Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖУСАНҒА АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПРЕПАРАТТЫ СЫНАУДЫ БАСТАДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі елдегі маусымдық аллергияның ең кең таралған себептерінің бірі – жусан тозаңына аллергияны емдеуге арналған отандық препараттың клиникалық зерттеуінің II кезеңін бастады. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – аллергияны емдеуді пациенттер үшін қолжетімді әрі ыңғайлы ететін қазақстандық препарат әзірлеу. Мамандардың мәліметінше,…
-

АСТАНА ОМЫРТҚА ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША ЕҢ ІРІ ФОРУМДЫ ҚАБЫЛДАУДА
Осы күндері Астанада өңірдегі ең ірі халықаралық медициналық іс-шаралардың бірі – заманауи эндоскопия мен омыртқаның аз инвазивті хирургиясына арналған IV Орталық Азия CASMISS-2026 конференциясы өтуде. Форум әлемнің 10-нан астам елінен келген жетекші омыртқа хирургтарын, нейрохирургтерді және травматолог-ортопедтерді біріктіріп, онда тек әлемдік трендтер ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық нейрохирургия мен ортопедия саласында берік орныққан Қазақстанның…
-

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау аясында, 16.05.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Кеңгір су қоймасының аумағын тазарту бойынша экологиялық іс-шара өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдау аясында, 16.05.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Кеңгір су қоймасының аумағын тазарту бойынша экологиялық іс-шара өткізілді.Акция барысында Департамент қызметкерлері Кеңгір су қоймасының жағалауында тазарту жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақты қоқыстан тазартты.Ұлытау облысының Әділет департаменті алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» республикалық…
-

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан Түркістан облысы диқандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселесін талқылады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2026 жылғы маусым–тамыз айларында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісу мәселесіне арналған Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы су шаруашылығы және энергетика ведомстволары мен ұйымдарының отырысына қатысты. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума, Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат…
-

Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қауын өнімін жинай бастады. «Әл-Фараби» шаруа қожалығы К-34 канал арқылы су алады. Диқан егіс алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз еткені үшін жергілікті «Қазсушар» филиалына алғыс білдірді. Жалпы алғанда егіс алқабынан 65 тонна өнім жиналды. «20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды,…
-

📢 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ
📢 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кәсіпкерлік және салық салаларына қатысты кеңес алып, өз сұрақтарыңызға жауап алыңыз! Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапты мамандары қатысады. Келіңіздер, біз сіздер үшін ашықпыз! 📍Мекенжайы: Қаратөбе ауылы, Құрманғалиева көшесі, 12 (Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты) 📅 Күні: 20 мамыр ⏰ Уақыты: 10:30 – 12:30 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1221819?lang=kk
-

Азаматтарды қабылдау өткізілді
Мемлекеттік қызметші тарапынан Әдеп кодексі нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1221820?lang=kk
-

Қазақстан мен Канада өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда
Калгари, Торонто, 2026 жылғы 15 мамыр – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Канадаға жұмыс сапарымен барды. Онтарио провинциясындағы бағдарлама аясында өңір басшысы Онтарионың Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және агробизнес министрлігінің, сондай-ақ Канаданың мемлекеттік экспорттық-несиелік агенттігінің басшылығымен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы…
-

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи ғылыми-зерттеу институты ғимаратының капсуласын салу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында Түркістан қаласына іссапары кезінде және Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Яссауи мұрасын терең зерттеу, оны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау және Түркістанды халықаралық ғылыми-рухани орталыққа…
-

Маңғыстауда жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері 2026 жылғы 22–29 сәуір аралығында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, сот жүктеген талаптарды сақтау деңгейі бақылауға алынуда. Аталған жұмыстар учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізілуде. Сонымен қатар, пробация қызметкерлері есептегі азаматтармен жеке профилактикалық сұхбаттар өткізіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеуде.…
-

ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы ел болды. Жоба су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны толық ауқымда іске асыру 2026 жылғы 17 мамырда басталады. Технология Түркістан облысындағы…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамыр күні Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Осы атқарылған жұмыстың арқасында түркі жұртының қасиетті қарашаңырағы саналатын Түркістан қаласы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге әзір екенін көрсетті. Президенттің айтуынша, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар көлік жолдарының сапасына, жасыл желегі мол көшелердің, саябақтардың тазалығына жоғары баға берген. Мемлекет басшысы облыс және қала әкіміне еліміздің ғана емес, тұтас өңірдің жауһары…
-

«Заң мен тәртіп»: Ақтауда студент жастармен профилактикалық кездесу өтті
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде студент жастармен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында суицид, лудомания және нашақорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Аталған шараға спикер ретінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Ерлан Мукишов және…
-

Түпқараған ауданында пробация саласындағы бақылау күшейтіледі
Түпқараған ауданында прокуратураның бастамасымен пробация мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Кеңесте пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Нақов баяндама жасады. Күн тәртібінде пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бейімдеу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар проблемалық мәселелер айқындалып, жауапты…
-

«Тату отбасы: түсіністік пен сыйластықтың маңызы» семинары өтті
Қарақия ауданында отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және әлеуметтік қолдау тетіктерін түсіндіру мақсатында «Тату отбасы: түсіністік пен сыйластықтың маңызы» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, полиция және пробация қызметтерінің мамандары, Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері, Аналар кеңесінің төрайымы, сондай-ақ үлгілі отбасы өкілдері қатысты. Семинар барысында отбасылық құндылықтарды…
