Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Алжирде БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
Алжир, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі алжирлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жетістіктеріне және Қазақстан-Алжир қатынастарын одан әрі нығайту перспективаларына арналды. Журналистерге Мемлекет басшысының 2026 жылғы 23 қазанда Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінің негізгі мазмұны таныстырылды. 2019 жылдан басталған соңғы жеті жылдағы Қазақстанның…
-

Аргентина делегациясы KGIR-2026 форумына қатысып, іскерлік келіссөздер өткізу арқылы Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады
Астана, 2026 жылғы 26 қазан – Аргентина компанияларының делегациясы Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен 20–23 қазан аралығында өткен Қазақстанға жұмыс сапарын аяқтады. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Аргентинадағы Құрметті консулы, Қазақстан-Аргентина сауда палатасының президенті Сантьяго Де Лука, сондай-ақ «Clear Petroleum S.A.», «CPC S.A.» және «DFM Consultores S.A.» компанияларының өкілдері кірді. 22 қазанда Аргентина делегациясы…
-

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?
Қазақстанда Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Еліміздің барлық өңіріндегі сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлік, киім-кешек, аяқкиім, тұрмыстық химия, техника және басқа да тауарларға арнайы баға ұсынылуда. Жекелеген тауарларға жеңілдіктер 50%-ға дейін жетеді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі акция аясындағы бағаларға талдау жасап, тұтынушылардың түрлі…
-

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ОТШАШУМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Республика күніне арналған мерекелік концерт «Астана» алаңында қайта жалғасты. Концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына әсем әндерін тарту етіп, мерекені сезіндірді. Атап айтқанда, сахна төрінде Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және тағы басқа танымал әншілер өнер көрсетті. Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған ауқымды мәдени іс-шара ұлттық құндылықтарды…
-

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Ақтау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті. Ұлттық мерекеге арналған іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар, түрлі сала мамандары, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындап, ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің нышанына…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен…
-

Құрметті Қазақстандықтар!
Құрметті Қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бәрімізді туған жерге деген сүйіспеншілік, елімізге деген мақтаныш пен жарқын болашаққа деген сенім біріктіреді. Ортақ үйіміз – Қазақстан әрдайым бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен келісімнің мекені болсын! Әр шаңыраққа зор денсаулық, бақыт пен береке, күнге деген сенім тілеймін. Балаларымыз бейбіт аспан астында өсіп, Отанымыз өркендеп,…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1317519?lang=ru
-

ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ – БИЛІКТІҢ БАҒДАРЫ
ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ – БИЛІКТІҢ БАҒДАРЫ Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және халықпен ашық диалог орнату – жергілікті билік жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдау барысында тұрғындарды толғандырған мәселелер мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылды.…
-

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары баға…
-

ЖЕТІСАЙДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
ЖЕТІСАЙДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ Республика күні – елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен, мемлекеттігіміздің қалыптасу тарихындағы айрықша маңызға ие ұлттық мереке. Соңғы 4 жылдан бері ұлттық мереке мәртебесіне қайта ие болған бұл күн – халқымыздың азаттыққа ұмтылған асқақ рухы мен тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын бейнелейтін қастерлі дата. 1990 жылғы 25 қазанда…
-

МЕРЕКЕ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
МЕРЕКЕ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың бастамасымен аудан көлемінде «25 қазан – Республика күні» мерекесі аясында аудан аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды. 5 мыңға жуық адам қатысқан тазалық жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер,…
-

Республика күні Украина астанасында балаларға арналған іс-шаралар өтті
Киев қаласы, 2026 жылғы 25 қазан – Республика күніне орай Украинадағы қазақ диаспорасы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің қолдауымен балалар үшін қайырымдылық мәдени акциясын ұйымдастырды. Киев қаласындағы Қазақстан Елшілігінің аумағындағы қазақ киіз үйінде балалардың көркем шығармашылығы, сурет салу және мүсіндеу бойынша байқаулар, матадан қуыршақтар жасау және оригами бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ интерактивті анимациялық шоу мен қазақ мультфильмдерінің…
-

МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 20 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 20 ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ Халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешуге айқын бетбұрыс жасалған. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Жетісай ауданында «25…
-

Облыс орталығында Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді
Өскемен қаласындағы Амфитеатр алаңында Республика күніне орай Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады. Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілді. Аймақ басшысы өз сөзінде Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, егемендікті сақтау, мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу барша азаматқа ортақ…
