибелі басшылардың бірі. Мемлекеттік награда офицерге 2026 жылғы 11 тамызда көрсеткен ерлігі үшін берілді. Сол күні өз өміріне қауіп төнгеніне…

  • Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды

    Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Шымкент қаласында өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR 2026) қатысты. KGIR 2026 аясында ҚР Премьер-министрінің қатысуымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Aktobe Steklo» ЖШС арасында Ақтөбе қаласында шыны ыдыс өндіретін зауыт салу және іске қосу жөніндегі Инвестициялар туралы…

  • Петропавлда полицейлер өрттен мас күйдегі саяжай иесін құтқарды

    Петропавлда полицейлер өрттен мас күйдегі саяжай иесін құтқарды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    24 қазанда сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Қуаныш Сүлейменов пен оның орынбасары Жомарт Тасбаев «Солнечный» кентінде патрульдік экипаждардың жұмысын тексеріп жүрген. Қала орталығына қарай қайтып келе жатқанда, Новопавловка маңындағы саяжайлардың бірінде өрт шыққанын байқаған. Полицейлер жедел басқару орталығына хабар беріп, өрт сөндіру қызметін шақырды да, оқиға орнына бет алды.…

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – еліміздің егемендікке бастаған тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін маңызды мереке. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – халқымыздың азаттық жолындағы асыл мұратының жүзеге асқанын айғақтайды. Бүгінде рухани астана Түркістан жаңарып, өркендеп, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып…

  • ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күніне орай Түркістан қаласында бесінші рет Turkistan Marathon халықаралық жүгіру жарысы өтті. Әлемнің 26 елінен 3 мыңнан астам қатысушы жиналды. Ауқымды спорттық шараны «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Марафонның сөресі мен мәресі Karavan Saray кешенінің маңында орналасқан. Қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылы бойымен әуежай бағытына қарай жүгіріп, белгіленген маршрут…

  • ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Түркістан қаласында Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, жастар, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Көк байрағымыз көкке көтеріліп, елдіктің еңселі нышанына деген құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, мерекенің мазмұны мен маңызын айшықтай түсті. Жиынға…