Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

7 мамыр – Отан қорғаушы күні
Бүгін елімізде Отан қорғаушы күні атап өтіледі. Бұл мереке – батырлық пен елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметкерлердің қажырлы еңбегі – өскелең ұрпақ үшін нағыз патриотизмнің үлгісі. Отанға адал қызмет ету – үлкен абырой мен жауапкершілік. Мемлекетіміздің іргесін бекемдеуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға амандық, қажымас қайрат,…
-

Ақмола облысы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды
Ақмола облысы әкімдігінің отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері және 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық қорытындылары қаралды. Іс-шараға өңір басшысы Марат Ахметжанов, салалық басқармалар жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақованың айтуынша, өңір Мемлекет басшысының экономиканың 6%-дық өсіміне қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындады. Жалпы өңірлік өнімнің…
-

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен
Құрметті ер азаматтар!Ардақты Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қоғам мен отбасының тірегі болып жүрген барлық ер азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Отанға адал қызмет ету, елге қамқор болу, отбасы амандығын сақтау – әр азаматтың абыройлы міндеті. Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы…
-

Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Ботакөз Балапаевна Дүйсенова тағайындалды. Ботакөз Дүйсенова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Зеренді ауданының Ақан орта мектебінде тәрбиеші болып бастаған. 1994–1998 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі пәнінің…
-

ҚЫЗЫЛОРДАДА 240 ПӘТЕРЛІК 6 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен сол жағалаудағы 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты. «Президент өз Жолдауында: «Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру»…
-

Орталық Азия елдері жазғы маусымның басына суармалы су беру кестелерін бекітті
Ташкент – Өзбекстан астанасында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика салалары басшыларының келіссөздері аяқталды. Кездесудің басты қорытындысы үшжақты хаттамаға қол қою болды. Құжатта алдағы екі айға арналған Тоқтоғұл су қоймасынан су жіберудің келісілген көлемдері мен режимдері бекітілді. Қазақстан делегациясын келіссөздерде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бастап барды. Әріптес елдер…
-

Қазақстанда 173-ші «Ауыл құтқарушылары» пункті ашылды
Абай облысы Аягөз ауданының Ақши ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Аталған бастама шалғай ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйесін жетілдіруге бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жамбыл Жабаев, Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек…
-

Марат Сұлтанғазиев жас жауынгерлермен жүздесті
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Отан қорғаушылар күні қарсаңында Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды. Онда орта білім алумен қатар, әскери мамандықтың қыр-сырын меңгеріп жатқан жасөспірімдердің бірнеше ротасы сап түзеп, рет-ретімен қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде рухты жауынгерлік әндерді шырқаған күйі шерулетіп өтті. Сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс әдістері мен жаттығу түрлерін көрсетті, – деп хабарлайды Алматы облысы…
-

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КӨРКЕЙТУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және абаттандыру жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажеттігі қатаң ескертілді. Сонымен қатар, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді. Алдымен аудан басшысы Қазығұрт ауданымен…
-

САРЫАҒАШ: «ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ» — ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Сарыағаш ауданында игі дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында тағылымы терең кезекті қайырымдылық іс-шара өтті. Жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар Ұлы Отан соғысының 103 жастағы ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Іс-шара барысында жастар ардагердің үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласын ретке келтіруге көмектесті. Сонымен қатар, «Сұңқар мед» клиникасының білікті…
-

Ерлан Ақкенженов Ресейдің энергетика блогының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді
Мәскеуде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен және РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевпен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде мұнай-газ саласы мен электр энергетикасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды талқылады. Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және энергетика саласындағы өзара…
-

САРЫАҒАШ: МӘДЕНИЕТ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшілдік ауылдық округіндегі Мәдениет елді мекенінде бой көтеріп жатқан 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бақылауында. Аудан басшысы нысан басында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын пысықтады. Тексеру барысында Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, жауапты сала мамандарына барлық жұмыстарды…
-

САРЫАҒАШ: ТӨРТ ЕЛДІ МЕКЕНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дархан, Бостандық, Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде салынып жатқан медициналық нысандардың құрылыс барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударуды тапсырды. Ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін заманауи талаптарға сай нысандар салудың маңыздылығын атап өтті. – Бүгінде аудан аумағында ауқымды құрылыс жұмыстары…
-

Қарулы күштердің әскери қызметшілері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды
Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Қарулы күштердің басшылығы, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, ардагерлер, мерзімді қызмет сарбаздары және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. Жеке құрамды мемлекеттік мерекемен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов құттықтады. – Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында бұл күн…
-

САРЫАҒАШ: ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданы аумағындағы жайылымдық жерлерде шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Аталған шаралардың орындалу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев танысып, Ақжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алды. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Өңірде қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету…
