Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Иранның Сыртқы істер министрлігінің Бендер-Аббастағы өкілі мен Хормозган провинциясы губернаторының орынбасарымен кездесу
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бендер-Аббастағы консулдығының басшысы Д.Дүйсебай ИИР Сыртқы істер министрлігінің осы қаладағы өкілдігінің басшысы М.Сүлейманимен және Хормозган провинциясы губернаторының халықаралық істер жөніндегі орынбасары М.Нәзәримен кездесу өткізді. Кездесу барысында консулдық және Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1301416?lang=en
-

ШҚО-да жолдарды қардан тазалау үшін 800 көлік дайын
Шығыс Қазақстан облысында қыс мезгілінде автокөлік жолдары мен елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау үшін 800 техникадан тұратын парк жасақталды. Техника өңірдің әр қаласы мен ауданына жергілікті климаттық ерекшеліктерді ескере отырып бөлінген. Бүгін аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы және салынып жатқан нысандардағы қозғалысты ашу мерзімдері қаралды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетумен…
-

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Отырыста қала тұрғындарының өміріне тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ қаладағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселелері талқыланды. Күн…
-

«ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
Түркістанда қасиетті шаһардың, өңірдің тарихы мен мәдениетін, рухани мұрасы мен тарихи-танымдық құндылықтарын кеңінен танытатын «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде Түркістанның қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталып, жаңа кітаптың тарихи жадымызды жаңғыртудағы маңызын атап өтті. Астана қаласындағы «Ғылым»…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. №4А бағытының жол жүру сызбасына уақытша өзгеріс енгізіледі. Жөндеу мерзімі: 30.09.2026 жылғы 8:00-ден бастап 05.10.2026 жылғы 8:00 ге дейін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1301421?lang=kk
-

ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков жүргізді. Жиында аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.…
-

ШҚО-да 10 адамға «облыстың Құрметті азаматы» атағы берілді
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясында белгілі болды. Жиынға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы – аймақтың дамуына еңбегі сіңген азаматтарға берілетін жоғары марапат. Биыл бұл атаққа өндіріс, кәсіпкерлік, мемлекеттік және қоғамдық қызмет, мәдениет, спорт, қайырымдылық…
-

Диана Ерлан Алматы балалар омбудсмені қызметінен кетті
Диана Ерлан Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметін аяқтады. «Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі ретіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым», – деп жазды Диана Ерлан. Бірлескен жұмыс үшін әріптестеріне алғыс айтты. Ол бұл міндетті қоғамдық негізде атқарып, қала балаларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға сүбелі үлес қосты. Оның қызмет еткен кезеңінде мектеп…
-

Балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа тәртібі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отбасылардың әл-ауқатын нақты әрі әділ бағалау үшін Отбасының цифрлық картасы аясында жаңа балдық жүйені енгізуді ұсынуда.Негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар:• Мұқтаждық қағидаты: Бала тууына байланысты, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша және көпбалалы аналарға төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауда атаулылық пен мұқтаждық критерийлерін қолдану тәсілдері қарастырылуда.• Балдық бағалау жүйесі:…
-

Қазақстан БҰҰ алаңында балалар құқықтарын қорғау бойынша есебін ұсынды
2026 жылғы 15–16 қыркүйекте Женева қаласында (Швейцария) БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясы өтті. Жиын аясында Қазақстан делегациясы Бала құқықтары туралы конвенцияның орындалуы бойынша біріктірілген 5 және 6-шы мерзімді баяндамасын ресми түрде таныстырды.Баяндамада елімізде балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытында атқарылған басты реформалар мен оң нәтижелер баяндалды: Зомбылық пен буллингке қарсы заңнамалық реформалар: Балалардың…
-

Ұлттық мектеп лига жарысы
2026 жылдын 29 қыркүйек күні білім бөлімінің жоспары боынша 2026-2027 оқу жылының «Ұлттық мектеп лига» футболдан 5-6,7-8,9-11 сынып оқушыларының, аудандық ақтық кезеңі Нұра кентінің «Нұра» стадионында ұлдар арасында әр аймақтың жеңімпаз командасы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында жүлделі орын алғандар: 1-орын М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 2-орын А.Құнанбаев атындағы ЖББМ 3-орын…
-

Түркістан облысында шаруаларды су үнемдеуге үйрететін «Су мамандары мектебі» құрылады
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан облысында шаруаларға арналған өңірлік оқу орталығы – «Су мамандары мектебін» құру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба Еуразиялық даму банкінің «Қазақстанда тұрақты суару жүйесін дамытуға арналған бизнес-экожүйені дамыту» гранттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында оқу бөлмелерін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыту барысында су…
-

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық газды дұрыс пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Газ инспекциясы мен «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өкілдері «Қуаныш» сауда орталығында газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, қаладағы 1 532 кәсіпкерлік нысанның 1 445-іне профилактикалық аралау жүргізілді. Нәтижесінде 84 нысанда кемшілік…
-

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысы қаралды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов ауыл шаруашылығындағы қазіргі жағдай туралы, экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров алдағы кезеңге арналған ауа райы болжамы туралы, диқандарды қолжетімді отынмен қамтамасыз ету бойынша энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, ал көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов көлік инфрақұрылымының дайындығы туралы…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫН ЦИФРЛАНДЫРУ: AITU БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
✅Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және құжат айналымы үдерістерін тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге Zoom платформасы арқылы онлайн форматта AITU бағдарламасын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ✅Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары барысында AITU бағдарламасының мүмкіндіктеріне, оны қызметтік жұмыста пайдалану тәртібіне және құжаттармен жұмыс істеудің цифрлық тәсілдеріне, жасанды инттелектпен байлынысына тоқталды.…
