Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде
Шу ауданындағы «Данисия» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «Данисия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру барысында жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтауына, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына, еңбек шарттарының дұрыс рәсімделуіне, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуына назар…
-

Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды
Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Аграрлық кәсіпорындармен жалпы сомасы 865 млн теңгеге 16 ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қойылған. Келісімдер аясында қарастырылған қаражат мектептер мен ауылдық мәдениет үйлерін жөндеуге және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, қоғамдық орындарды абаттандыруға, жолдарды жөндеуге, балалар және…
-

Хабарландыру
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha/press/news/details/1306501?lang=ru
-

Таза топырақ – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықтың маңызды бөлігі
Топырақ қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығымен тікелей байланысты. Топырақтың химиялық заттармен, қалдықтармен және ауру тудыратын микроорганизмдермен ластануы адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Қазақстанда топырақтың санитариялық жай-күйі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде бақыланады. Жыл сайын Комитеттің аумақтық департаменттері 7 мыңнан астам топырақ сынамасын алып, зерттейді. Сынамалар химиялық ластаушы заттар мен ауыр металдарға, санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштерге,…
-

Лайықты марапат
Алтай ауданы мәслихатының аппаратының бас маманы Шагиева Гүльфайра Сейткановна «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.Гүльфайра Сейткановна мәслихатта 2010 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін білікті, жауапты әрі өз ісіне адал маман ретінде таныта білді. Жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асады.Еңбек жолы барысында ол мәслихат аппаратының қызметіне елеулі үлес қосып, алға…
-

Соңғы 7 жылдың ішінде қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,3 трлн теңге бағытталды
Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу жүйесін жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және халық үшін емнің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 2019-2025 жылдар аралығында тегін…
-

ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ
Жапонияның Аичи–Нагоя өңірінде 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Құрлықтың басты спорт додасында Қазақстан ұлттық құрамасы 84 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама сапындағы спортшылар 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль иеленді. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары да ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық…
-

Хабарландыру
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha/press/news/details/1306506?lang=ru
-

Бозайғыр ауылдық округінде кезекті есептік кездесу өтті
Бозайғыр ауылдық округінде тұрғындармен кезекті есептік кездесу өтті. Кездесу барысында ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ, аудан әкімі Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға, негізгі көрсеткіштерге және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен…
-

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістанда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ұстаз еңбегінің маңызын атап өтіп, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мен мәртебесін көтеру – білім саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді. Салтанатты жиында білім беру саласына…
-

Ұстаз – ұлттың ұлы құндылығы!
Ауданда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың ұлы құндылығы» атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаз – жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, өмірлік бағыт-бағдар беретін маңызды тұлға. Мемлекет басшысының білім саласына айрықша мән беруі – ұстаз мәртебесін көтеру мен педагог еңбегін бағалаудың маңыздылығын айқындай түседі. Салтанатты жиында ауданның…
-

Атбасар ауданы әкімінің Мұғалімдер күнімен құттықтауы
Құрметті Атбасар ауданының білім беру саласының қызметкерлері және педагогикалық еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз ауданымыздың және еліміздің болашағы көп жағдайда байланысты болатын жандарды құрметтейміз. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелеріне орай педагогтерді құттықтай отырып, мұғалімнің айрықша рөлін атап өтті. Президент: «Мұғалім – әр адамның өміріндегі негізгі…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауы мен тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жоспары толығымен орындалып, қысқа мерзімді экономикалық өсім 121,9%-ды құрады. Осылайша, Түркістан облысы республика бойынша 1 орынға тұрақтады. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында…
-

Азаматтарды жеке қабылдау
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы және департамент басшысының орынбасары Маканов Арман Мұратбекұлы азаматтарды күнделікті жеке қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындардың зейнетақы тағайындау, мүгедектікті рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қорғау саласына қатысты басқа да мәселелері қаралады. Азаматтарға қолданыстағы заңнама…
-

КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі…
