Санат: Алматы

  • 3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

    3 қыркүйек – қазақ тазысы күні

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды. Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрлі аңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейде қолға алынды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндет қойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негіз қалыптастырылды. «Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралық деңгейде танылу – үлкен нәтиже. Бірақ біздің жұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Ең бастысы – тазының тұқымдық ерекшеліктерін, генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу», – деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңға жуық тазы тіркелген. Өңірлерде иттердің шығу тегі туралы мәліметтерді жинау, асыл тұқымдық есеп жүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтау жұмыстары жалғасуда. Қазақ тазысын халықаралық деңгейде таныту жұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылы Хельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде тұқымның ресми таныстырылымы өтті. 2026 жылғы маусымда Болоньядағы World Dog Show көрмесіне Қазақстаннан 12 тазы қатысты. Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығының ғимараты салынып жатыр. Құрылыс демеушілердің қолдауымен, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен жүргізілуде. Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау және өсіру, олардың шығу тегін тіркеу, Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу, сондай-ақ кинология саласындағы мамандарды даярлау көзделген. Мұнда сынақтар, көрмелер, байқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады. Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі 2026–2036 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Құжат алдағы он жылда осы бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жалғастыруды көздейді. Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуы – жұмыстың соңғы кезеңі емес. Алда тұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойы бақылау, генетикалық алуандығын, денсаулығын және өзіне тән табиғи қасиеттерін сақтау міндетітұр. 3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралық деңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емес, ұлттық тұқымды сақтап, келесі ұрпаққа жеткізудің маңызын еске салатын күн. #kazakhtazy #ТазыКүні #TazyDay Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1284717?lang=ru

  • Қор нарығында мәмілелерді ең жақсы орындау  қағидаты енгізіледі

    Қор нарығында мәмілелерді ең жақсы орындау қағидаты енгізіледі

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Капитал нарығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы биржадан тыс операциялардың ашықтығын арттыруды және клиенттік тапсырмаларды ең жақсы орындау қағидатын енгізуді көздейді. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен, нарыққа қатысушылармен және сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп әзірледі. Бағыттардың бірі биржадан тыс нарықтың ашықтығын арттыруға байланысты. Орталықтандырылған есеп беру жүйесі арқылы…

  • “Әділетті қоғамға — шыншыл сөз”

    “Әділетті қоғамға — шыншыл сөз”

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті.  Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан төрағалық еткен жиынға зиялы қауым, ақын-жазушылар, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар, жас ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері айтқан таңдаулы сөздері, кітаптары мен мақалаларындағы іргелі ой-тұжырымдары топтастырылған. Кітап 21 тақырыпқа бөлініп,…

  • Халыққа арналған Қазақстан Республикасында теміржол өткелдері арқылы өту ережелері туралы ақпарат

    Халыққа арналған Қазақстан Республикасында теміржол өткелдері арқылы өту ережелері туралы ақпарат

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Темiр жол өткелi қауiптiлiгi жоғары аймақ болып табылады. Жүргізушілер жол белгілерінің, бағдаршам сигнализациясының, шлагбаумның және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауларының талаптарын сақтауға, сондай-ақ жақындап келе жатқан поездың жоқтығына көз жеткізуге міндетті. Теміржол өтпелерінен өтудің негізгі ежелелері          Жүргiзушiлерге темiр жолдарды поезға жол бере отырып, тек арнайы жабдықталған темiр жол өткелдерi арқылы кесiп өтуге рұқсат етiледi. Төмендегі жағдайлар…

  • Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының және орынбасарларының қала тұрғындарын жеке қабылдау графигі
  • Шағын гранттар аясында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарға арналған жобалар аяқталды

    Шағын гранттар аясында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарға арналған жобалар аяқталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматы мен Шымкентте ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды әлеуметтендіруге арналған жобалар аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша қолға алынған жобаларға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы шағын грант бөлді. Бастамаларды «Жас Жауынгер Алматы» және «Ерекше жол» қоғамдық қорлары іске асырды. Алматыда «Жас Жауынгер Алматы» қоғамдық қоры дәстүрлі IV «Көңілді старттар – 2026» инклюзивті спорт мерекесін…

  • Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

    Қазақстанда үш жыл ішінде жалпы сыйымдылығы 745,6 мың тоннаны құрайтын 95 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Өңірлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Көкөніс және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларын арттыру мақсатында өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 2023–2025 жылдарға арналған көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі Кешенді жоспар іске асырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Онда жалпы сыйымдылығы 689,9 мың тоннаны құрайтын 92 жобаны іске асыру көзделген. 2023–2025 жылдардың қорытындысы бойынша…

  • А/ш техникалары 5,0% жаңарды

    А/ш техникалары 5,0% жаңарды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Биыл облыста 476 бірлік (465 трактор, 11 комбайн) ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 8,0%-ға жеткізу көзделген. Бүгінгі күні 302 дана ауыл шаруашылығы (287 трактор, 15 комбайн)  техникалары алынып, нәтижесінде техникалардың жаңару көрсеткіші 5,0% құрады. Алынған техникалардың 138 бірлігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынған. Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да…

  • Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі

    Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары энтомофагтарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен автоматтандырылған түрде тарату технологиясын әзірледі. BioDrop деп аталатын бұл технология жұмыс жүргізу уақытын 4–6 есеге қысқартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың биологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Кешен құрамына биоыдырайтын BioDrop сфералық капсулалары, оларды…

  • Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды

    Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Бүгінде 100 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын кешенді жаңартуға және еліміздің барлық өңірлерінде азаматтар үшін заманауи, қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Нысандардың техникалық жағдайына қарай қолданыстағы ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, кейбір елді-мекендерде жаңа жолаушылар…

  • Темір жолдар арқылы малды айдау және темір жолдарға жақын жерде мал жаю ережелері

    Темір жолдар арқылы малды айдау және темір жолдарға жақын жерде мал жаю ережелері

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Өткелдерден, өткелдерден және осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген өткелдерден тыс темір жол арқылы мал айдауға тыйым салынады. Малды айдап әкететін адамдар оның көшу ауданынан (шекарасынан), өткелден немесе белгіленген өту орнынан және әсіресе малдың темір жолға шығуынан тыс болуына жол бермеуі тиіс. Малдың жалғыз басын айдау (ересек адамға 2-ден артық емес) осыған байланысты орындалуы тиіс. Мал…

  • 🎭 55-МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛЕДІ!

    🎭 55-МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛЕДІ!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құрметті көрермен! ❤️ Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры сіздерді жаңа 55-ші театр маусымының ашылуына шақырады! Маусым шымылдығы қазақтың мәңгілік махаббат дастаны — «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен түріледі. 📅 3 қыркүйек🕖 19:00📍 Сәтбаев қаласы, Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы ✨ Жаңа маусым. Жаңа әсер. Жаңа кездесулер.Мәңгілік махаббат хикаясын бірге тамашалайық! 🎟️…

  • Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Солтүстік Қазақстан облысыМағжан Жұмабаев ауданыныңмәслихаты2020 жылғы 9 қазаны№ 42-2шешіміне 1-қосымша   Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар…

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  заң:жаңа талаптар туралы нені білу қажет?

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң:жаңа талаптар туралы нені білу қажет?

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» заңда мемлекеттік қызметтің мотивациялық әлеуеті мен тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ оның институционалдық жадын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген.Мәселен, мемлекеттік қызметшілерді де, мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық лауазымдарға кандидаттарды да қамтитын «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық форматы заңнамамен бекітілген. Мемлекеттік қызметке цифрлық іріктеуді енгізу кандидаттарға мемлекеттік қызметке оңайлатылған және…

  • 1 қыркүйек – Білім күні.

    1 қыркүйек – Білім күні.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күніне арналған жазбасы ⤵️ Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада…