Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді
Отандық әзірлемелерді коммерцияландыру: Астанада кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау үшін медициналық бұйымдар өндіретін зауыт пайдалануға берілді 2026 жылғы мамырда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қорының пластикалық медициналық бұйымдар өндіретін зауыты іске қосылды. Өнім шығару тамыз айына жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижесі. UMC қорының…
-

Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды
Астанада көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды. Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді. «Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ президенті Константин Ли жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы…
-

Президент тапсырмасы аясында қайта өңдеу саласын дамыту: Астанада заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылады
Астанада «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында сүт өңдеу зауытын іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Кәсіпорын елордалық нарық үшін сүт, айран, қаймақ, йогурт және басқа да сүт өнімдерін өндіруге бағытталған. Жоба Үкімет пен елорда әкімдігінің Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу қуаттарын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін көбейту жөніндегі кешенді…
-

Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды. Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында…
-

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. – Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ…
-

Жаңа тағайындау
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 1 маусымдағы №3…
-

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен өзекті мәселелердің орындалу барысы сараланды.Жиынның күн тәртібіне сәйкес аудандық экономика және қаржы бөлімінің орынбасары Нұржан Омаров баяндама жасап, салық түсімдерін арттыру, бағаланбаған мүліктерді есепке алу және бюджет кірістерін ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, кіріс…
-

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙСЫЗДЫҚ ТУҒЫЗҒАН КӨШЕЛЕР БІР АЙ ІШІНДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУІ ТИІС
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Ортақ тұрғын алабындағы кәріз желілерін салу жобасы аясында қала аумағындағы бірқатар көшелерді аралап, құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында қала басшысы Сауран секторындағы М.Төлебаев көшесінде жүргізіліп жатқан сарқынды су жүйесінің құрылысын және жол жабындыларын қалпына келтіру жұмыстарын көрді. Сондай-ақ, К.Сарыбай көшесінде мердігер мекеме – «Қызмет»…
-

«Astana Ютария» зауыты
Astana Ютария зауыты шамамен он жыл бұрын іске қосылып, содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 250-ден астам адам еңбек етеді және мұнда әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы киімдер тігіледі. Өндіріс барысы жайлы Astana TV телеарнасының «Қолтаңба» бағдарламасынан біле аласыз. #Қазақстандажасалған #Индустриялықпарк #Астана https://www.instagram.com/p/DZX3U9mg4pt/?hl=ru Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1238652?lang=ru
-

САРЫАҒАШ: ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН БОЙ КӨТЕРУДЕ
Сарыағаш ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау және медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағытта аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе және Көктерек ауылдық округтерінде бой көтеріп жатқан медициналық нысандардың құрылыс барысын қадағалады. Аудан басшысы нысандардың сапалы әрі уақытылы салынуының маңыздылығын атап өтіп, мердігер ұйымдарға жұмысты жеделдету және құрылыс сапасына ерекше…
-

САРЫАҒАШ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сарыағаш ауданында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек, Қызылжар және Жартытөбе ауылдық округтерінде кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге жоспарланған…
-

БҰРЫН БЕРІЛГЕН КУӘЛІКТЕР ЖАРАМДЫ!
Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қатысты «полигон куәліктерін міндетті түрде ауыстыру» және «зардап шеккендердің жаңа деректер базасы қалыптастырылып жатыр» деген ақпараттардың таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізілген жоқ. Бұрын берілген үлгідегі полигон куәліктері жарамды болып…
-

Әуезов ауданында «Заң мен әділдік» іс-шарасы өтті
Бүгін Әуезов ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Заң мен әділдік» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік осал топтарға құқықтық көмекті қолжетімді ету және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Іс-шара барысында аудан тұрғындарына Әуезов ауданы мен Алматы қаласының прокуратура және полиция қызметкерлері, адвокаттар мен…
-

Әуезов ауданында кәсіпкерлерге тіл заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті
Бүгін Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Asia Park» ойын-сауық орталығында шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық-түсіндіру жиыны өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сәйкес рәсімдеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ кәсіпкерлерге әдістемелік қолдау көрсету. Кездесуге…
-

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ХУБЭЙ ГУБЕРНАТОРЫМЕН ӨҢІРАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бауырлас өңір саналатын Хубэй провинциясы губернаторы Ли Дяньсюньмен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі өңір арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Хубэй провинциясының губернаторы Ли Дяньсюнь өңірлер арасындағы әріптестікті одан…
