Санат: Алматы
-
Қазақстанның Бас консулы Орталық Азия азаматтық қоғамы форумына қатысты
2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Халықаралық демократия күніне орай ұйымдастырылған «Демократиялық дамудағы азаматтық қоғам институттарының маңызы: Өзбекстан мен Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» тақырыбындағы Орталық Азия азаматтық қоғамы форумына қатысты. Тақырыптық сессиялар барысында қатысушылар Орталық Азия мемлекеттерінің азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін,…
-
Әуезов ауданында Қала күнінің алғашқы күні жарқын әрі мазмұнды өтті!
Әуезов ауданында Қала күнінің алғашқы күні жарқын әрі мазмұнды өтті! Сағат 12:00-ден бастап Н. Сац атындағы театр алдындағы алаңда түрлі жәрмеңкелер, шығармашылық және спорттық алаңдар жұмыс істеді. Балалар арасында сурет көрмесі мен байқауы ұйымдастырылып, басты сахнада «Шыңға өрлеу – ALMA ART» қалалық фестивалі өтті. Сонымен қатар тұрғындар ұлттық спорт ойындарына белсенді қатысты. Сағат 16:00-де басты…
-
Заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік: полиция тыныштық пен тәртіпті бақылауды күшейтуде
Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Оның негізі – кез келген құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою және жауапкершілікті қамтамасыз ету. Полиция кез келген құқық бұзушылықты назарда ұстайды. Атап айтқанда, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, бұзақылық жасау, аулаларда және басқа да қоғамдық орындарда пиротехникалық құралдарды пайдалану…
-
Профилактика жол үстінде: “Заң мен тәртіп” акциясы Астана мен Ақмола облысын біріктірді
Елордада есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолға шыққан “Заң мен тәртіп” пойызының бағыты аясында бірден екі өңірді — Астана қаласы мен Ақмола облысын қамтыған республикалық акция ұйымдастырылды. Акцияны ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитеті Астана қаласы полиция департаментінің, көліктегі полиция департаментінің және “Жолаушылар тасымалы” АҚ қолдауымен ұйымдастырды. …
-
Қазақстанда 269-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы жасағы ашылды
Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Бозой ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа бекет ауылдағы шамамен 2400 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бекет заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары, өрт-техникалық жарақтар…
-
Алматыда 75 жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүк көліктеріне қатысты ауқымды тексеру жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері көліктердің техникалық жағдайына, қауіпсіздік талаптары мен экологиялық нормалардың сақталуына ерекше назар аударуда. Жыл басынан бері жүк көлігі жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін 22 мыңнан астам рет бұзған. Оның 500-ге жуығы экологиялық талаптарды сақтамауға байланысты. Атап айтқанда, көліктердің уыттылығы мен түтін шығару көрсеткіштерінің…
-
Қала күні құтты болсын!
Құрметті алматылықтар! Сіздерді Алматы қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алматы – тарихы терең, әрдайым жаңарып, дамып келе жатқан айрықша қала. Әсем табиғаты мен қайталанбас келбеті, мәдениеті мен ерекше атмосферасы оны баршамызға ыстық етеді. Қаламыздың басты байлығы – оның тұрғындары. Алматының өркендеуі мен көркеюіне күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген әрбір азаматқа алғысымды білдіремін. Осындай мерекелі күні…
-
Мотоциклдер, мопедтер және қатты дыбыс шығаратын көлік құралдары: Алматыда түнгі рейд өтті
Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды түнгі рейд өтті. Полиция қызметкерлері мотокөлік құралдарына, оның ішінде мотоциклдер мен мопедтерге, сондай-ақ түнгі уақытта жиі кездесетін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне ерекше назар аударды. Рейдке жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің, патрульдік полицияның және аудандық полиция басқармаларының қызметкерлерінен 10 мобильді топ жұмылдырылды. Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін…
-
Бұл кадрларды Алматы қаласының бейнебақылау жүйесі тіркеген.
Олар бір-біріне тым жақын қозғалып, жолақ ауыстырып, қауіпті маневрлер жасады.Мұндай көріністерді Алматы қаласының Жедел басқару орталығының операторлары жиі тіркейді.Ереже бұзушылық анықталған сәтте ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік экипажға беріледі. Қызметтік нарядтарға тәртіп бұзушыларды жолын бөгеу және тоқтату жөнінде бағдар беріледі.Мұндай жүрістің құны тек әкімшілік жауапкершілікпен шектелмейді.Жыл басынан бері Алматыда мотоциклдердің қатысуымен 54 жол-көлік оқиғасы тіркелді.…
-
test 200926
fgrgrgrgr Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1294938?lang=ru
-
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Полиция департаментінің Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына онда ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Қарағанды облысы Полиция департаментінің Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына онда ұсталатын адамдардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында барды. Ерекше назар тамақтануды ұйымдастыру, медициналық көмектің қолжетімділігі, тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға кедергісіз жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды. Сапар аясында ұсталатын адамдарды жеке қабылдау жүргізіліп, олардың құқықтарын…
-
«Бомба қойдым»: бір қоңырау арнайы қызметтерді аяғынан тік тұрғызды
Алматы қаласындағы аудандық полиция басқармаларының бірінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу жетті. Ғимарат пен оған іргелес аумақ мұқият тексерілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер және жедел қызығушылық тудыратын өзге де заттар табылған жоқ. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында біздің басқарманың қызметкерлері хабарламаны жіберген адамды анықтады.…
-
Алматының таулы аймағында полиция рейд жүргізді: 18 құқық бұзушылық анықталды
Алматы қаласы Бостандық ауданы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері таулы аймақта рейдтік іс-шара өткізді. Негізгі назар квадроциклдер мен электрмотоцикл иелеріне, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалану және қауіпсіздік талаптарының сақталуына аударылды. Рейд барысында полиция қызметкерлері 18 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз көлік басқарғаны үшін 5 әкімшілік хаттама, нөмірі оқылмайтын көлік құралын басқарғаны…
-
24 адам қаза тапты: Алматы полициясы бақылауды күшейтті
Жыл басынан бері Алматыда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 2 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған. Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындауын бақылауды күшейтті. Профилактикалық жұмыстар мектептерде де жүргізілуде. Оқушылармен жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары…
-
Жатақханада да жасалмайтын әрекеттер бар: полиция студенттерге түсіндірді
Алматыда жоғары оқу орындарында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кезекті кездесу Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтті. Студенттерге қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жеке қауіпсіздік және құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Университет қабырғасында және жатақханаларда буллинг, зорлық-зомбылық пен жанжалдардың алдын алуға да ерекше көңіл бөлінді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер…
