Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Бүгін – Мұғалімдер күні.
Бұл мереке бастапқыда жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін. 2023 жылы ел Үкіметі аталған мерекенің нақты күнін бекітті. 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған байланысты Қазақстанда да кәсіби мерекені осы күнге бекіту туралы шешім қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1305201?lang=ru
-

«ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ
Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында Ұстаздар күніне орай «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараның негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбегіне алғыс білдіру және мұғалім мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау. Іс-шара барысында лицей-интернат ұстаздарына арналған жүрекжарды тілектер айтылып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ән, би және шығармашылық…
-

Астанада жазғы маусымның жабылуына орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді
Астанада 10 қазан күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жазғы жүгіру маусымының жабылуына арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Спорттық іс-шара «Триатлон паркінде» өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты еңсереді. Жарысқа 16 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Қатысушылар саны 1800 адаммен шектеледі. Жүгіру сағат 09:00-де басталады. Іс-шараға қатысу үшін тіркеу 8…
-

Адам өмірін құтқару жолында: диспетчер Айдана Ілиясова
Құтқарушылар күні қарсаңында өзгелерге көмек көрсетуді мамандық қана емес, өмірлік ісіне айналдырған жандар туралы әңгімелейміз. Бүгін Астана қаласының Жоспарлау және жедел басқару орталығының Өрт сөндіру қызметімен байланыс жөніндегі орталық байланыс пунктінің диспетчері Айдана Ілиясова туралы баяндаймыз. Айдана Айдынқызы 1991 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. 2019 жылдан бері елорданың азаматтық қорғау гарнизонында…
-

Үздік оқырман 2026
Бірлік ауылында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы мен “Кітап оқитын ұлт”жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы ұйымдастырған “Үздік оқырман-2026” байқауының бірінші кезеңі көрнекті қаламгер Оралхан Бөкейдің “Ұйқым келмейді”атты кітабы бойынша өткізілді. Шараның мақсаты- оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,көркем әдебиетті насихаттау, шығарманы терең түсініп,өз…
-

Президент: «Көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады»
Сонымен қатар Мемлекет басшысы еңбекқор, білімге құштар, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды. – Біз балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеруге, оларды шынайы өмірде де, виртуалды кеңістікте де қорғауға міндеттіміз. Ең бастысы – өскелең ұрпаққа аса қажетті дүниемен, атап айтқанда, жарқын келешекпен, нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, оларға есейгенде мақсат-мұратына жетуге ынталандыратындай жағдай жасау. Еңбексіз ешқандай табыс та,…
-

АЗИАДА АЯҚТАЛАР ТҰСТА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
АЗИАДА АЯҚТАЛАР ТҰСТА ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ Азия ойындарында ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары күрес пен дзюдодан жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер күресінен 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нилуфар Раимова қола жүлдеге ие болды. Үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз Шри-Ланка спортшысын 13:1 есебімен жеңді. Ал дзюдодан аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы күміс медальді…
-

Ұстаздар күнімен!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық және шығармашылық жетістіктер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1305194?lang=ru
-

Ұстаз- ұлы есім
Ұстаз – ұлы есім 5 қазан – Дүниежүзілік мұғалімдер күні. Бұл – білім мен тәрбиені қатар алып, жас ұрпақтың болашағына жол көрсетіп жүрген ұстаздарға құрмет білдіретін айтулы күн. Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыратын қадірлі маман. Ұстаз еңбегі – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына қосылған…
-

Алматы ауданында жаңа мурал салынды
Елорданың Алматы ауданында орналасқан қоғамдық кеңістік көркейіп, жаңарып жатыр. Ғ. Мүсірепов көшесі, 2-үйдің қасбетіне «Түс» атты мурал салынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Ауқымды арт-туынды қалыптасқан қалалық кеңістікке жаңа тыныс беріп, оған өзіндік атмосфера мен ерекшелік дарытты. Арт-нысан ғимараттың сәулеттік келбетін толықтырып, көшенің көркін аша түсті. Мурал қазірдің өзінде аудан тұрғындары мен қонақтарының назарын…
-

Өткен аптада өңірлерде бірқатар нысандар ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіп әлеуетін арттыру, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Өнеркәсіп Алматы облысының Боралдай ауылында алкогольсіз сусындар…
-

ТЖМ жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу жұмыстарын күшейтуде
Күннің суытуымен жеке сектор тұрғындары пешпен жылыту жүйелерін, электр жылытқыштарын және басқа да жылыту құрылғыларын белсенді пайдалана бастайды. Дәл осы кезеңде тұрғын үйлерде өрт шығу қаупі артады. Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жылыту жүйелерінің жарамдылығын алдын ала тексеруге шақырады. Республика бойынша тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін…
-

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ АҚБОТА НАМАЗ – ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!
Қазығұрт ауданының тумасы Ақбота Намаз тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанып, Қазақстанның мерейін үстем етті. Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 14 елінен жиналған үздік спортшылар қатысқан дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ақбота Намаз классикалық тоғызқұмалақ бәсекесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бұл – спортшының…
-

Жаңа Конституция
📜 Конституция – Тәуелсіздігіміздің тұғыры Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең басты заңы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының берік кепілі.Конституциямыз әрбір азаматтың заң алдында теңдігін, бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін маңызды құжат болып табылады.Ата Заңымызды құрметтеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Еліміздің өркендеуі мен жарқын болашағы үшін Конституция қағидаларын…
-

2026 жылдың ІІІ-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызмттер туралы ақпарат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1305184?lang=ru
