Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

В преддверии Дня пожилых людей
1 қазан – Қарттар күні қарсаңында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов ауданымыздың ардақты азаматтары Куделюк Владимир Ивановичті және Сыздықов Сейфулла Қажығалиұлын мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі. Сондай-ақ аудандық мәслихаттан зейнетке шыққан ардагерлерге арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында аға буын өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесі, мол өмірлік тәжірибесі…
-

Сыбайлас жемқорлық схемасының жолын кесу туралы
2026 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдіктелуде. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін…
-

Қарағанды театры «Ертіс-Баян» фестивалінің Гран-приін иеленді
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Павлодарда өткен ІІ республикалық «Ертіс-Баян» театр фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленді. Бас жүлде ұжымға режиссер Александр Недомолкиннің сахналауындағы «Ромео мен Джульетта» саунд-драмасы үшін берілді. Биылғы фестиваль белгілі режиссер Ерсайын Тапеновтың 80 жылдығына арналды. Өнер додасына Қазақстанның әр өңірінен келген театр ұжымдары қатысты. Алты күн бойы Павлодар сахнасында…
-

Таза қала — ортақ міндет, ортақ жауапкершілік!
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қала аумағында жалпы тазалық жұмыстары жүргізіледі. 📅 2 қазан⏰ 15:00📍 Қала аумағы Қаламыздың көркін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстау — баршамызға ортақ іс.Тазалыққа үлес қосып, қаламызды бірге көркейтейік! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1303489?lang=ru
-

АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ-ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов мәслихат аппаратының ардагері Атабек Абдулғалымұлына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Айтулы күн Атабек Абдулғалымұлы үшін ерекше мәнге ие. Себебі Қарттар күнімен қатар, бүгін ардагердің туған күні де аталып өтуде. Семей қаласы мәслихатының депутаттық корпусы атынан Атабек Абдулғалымұлына құттықтау адресі мен естелік сыйлық…
-

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Қарттар күніне арналған жазбасы
Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай, еңбек ардагері Идош Мұсақұлұлы ағамыз бен тыл ардагері Надежда Николаевнаның шаңырағына барып, мерекемен құттықтап шықтым. Қос қарияның тілеуі – елдің амандығы. Өңіріміздің өсіп-өркендеуіне үлесін әлі де қосып жүрген ағаларымыз бен ақ жаулықты апаларымызды да құттықтауды қалыс қалдырмадым. Мерекелік шарада бас қосып, олармен емен-жарқын әңгімелесіп, өткенді еске алып, бүгінгі күннің тынысын…
-

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
1 қазан – Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата – аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын…
-

ҚАРТЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жаңақорған ауданында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге бағытталған тағылымды шаралар ұйымдастырылуда. Аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған қарт азаматтарға рухани-танымдық саяхат ұйымдастырылып, олар Түркістан облысындағы Арыстанбаб кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Сапар барысында қариялар тарихи-мәдени орындарды аралап,…
-

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Кеше 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Ақирек ауылдық округіне қарасты Ақбай ауылдық клубында ауыл қарттарына арналған «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында ауылдың ардақты қарияларына құрмет көрсетіліп, клуб өнерпаздары әсем әндерімен көңіл-күй сыйлады. Ауыл әкімі Қ. Аманжолов ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарға жүрекжарды тілегін білдіріп, зор денсаулық,…
-

Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасында Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Маңызды өзгерістердің бірі – «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комиссияның дербес құрамы жаңартылды. Оның құрамында Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Гүлназ Атамқұлова мен Әсел Хайырова, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Ғабиден Жақсылықов, Руслан…
-

Тұрақты комиссия отырысы өтті
Бүгін А.Бақиевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар ісі және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Р.Ғұмар, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Жарасов және мансап орталығының басшысы А.Уразалиев 2026 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы есеп…
-

ЖАҢАҚОРҒАНДА МАҚТА ӨСІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бүгін жергілікті «Zhanakorgan Cotton» ЖШС мен қытайлық инвестор «Xinghentai Agro-Cotton» ЖШС бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырған «Мақта өсіру және оны тереңдетіп өңдеу» инвестициялық жобасының іске асырылу мәселелерін талқыладық. Жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба ауданның ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға, өндірістік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Жоба шеңберінде 2027–2028 жылдары тамшылатып…
-

«Астана Балет» театрында заманауи хореография кеші өтті
«Астана Балет» театрында «Love Fear Loss», «Жолдан тайған періштелер» және «Bolero X» атты үш қойылым сахналанған заманауи хореография кеші өтті. Кеш бразилиялық хореограф Рикардо Амарантенің «Love Fear Loss» балетімен басталды. Қойылымға әйгілі француз әншісі Эдит Пиафтың тағдыры мен шығармашылығы арқау болған. Спектакль махаббат пен қорқыныш, айырылысу мен жан күйзелісін би арқылы жеткізеді. Қойылымда Эдит Пиаф…
-

Cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауы
2026 жылғы 5 қазанда сағат 16.00-де Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, №16/4 мекенжайы бойынша «Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу жоспарлануда. Қосымша ақпарат пен сұрақтар болған жағдайда 8 (747) 5840707 нөміріне қоңырау шалыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-mob/press/news/details/1303481?lang=ru
-

Қазақстан Халық Кеңесі: ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің жаңа кезеңі
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында жаңа конституциялық органның негізгі міндеттерін айқындады. Президент қоғамдық келісімді нығайту, өңірлердің мүддесін қорғау, азаматтық бастамаларды қолдау және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселелеріне басымдық берді. Қазақстан Халық Кеңесі халықтың үнін естуге, қоғамдық ұсыныстарды қолдауға және ел дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналмақ.…
