Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Ауыл Аманаты бағдарламасы бойынша жобаларға микрокредит беру
Жеке тұлғалар мен ЖК үшін:Мерзімі: 5-7 жылға дейінКредиттеу сомасы: 2500 АЕК дейінСтавка: тікелей қарыз алушылар үшін-2,5%Нысаналы мақсаты: ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жобаларға микрокредит беру арқылы мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын пайдаланудың тиімділігін арттыру Кооперативтер үшін:Мерзімі: 5-7 жылға дейінНесиелеу сомасы: 8000 АЕК дейінСтавка: тікелей қарыз алушылар үшін-2,5%Нысаналы мақсаты: ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жобаларға…
-

Қазақстанда 298-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында шамамен 1000 тұрғыны бар үш шалғай елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру бекеті жұмысын бастады. Биыл бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жаңғыртудан өтті. Аудан үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлы, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов, құтқарушылар мен ауыл тұрғындары қатысты. Жедел әрекет ету үшін бөлімшеге…
-

ШҚО полициясы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты
ШҚО полициясы Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты Өскемен қаласында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Облыс әкімдігі ұйымдастырған шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, әскери қызметкер мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Болат Нұрсейітов пен департаменттің жеке құрамы қатысты. Әскери оркестрдің…
-

Республика күні қарсаңында – игі бастама
https://www.instagram.com/reel/De4RZqvO6ml/?dlrf=MXZ5aWhwbDdydWdh Ұлттық мереке қарсаңында аудан орталығында қоршаған ортаны көркейту және жасыл желек көлемін арттыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Игі бастамаға мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, туған өлкенің гүлденуіне өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, тал көшеттері Тыңгерлер саябағына, аудандық мешіттің жанына және Ә.Молдағұлова атындағы саябаққа отырғызылды. Жалпы саны 105 түп тал егілді. Туған жерді…
-

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі
Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес алуы – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау, заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің басты бағыты Мемлекет басшысы айқындаған…
-

Қауіпсіз шаңырақ: отбасыңызды «көрінбейтін жаудан» қалай қорғауға болады?
Жылыту маусымының басталуына байланысты Шарбақты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға маңызды ескерту жасайды. Пештер мен қазандықтарды уақытылы дайындау — бұл жай ғана формалдылық емес, сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтаудың басты кепілі.Жылыту маусымындағы басты қауіп — иіс газы (улы газ / CO). Халық арасында оны тегіннен-тегін «көрінбейтін жау» деп атамайды: оның түсі де, иісі де жоқ,…
-

Павлодар облысында жасөспірімдерге қатысты профилактикалық рейдтер жалғасуда
Павлодар облысында полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында күнделікті рейдтер жүргізіп келеді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 2 670 дерегін анықтады. Осыған байланысты заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар…
-

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАНЫ АЛУШЫНЫҢ РАСТАУЫ: ЖАҢА ТЕТІК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) алушылардың растауы бойынша жаңа тетік қолданысқа енгізілді. Қандай құжаттарды растау қажет? Түзетілген ЭШФ; Қосымша ЭШФ; Бұрын жазып берілген ЭШФ-ны кері қайтарып алу. ЭШФ-ны кімдер растауы тиіс? ҚҚС төлеушілер құжатты растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғалар…
-

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтап, бұл айтулы күннің бүкіл халық үшін ерекше мән-мағынасы мен қастерлі сипатын атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/De3jJOOREFk/?rpxt=MTAyNWo3cG9kdXpmcQ== Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтап, бұл айтулы күннің бүкіл халық үшін ерекше мән-мағынасы мен қастерлі сипатын атап өтті. Мемлекет басшысы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияның тарихи маңыздылығына тоқталып, бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрінің қайта жаңғыруы деп бағалады. Сондай-ақ, Президент биылғы ұлттық мерекенің ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында…
-

Құрметті айыртаулықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке халқымыздың тарихи таңдауын, егемендіктің құндылығы мен бірлігіміздің маңызын білдіреді. Ол еліміздің бүгіні мен болашағы, қол жеткізген жетістіктерімізді сақтау және одан әрі дамыту жолындағы ортақ жауапкершілігімізді еске салады. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренадағы өз орнын нығайтып, экономикасын дамытып, Әділетті Қазақстан құру бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Осы…
-

KGIR аясында шетелдік инвесторлармен екіжақты кездесулер өтті
2026 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі IX қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR) аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Аргентина, Непал, Норвегия, Түркия және Франция компанияларының өкілдерімен бес екіжақты кездесу өткізді. Кездесулерге «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов қатысты. Түркияның Şekerlisoy Holding холдингінің негізін қалаушы әрі бас директоры Онур…
-

Қызметте де, елімізді жасыл әрі қауіпсіз етуге деген ұмтылыстада біз біргеміз
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары «Менің Қазақстаным» патриоттық челленджі аясында Қазақстан Республикасы күніне орай ағаш көшеттерін отырғызды. Өрт сөндірушілер мен құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері отырғызған қылқан жапырақты жас көшеттер қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Ертіс жағалауындағы аллеяның көркін арттырып, оның ажырамас бөлігіне айналады. Ведомство өкілдері атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа қамқорлық жасау –…
-

Петропавлда мас күйде электрвелосипед басқарған ер адам 20 тәулікке қамалды
Петропавлда мас күйде электрвелосипед басқарған ер адам 20 тәулікке қамалды. Кешкі уақытта Петропавл қаласындағы Воровской көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері электрвелосипедті мас күйде басқарған 37 жастағы Ақмола облысының тұрғынын тоқтатты. Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Медициналық куәландыру оның алкогольдік мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар оның көлік құралдарын басқару…
-

Қолдау әрдайым жақын: аудан тұрғындарына әлеуметтік қызметтер көрсету ❤️
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қандай көмек көрсетіледі? Наурызбай ауданы әкімінің аппаратында үйде әлеуметтік қызмет көрсететін екі бөлімше жұмыс істейді. Бүгінде ауданда 60 балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Бірінші бөлімше – мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға көмек көрсетеді. Екінші бөлімше – жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға…
-

Шымкенттік полицей Түркістан марафонында жүлдегер атанды
Түркістан қаласында өткен “TURKISTAN MARATHON – 2026” халықаралық марафонында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Махаббат Тоқтас жүлделі орынға ие болды. Әлемнің 20-дан астам елінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық желаяқ жиналған спорттық додаға Шымкент полициясының 13 қызметкері қатысты. Олар 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады. Нәтижесінде 42 шақырымдық марафонды сәтті еңсерген Махаббат…
