Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Екатеринбург Қазақстанды Республика күнімен құттықтауда
Екатеринбург, 2026 жылғы 24 қазан – Республика күніне орай Екатеринбург-Ситидің зәулім ғимараттары Қазақстан туының түсіне бөленді. Ресейлік тарап өз құттықтауында «Республика күні – бұл Қазақстанның дамуын және оның тарихи жолының сабақтастығын бейнелейтін маңызды күн. Мереке қазақ халқының ұлттық тамырына: бай көшпелі мәдениетке, қонақжайлық дәстүрге және бүгінгі күнге дейін қоғамның маңызды тірегі және адамдар арасындағы сенімді…
-

Софияда Қазақстанның Республика күніне орай концерт пен салтанатты қабылдау өтті
София, 2026 жылғы 23 қазан – Республика күні қарсаңында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 35–жылдығы аясында Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі Софияның Орталық әскери клубында мерекелік концерт пен салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Қонақтар алдында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Forte Trio» Мемлекеттік триосы өнер көрсетті. Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде еліміздің тәуелсіздік тарихындағы басты…
-

Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 250 тоннадан астам өнім ұсынылды
Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға жалпы көлемі 250 тоннадан асатын 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Тауарлардың бағасы нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен болды. Жәрмеңкеге облыс әкімі Марат Ахметжанов барды. Жәрмеңкеге Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау және Шортанды аудандары, сондай-ақ Степногорск пен Қосшы қалалары…
-

Республика күні: Астанада «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр
Астанада Республика күніне орай басталған «Менің Қазақстаным» ауқымды челленджі өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған бастама елорда тұрғындарын бір бағытта тоғыстырды. Оған мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар, белсенді жастар мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қатысушылар челленджге қосылып, ұлттық мерекеге арналған бейнероликтерін жариялап жатыр.Астаналықтар жазбаларында қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап,…
-

Жетісу облысы: Республика күніне орай шекаралық Панфилов ауданында тағы бір ауылға газ берілді
Жетісу өңірінде газдандыру жұмыстары қарқын алып, ауыл тұрғындарына заманауи мүмкіндіктер жасалуда. Республика күні қарсаңында шекаралық Панфилов ауданының тағы бір ауылына табиғи газ берілді. Жалпы, аудандағы 40 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады, бұл жалпы елді мекендер санының 65%-ы. Өткен жылы да ауқымды жұмыстар атқарылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Газ қосылғанының арқасында ауылдағы…
-

ІІМ-де Республика күні атап өтілді
Ішкі істер министрлігінде 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Өмір жолдарын мемлекет мүддесі мен халық игілігі үшін қызмет етуге арнаған ардагерлер мен тәртіп сақшыларын министр Ержан Саденов мерекемен құттықтады. – Cіздер тәулік бойы адалдық, кәсібилік және батылдық танытып, қойылған міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.…
-

Қазақстанда “Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов” атындағы ІІМ ведомстволық медалі тағайындалды
Ел жадында мәңгі сақталатын ерлік… Полиция капитаны Ғазиз Байтасов бейбіт тұрғындарды қорғау жолында өз өмірін құрбан етіп, айрықша батылдықтың, жанқиярлықтың және қызметтік борышына адалдықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып, Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын бейнесіне айналды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің “Халық қаһарманы…
-

Қазақстан мен Израиль қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ә.Қуантыровтың Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Й. Быстрицкий. ЕО қараша айында Израильде өтетін Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы қарсаңында Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Тараптар Климаттық саясат, биоәртүрлілікті сақтау, орман экожүйелерін қалпына келтіру, жердің тозуына…
-

BIM технологияларын міндетті қолдану, ашық стандарттар және жасанды интеллект: Алматыда II buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2026 конференциясы өтті
Алматыда ашық стандарттар openBIM және құрылыс саласын цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған II buildingSMART Kazakhstan Conference & Awards 2026 конференциясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жобалау және құрылыс компанияларының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы…
-

ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
Алматыда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы Жанат Құрманов, сондай-ақ қаржы секторының сарапшылары Болат Жәмішев пен Елена Бахмутова қатысты. Кездесуде болашақ зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын…
-

Алматыда адам өмірін сақтап жүрген мамандар марапатталды
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған күнделікті еңбегі үшін медицина қызметкерлерінің еңбегін атап өтті. Қаладағы медициналық ұйымдардың 100-ден астам қызметкері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан марапаттар мен грамоталарға ие болды. Олардың қатарында «Еңбек ардагері» медалі, «Санжар Асфендияров»…
-

Елордада Республика күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті
Астанада 24 қазан «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Республика күніне арналған экологиялық акциялар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияларға коммуналдық қызмет мамандары, ПИК және МИБ өкілдері, кәсіпкерлер, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараларға барлығы 7 мыңнан астам адам қатысып, 240-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды. Елорданы көгалдандыру аясында 370-ке жуық ағаш отырғызылды. Олардың қатарында алма…
-

МАҚТААРАЛДА «ЖОЛ ЖИЕГІ – ЕЛ КЕЛБЕТІ» АТТЫ ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
25 қазан – Республика күніне орай Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жол жиегі – Ел келбеті» атты жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағындағы автомобиль жолдарының бойын таза ұстау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Мерекеге орай Мақтаарал ауданының кіреберісінде тазалық жұмыстарына қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау…
-

«Әдебиет әлеміндегі түнгі керуен»: Астанада оқырмандармен жазушылармен кездесті
Астанадағы М. Әуезов атындағы кітапханада «Кітапхана түні – 2026» мәдени іс-шарасы өтті. Кітапты, шығармашылық пен рухани құндылықтарды тоғыстырған «Әдебиет әлеміндегі түнгі керуен» атты кеш «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандар белсенділігін арттыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты ояту және өскелең…
-

Ақтөбеде жаңа мәдениет үйі ашылады
Ақтөбенің Жаңақоныс кентінде орналасқан жаңа мәдениет үйі ертең, ұлттық мереке Республика күнінде халық игілігіне беріледі. Өңір басшысы Асхат Шахаров ғимараттың дайындығын көрді. Мәдени нысанда 150 орындық концерт залы, 7 қызметкерге арналған әкімшілік бөлмелер, кітапхана және оқу залы бар. Облыс әкімі кітапхана қызметкерлерімен әңгімелесті. Ол Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында тұрғындардың кітап оқуға…
