Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
Мемлекет басшысы NVIDIA басшысы сапарының екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, оның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық ретінде атады, сондай-ақ биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын еске салды. Мемлекет басшысы NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды. Оның айтуынша, халқымыз…
-

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі…
-

СҚО полицейлері батылдығы мен кәсібилігі үшін ІІМ-де марапатталды
Қазақстан Республикасының күніне орай Ішкі істер министрлігінде өткен салтанатты жиында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Ерлігі үшін» медалімен СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин марапатталды. Ол өңірлік полиция ведомствосындағы тәжірибелі басшылардың бірі. Мемлекеттік награда офицерге 2026 жылғы 11 тамызда көрсеткен ерлігі үшін берілді. Сол күні өз өміріне қауіп төнгеніне…
-

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Шымкент қаласында өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR 2026) қатысты. KGIR 2026 аясында ҚР Премьер-министрінің қатысуымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Aktobe Steklo» ЖШС арасында Ақтөбе қаласында шыны ыдыс өндіретін зауыт салу және іске қосу жөніндегі Инвестициялар туралы…
-

Петропавлда полицейлер өрттен мас күйдегі саяжай иесін құтқарды
24 қазанда сағат 22:30 шамасында Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Қуаныш Сүлейменов пен оның орынбасары Жомарт Тасбаев «Солнечный» кентінде патрульдік экипаждардың жұмысын тексеріп жүрген. Қала орталығына қарай қайтып келе жатқанда, Новопавловка маңындағы саяжайлардың бірінде өрт шыққанын байқаған. Полицейлер жедел басқару орталығына хабар беріп, өрт сөндіру қызметін шақырды да, оқиға орнына бет алды.…
-

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Республика күні – еліміздің егемендікке бастаған тарихи қадамын айшықтайтын, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін маңызды мереке. 1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация – халқымыздың азаттық жолындағы асыл мұратының жүзеге асқанын айғақтайды. Бүгінде рухани астана Түркістан жаңарып, өркендеп, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып…
-

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ
Республика күніне орай Түркістан қаласында бесінші рет Turkistan Marathon халықаралық жүгіру жарысы өтті. Әлемнің 26 елінен 3 мыңнан астам қатысушы жиналды. Ауқымды спорттық шараны «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр. Марафонның сөресі мен мәресі Karavan Saray кешенінің маңында орналасқан. Қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылы бойымен әуежай бағытына қарай жүгіріп, белгіленген маршрут…
-

ТҮРКІСТАНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласында Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, жастар, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Көк байрағымыз көкке көтеріліп, елдіктің еңселі нышанына деген құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, мерекенің мазмұны мен маңызын айшықтай түсті. Жиынға…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. №4А бағытының жол жүру сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі. Жөндеу мерзімі: 26.10.2026 жылғы 8:00-ден бастап 02.11.2026 жылғы 8:00 ге дейін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1317561?lang=kk
-

«Торпедо» хоккейшілері Қазақстан чемпионатында екінші орын алды
Шығыс Қазақстанның «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» командасын 4:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Хоккейшілер Михаил Рахманов, Саян Данияр, Диас Гусейнов және Данил Бутенко команданың еншісіне бір-бір шайбадан қосты. Қазіргі уақытта «Торпедоның» еншісінде 38 ұпай бар. Команда Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде екінші орында келеді. «Торпедо» хоккей клубының ойыншыларын және жаттықтырушылар құрамын…
-

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының 301-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Жетісу облысы Көксу ауданының Көксу станциясында «Ауыл құтқарушылары» өрт бекетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бағдарлама аясында республика бойынша ашылған 301-ші өрт сөндіру бекеті. Салтанатты шараға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбеков, Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов, елді мекендердің тұрғындары және гарнизонның жеке құрамы қатысты.…
-

Ақтөбеде асық атудан «Respublica» республикалық турнирі өтті
25 қазанда Республика күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында асық атудан дәстүрлі «Respublica» республикалық ашық турнирі өтті. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздің 19 өңірінен іріктеліп шыққан 38 үздік спортшы қатысты. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, халқымыздың мәдени мұрасын сақтау және асық ату спортының дамуына ықпал ету. Салтанатты ашылу…
-

Ақтөбеде тәулігіне 150 тоннаға дейін макулатура өңдейтін зауыт салынып жатыр
Ақтөбе қаласының индустриялық аймағында қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, қағаз бен картон өндіретін жаңа зауыттың құрылысы жалғасуда. «CAPITAL PLAST KZ» ЖШС жүзеге асырып жатқан кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін тәулігіне 150 тоннаға дейін макулатура өңдеп, жылына 42 мың тонна дайын өнім шығара алады. Өндірісті 2028 жылы іске қосу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру өңірде қайталама шикізатты…
-

Жетісу облысы: Сарыөзектегі апатты үйлер мәселесі жүйелі түрде шешілуде
Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы өзекті проблемалардың бірі апатты үйлер мәселесі бойынша жүйелі шаралар қабылданып, баспана мәселесі шешімін табуда. Облыс құрылғаннан бері апатты үйлердің тұрғындарына аудан орталығы Сарыөзек ауылында 120 жаңа пәтер берілсе, тағы бір 60 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуға жақын, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап өтсек, Сарыөзектегі Рысқұлов, әл-Фараби көшелерінің бойындағы…
-

Исхар Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Астана қаласында «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Грек-рим күресінен -55 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Исхар Құрбаев үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз қола медаль үшін белдесуде Үндістан өкілі Лалит Лалитпен күш сынасып, жеңіске жетті. 23 жастағы қос палуан биыл жазда Мажарстан астанасындағы рейтингтік…
