Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурстық комиссиясының шешімі
17.06.2026 жыл Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурстық комиссиясының шешімі Жезқазған қаласы әкімінің аппараты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізді. Конкурстық комиссиясының шешімімен: «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ дін істері бойынша сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3, 1 бірлік – Мейрамқали Мейіржан Айдосұлы кандидатурасы ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1242944?lang=ru
-

Солтүстік Қазақстан облысында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті еліміздегі дарынды жастардың білім алып, шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасап келеді. Мәдениет пен өнер саласында сапалы білім алуға жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясат аясында жаңа оқу жылынан бастап университеттің Солтүстік Қазақстан облысында өкілдігі ашылады. Бұл бастама өңірдегі дарынды жастарды қолдауға, олардың…
-

15-Халықаралық отбасы күні
Отбасы — әрбір адам баласы үшін ең қасиетті, ең жылы мекен. Отан отбасынан басталады. Осы айтулы мерекеге орай Жылысай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ана-сыйластық пен сабырдың символы » атты сурет және фотокөрмесі өткізілді. Көрмеге қатысушы мекеме қызметкерлері өз туындылары арқылы шаңырақтың шаттығын, ата-анаға деген ыстық ықыласы мен отбасылық құндылықтарды шебер жеткізе білді. Өнерлі қызметкерлерімізге шығармашылық…
-

Бейбіт Исабаев Алакөл жағалауын бекіту жұмыстарының қарқынын үдетуді тапсырды
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл көлінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. Жағалаудың шайылуын болдырмау мақсатында қолға алынған бұл жоба жағаның 14 шақырымға жуық аумағын қамтиды. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары келесі жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Бейбіт Исабаев арнайы мамандармен бірге…
-

«СҰРАҚ–ЖАУАП» АЙДАРЫ Мүгедектігі бар адамдарды ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН өтеусіз пайдалану
Неліктен Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН өтеусіз пайдалану және қайтару шарты негізінде қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылуда? Бұл пилот қазіргі жүйедегі қандай мәселелерді шешуге бағытталған? Пилоттық жоба техникалық оңалту құралдарының қолжетімділігін арттыруға, күту мерзімін қысқартуға және жүйеде бар ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Тәжірибеде пайдаланушының қажеттілігі өзгергенде, құрал ауыстырылғанда немесе өзге…
-

«Әкенің сөзі- тәрби көзі» атты кездесу
«Әкенің сөзі – тәрбие көзі» атты кездесу Шарын ауылдық округінің мәжіліс залында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту болды. Кездесуге ауыл ақсақалдары, ардақты әкелер, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар мен тұрғындар қатысты. Басқосу барысында қатысушылар әкенің отбасыдағы орны, бала…
-

Суға түсуге болмайды
Құрметті тұрғындар және ата аналар! ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.09.2003 жылғы №488 бұйрығына және Әйтеке би аудан әкімінің 09.04.2026 жылғы қаулысына сәйкес Ақтөбе облыстық ТЖБ басшысының орынбасары жүргізген №5 жағажайды зерттеу актісінің қорытындысына сәйкес ауыл маңында шомылуға болмайтынын хабарлаймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-zhambyl/press/news/details/1242934?lang=ru
-

2026 жылдың 17 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады.
2026 жылдың 17 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Р. Ә. Аңбаев азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғын үй беру, ауылдың әлеуметтік мәселесі, абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері көтерілді. Барлық айтылған өтініштер бойынша аудан әкімі қолданыстағы заңнама шеңберінде аудан әкімінің орынбасарларына, сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына, Новоишим, Новосел…
-

Қоршаған ортаны таза ұста!
15–17 маусым аралығында Бірлік ауылдық округінде, Старобелка ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында балалар ойын алаңының аумағында, ескерткіш маңында және Школьная көшесі бойында шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Бірлік ауылында Арасан көшесінде, орталық алаң аумағында және ФАП маңында шөп шабу және бұталарды санитарлық түрде кесу жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, орталық алаңның асфальт жабыны сыпырылып тазартылды.…
-

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Катонқарағай – Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия шекаралары түйісетін, мәңгілік мұздықтармен көмкерілген Мұзтау баурайында асқақ таулар, алып самырсындар, тулап аққан өзендер, мөлдір көлдер мен алқызыл гүлге толы шырынды альпілік шалғындар тоғысқан ғажайып мекен. Ұлттық парк 2001 жылдың 17 шілдесінде құрылған. Алтай-Саян таулы жүйесіне кіреді. Бұл өңір Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) тарапынан жаһандық…
-

Республикалық IT Quest квесті іске қосылады
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда технологиялар, ЖИ мен стартаптарға арналған республикалық IT Quest интерактивті онлайн-квесті басталады. Қатысушылар қызықты тапсырмалар топтамасынан өтіп, цифрлық әлем бойынша білімдерін сынап, Astana Hub мобильді қосымшасында бағалы сыйлықтар үшін бақ сынайтын болады. IT Quest білім беру мен ойын форматын біріктіреді. Қатысушыларды технологиялар, жасанды интеллект, стартаптар және Astana Hub экожүйесі…
-

Өзіңді қорға!
Бирлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары халық арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара аясында тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу, интернет-алаяқтықтың жолын кесу, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы ақпараттық брошюралар таратылды. Аталған жұмыстың негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, кең таралған құқықбұзушылық түрлері туралы ақпараттандыру және күнделікті өмірде әрі су жағасында демалу кезінде қауіпсіз…
-

Құрық ауылының әкімі Сыдиық Есенкелдіұлы есеп берді
17 маусым күні Қарақия ауданының орталығы-Құрық ауылында жергілікті тұрғындардың қатысуымен маңызды есеп беру жиыны өтті. Жиында Құрық ауылының әкімі Сыдиық Есенкелдіұлы 2026 жылдың алғашқы бес айында атқарылған әлеуметтік-экономикалық жұмыстардың қорытындысын жария етіп, елді мекенді дамытудың алдағы кезеңге арналған нақты жоспарларымен бөлісті. Өз баяндамасында ауыл басшысы инфрақұрылымды жаңғырту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс сапасын…
-

Үкіметте тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері қаралды
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығының қатысуымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесу барысында құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде бақылауды күшейту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңес Мемлекет басшысының құрылыс…
-

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Ертіс орманы» МОТР РММ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы №75 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік орман мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Резерват Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің ормандар мен жануарлар…
