Санат: Әлем
-

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының дамуы талқыланды
Мәскеуде «Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарын кешенді дамыту: жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ресей жоғары оқу орнының алаңында РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті мен Рудный индустриалды университеті (Қостанай облысы) ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік органдар мен іскер топтардың өкілдері, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев өз сөзінде…
-

2026 жылғы 21 қазанда Ақмола облысы әкімінің жастар сыйлығын табыстау іс-шарасы өтті
Көкшетау қаласында республика күніне орай «Елге бастар жас қадам» атты жастарға арналған іс-шарасы өтті. Іс-шара дарынды жастарды қолдауға, олардың бастамаларын дамытуға, сондай-ақ Ақмола облысының жас азаматтарының жетістіктерін көтермелеуге бағытталған. Іс-шара аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері мен «Jas Aqmola» облыс әкімінің жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының бес иегері әрқайсысы 1 миллион теңгеге…
-

МАҚТААРАЛДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРГЕ ЖАУАП БЕРУДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Атақұловтың төрағалығымен 2026 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтардың жолданымдарын қарау және тіркеу жұмыстарының жай-күйіне арналған жиын өтті. Жиынға аудандық дербес бөлімдердің, кенттер мен ауылдық округтердің жолданымдарды тіркеуге жауапты мамандары, сондай-ақ бөлімдерге бағынысты мекемелердің жауапты өкілдері қатысты. Басқосуда «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштерді тіркеу, оларды белгіленген…
-

Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылыстарына қызмет көрсететін жаңа техникалардың кілттері табысталды
Республика күніне орай Садовое тұрғын үй алабының экосаябағында өңірдегі гидротехникалық құрылыстарға қызмет көрсетуге қауқарлы арнайы техникалардың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су мәселелерін шешудің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық даму үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау мен жөндеуді қоса алғанда,…
-

Coventry University Kazakhstan Астанада жаңа кампус ашады
Coventry University Kazakhstan Астанада жаңа кампус ашады Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Coventry University Kazakhstan арасында Астанада университеттің жаңа кампусын ашуды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инвестициялық форум аясында қол қойылған 22…
-

Астаналық спортшы Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстанның пара жүзуден ұлттық құрамасы 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Финалдық жарыста қазақстандық спортшылар 2 минут 48,99 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында елордалық спортшы Сиязбек Далиев өнер көрсетті.Жарыста Қытай…
-

Насымжан Оспанова Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды
Насымжан Жамбекқызы Оспанова ротация тәртібімен Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ол Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментін басқарып, министрлік жүйесіндегі қызметін жалғастырады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Насымжан Жамбекқызына балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі. Насымжан Оспанова еңбек жолын өндірістік оқыту шебері болып…
-

Қарағандыда өнеркәсіпке қажетті инженерлік кадрлар даярлау жолға қойылады
Қарағандыда өнеркәсіпке қажетті инженерлік кадрлар даярлау жолға қойылады Бүгін, 22 қазанда, Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) халықаралық инвестициялық форумы аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Түркияның İstanbul Gedik Üniversitesi арасында академиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Форум әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвестор…
-

Еріктілер қозғалысын дамыту және жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Аудандық жастар ресурсы орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бөрлі ауданының қызметкерлері аудан жастары арасынан құрылған еріктілермен төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақ ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1316216?lang=ru
-

Астанада Ұлы Дала мен Мәңгілік Ел даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты 24 қазан күні сағат 21:00-ден 25 қазан сағат 07:00-ге дейін Ұлы Дала мен Мәңгілік Ел даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы толық тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруі қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1316217?lang=ru
-

Талдықорғанда бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды
Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында жаңа қалалық емхана ашылды. Бұл медициналық мекеме қаланың қарқынды дамып, жаңа тұрғын үйлер салынып жатқан бөлігінде тұратын халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бір ауысымда 500 адам қабылдауға арналған емхана тіркелген 62 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев…
-

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ
Республика күні қарсаңында елордалық Байқоңыр ауданында тұрғындарға арналған тағы бір жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. Кенесары көшесінің бойында, А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің аралығында орналасқан сквер аудан тұрғындарына мерекелік тарту болды. Жалпы аумағы 6 600 шаршы метрді құрайтын скверде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 3 500 шаршы метрге жуық жерге кеспетас төселді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіз…
-

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме? 📞 Жедел желіге хабарласыңыздар! ☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы. ☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша…
-

Аудан әкімі VІІІ шақырылымдағы мәслихат депутаттарымен кездесті
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті. Кездесуге VIII шақырылымының облыстық мәслихат депутаты Айтбала Жолмаханова, VIII шақырылымның аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков пен мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат аппаратының және аудан әкімі аппаратының басшылары мен қызметкерлері және аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің басшылары қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі VIII шақырылым депутаттарының атқарған…
-

Марат Сүртібаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды
V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен Марат Сүртібаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды. Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді. Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды. Айта кетейік, бұған дейін топтық…
