Санат: Алматы
-
«Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесу
2025 жылғы 28 сәуірде мемлекеттік органдар өкілдерімен кәсіпорын басшылығының «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС қызметкерлерімен кездесуі өтті. Бұл кездесу кәсіпорын қызметкерлері алдындағы жалақы бойынша берешекке байланысты ұйымдастырылды.Кездесу барысында Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай ауданының прокуроры, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы және «Заречное» Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы қатысты. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы…
-
Наградталған аналарға берілетін жәрдемақы және оның мөлшері
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 93-бабының 1 бөлігіне сәйкес наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады. «Мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе…
-
Барлығы 96 құрылыс объектісіне Астана қаласының әкімдігі тарапынан рұқсат құжаттары берілген.
Құрылыс компанияларының тізімі, сондай-ақ нысандардың мекенжайлары мен пайдалануға беру мерзімдері туралы толық ақпарат төменгі сілтемеде. Құрылыс компанияларының тізімі Құрылысқа ақша салмас бұрын, құрылыс компанияларының барлық құжаттарымен танысып алған жөн! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/995100?lang=kk
-
Еліміздің қауіпсіздік паспорттарын цифрландыру
Алматы қаласында «Цифрлық қауіпсіздік паспорты» және «Интерактивті карталар» ішкі жүйелерін пайдалану және жаңарту бойынша оқыту семинары өткізілуде. Семинар ЕҚЫҰ қолдауымен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының базасында ұйымдастырылды және Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін ағымдағы жылдың 12-23 мамыры аралығында 2 кезеңде өткізіледі. 2023 жылдан бастап Төтенше жағдайлар…
-
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Қажымұқан көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 15 мен 20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.…
-
Преснов топтық су құбырын қайта жаңарту және Соколов топтық су құбырын салу жөніндегі жұмыстардың барысын тексеру
Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Преснов топтық су құбырын (1-кезек) қайта жаңарту және Соколов топтық су құбырын салу (2-кезек) бойынша жұмыстардың барысын тексерді. Сапар барысында Есіл және Мамлют аудандарының әкімдерімен кездесу өткізілді. Аралау қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/995241?lang=kk
-
«Заң және тәртіп»: астаналық мектеп оқушыларына тура жолдан таймаудың әдістері түсіндірілді
Астанадағы №6 мектепте түлектеріне арнап прокуратура өкілдері мен танымал қазақстандық актер Дәурен Серғазиннің қатысуымен профилактикалық дәріс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара «Заң және тәртіп» нарративі және «Жас үміт» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және өмірлік жолды саналы таңдауға ынталандыру. Прокуратура қызметкерлері жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық…
-
ШҚО-да экология тақырыбындағы республикалық балалар сурет байқауы жарияланды
Дүниежүзілік қоршаған орта күні – Эколог күні қарсаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ШҚО мектептерінің оқушылары арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық балалар суреттерінің конкурсы басталады.Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 1-11-ші сыныптары арасындағы оқушылар қатыса алады.Конкурсты өткізу мерзімі: 13 – 28 мамыр аралығында (осы аралықта жұмыстар қабылданады).Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды…
-
ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ
Ауданымызда өнеркәсіп саласына кезекті инвестициялық жоба тартылып, ірі қара малдың сүйек қалдықтарын терең өңдеу жобасы іске аспақ. Алдағы уақытта шетелдік «Tangshan Huating Poreelain Co 6 LTD» компаниясына Темірлан өндірістік паркінен 10,0 га жер бөлініп, рәсімделеді. Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвестормен кездесіп, іске асырылатын жобаға қатысты мәселелерді талқылап, аудан әкімдігі тарапынан инвесторға қажет барлық жағдайлар…
-
Астанада запастағы офицерлер мен сержанттар үшін кезекті жоспарлы әскери жиындар басталды
Астанадағы 68665-әскери бөлімінің базасында елорданың Қорғаныс істері департаменті шақыртқан 100 запастағы офицер мен сержанттың кезекті жоспарлы оқу-жаттығу әскери жиындары басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жиындар 14-23 мамыр аралығында жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр. Олардың мақсаты – әскери білімді жаңарту мен жетілдіру, қажетті әскери даярлық деңгейін және тәжірибелік дағдыларды сақтау, сондай-ақ әскери міндеттілердің жауынгерлік қолдануға…
-
МЕЙІРІМ МЕН ІЗГІЛІК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТ
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде қызығы мен қиыншылығы мол қастерлі мамандықты таңдап, басты байлық денсаулық саласында қызмет етіп жүрген Мейіргерлер мерекесіне арналған көлемді іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымыздағы аурухананың кірпіші қаланғаннан бастап қызмет жасап, абыройлы зейнеткерлікке шыққан ардагер дәрігерлер, аудандық медицина қызметкерлері, жастар және басқа да арнайы қонақтар қатысты. Концерт аудандық медицина мекемесі тарапынан дайындалған «Аурухана…
-
АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕКТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ІСІГІ БАР ЖАС ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды: кардиохирургтар жас әйелдің өміріне қауіп төндірген миксоманы — сирек кездесетін қатерсіз ісікті — сәтті алып тастады. Пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті. Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома анықталған – мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет болды. Хирургиялық…
-
🔊Құрметті Ордабасы ауданының тұрғындары!
Сіздерді 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 15:00-18:00-де өтетін “Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету” жобасы аясындағы семинар-тренингке қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: Ордабасы аудандық Жастар ресурстық орталығының ғимараты. Өз құқығыңызды біліңіз – қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіңіз! Қатысу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/995248?lang=kk
-
Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының XVIII форумына қатысуда
Тәжікстан астанасы Душанбеде ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің XVIII форумының ашылу салтанаты өтті. Бұл жыл сайынғы іс-шара ТМД кеңістігіндегі ең ірі гуманитарлық алаңдардың бірі болып саналады. Сонымен қатар аталмыш форум мәдениет, білім беру, ғылым, архив ісі, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс істеу салаларындағы бірлескен жұмысты ұйымдастыруда маңызды…
-
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар тарату жұмыстары жүргізілді
🔸«Қаратал ауданының Мансап орталығы» филиалының мамандары мемлекеттік қызмет көрсету бойынша парақшалар тарату жұмыстарын жүргізді. 📌 Барлық сұрақтар бойынша Қаратал ауданының Мансап орталығына хабарласа аласыздар.Тел: 8 (72834) 2-18-39 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/995250?lang=kk