Санат: Алматы
-

Әлеуметтік төлемдер: жаңа тәртіп туралы не білу керек?
Әлеуметтік төлемдер: жаңа тәртіп туралы не білу керек? 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңа тәсіл бойынша мемлекеттік қолдау отбасының нақты жағдайы мен оған деген қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады? Табысы жоғары азаматтар әлеуметтік қолдаудан өз еркімен бас тарта ала ма? Жаңа тәртіпке қатысты негізгі сұрақтарға жауапты бейнематериалдан көріңіздер.…
-

Онлайн-қабылдау: Асхат Шахаров тұрғындардың өтініштерін тыңдады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтардың жеке мәселелері бойынша онлайн-қабылдау өткізді. Алға, Темір, Ырғыз және Мәртөк аудандары мен Ақтөбе қаласы тұрғындары бейнеконференц байланыс арқылы қосылып, инфрақұрылым, білім алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін көтерді. Барлық өтініш иесіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсініктемелер берілді. Қабылдау барысында облыс әкімі әрбір азаматтың мәселесін мұқият қарап, өтініштерді…
-

Өткен сенбіде әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері бір айлық тазалық науқаны аясында өткізілген жалпы облыстық сенбілікке қатысты. Сонымен қатар, жұмыс аптасының соңында — «Таза жұма» күні бүкіл ұжым өзіне бекітілген көшеде тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты циклахена өсімдігінен және қоқыстан тазартады. Ауыл – елдің берекесі мен ырысының көзі. Оны сүю, оның дамуына үлес қосу – әр тұрғынның міндеті. Сондықтан, әр қайсымыз тұрып жатқан көшемізді, ауламызды күтіп таза ұстайық, жерлестер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1296497?lang=ru
-

«Кішкентай бағбандар»: елордалық бүлдіршіндер өздері өсірген көкөністерді жинады
Астанада №61 «Шолпан» балабақшасында мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді еңбекке баулу, табиғатты қорғауға үйрету және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кішкентай бағбандар» атты жылыжай өнімдерін жинау іс-шарасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара барысында бүлдіршіндер жаз айларында өз қолдарымен күтіп-баптаған жылыжайдағы көкөністердің өнімін жинауға қатысты. Балалар өсімдіктердің қалай өсіп, өнім беретінін өз тәжірибелері арқылы көріп,…
-

Жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.Аймақ басшысы автомобиль жолдары мен көшелерге жол белгілерін орнатуды, тозығы жеткен жол белгілерін жаңартуды тапсырды. «Батыс Еуропа –…
-

60 секундтық қауіпсіздік: көлік өртенген кездегі алғашқы әрекеттер
Автомобильдің өртенуі күтпеген жерден болуы мүмкін. Бұған электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы немесе техникалық ақаулар себеп болуы ықтимал. Қозғалыс кезінде түтін немесе өрт байқалса, ең алдымен көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, автомобильден шығу қажет. Қозғалысты жалғастыруға немесе капотты толық ашуға тырыспаңыз. Капотты ашқан кезде ауа ағыны күшейіп, өрттің таралуына себеп болуы мүмкін. Автомобильден қауіпсіз…
-

Балқаш ауданында қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілді
Департаментін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес, ауданның үш елді мекенінде: Желтораңғы, Қарой және Балатопар ауылдарында орналасқан ұйымдарға профилактикалық бақылау іс-шаралары жүргізілді. Профилактикалық бақылау барысында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Бақылау қорытындысы…
-

МӘДИНА ЕРЖАН – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!
18–20 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында самбодан Әлем кубогі өтті. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының спортшысы Мәдина Ержан 80 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Спортшымыз бен жаттықтырушыларын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-mamyraev/press/news/details/1296457?lang=ru
-

Павлодарда такси жүргізушісі мен полицейлер зейнеткерге 6 млн теңгеге жуық ақшасын қайтаруға көмектесті
Павлодарда такси жүргізушісі мен полицейлер зейнеткерге 6 млн теңгеге жуық ақшасын қайтаруға көмектесті. Ерекше оқиға қаладағы көлік жуу орындарының бірінде басталған. Такси жүргізушісі Алматы қаласына сөмке жеткізуі тиіс болған. Бір уақытта ол сөмкеден жарманың төгіліп жатқанын байқайды. Сөмкенің ішін тексеруді ұйғарған ер адам оның ішінде қомақты ақша жатқанын анықтаған. Күдіктенген ол…
-

Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 шеңберінде «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті. Іс-шара ғылым, жоғары білім, жаңа технологиялар және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Диалогты ICESCO мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.…
-

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды
Қазақстанда «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында 21-28 қыркүйек аралығында өтетін «Мейірімділік апталығы» басталды. Бастама волонтерлік пен қайырымдылықты қоғамда кеңінен насихаттауды көздейді. Сегіз күн бойы еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік органдардың, білім беру және медицина ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі акциялар мен іс-шаралар өтеді. Әсіресе әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге, жануарларға…
-

Жетісу облысының шаруалары пияз жинауды аяқтауға жақын
Бұл дақылды негізгінен Қаратал және Ескелді аудандарының шаруашылықтары өсіріп отыр, соған орай бұл аудандар облыстағы пияз өндірісінің едәуір бөлігін қамтамасыз етуде. Бүгінде өңірде 22,3 мың тонна пияз жиналды. Тамшылатып суару жүйесін қолданудың арқасында бұл көкөністің өнімділігін екі есеге жуық арттыруға мүмкіндік болды. Егер әдеттегі суару тәсілімен бір гектардан 25-30 тонна пияз алынса, ылғал үнемдеу технологияларының…
-

ШҚО полициясында қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды
ШҚО полициясында қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов Марқакөл ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылық талаптарын орындау және қызметтік әдепті сақтау мәселелері қаралды. Жерлестікке жол бермеу, әріптестерге объективті қарым-қатынас жасау және жанжал жағдайларының алдын алуға ерекше назар аударылды.…
-

Қызылорда облысының педагогтері суға ұқыпты қарауға үндейтін экологиялық ертегілер әзірледі
Қызылорда облысында педагогтер арасында ұйымдастырылған үздік экологиялық ертегі идеясы байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау Су ресурстары және ирригация министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ, Француз даму агенттігі (AFD), Халықаралық Аралды құтқару қоры және ЮНИСЕФ ұйымдастырды. Байқауға 200 педагог қатысты. Қызылорда облысының педагогикалық қауымдастық өкілдерінен құралған комиссия 7 жеңімпазды анықтады. Оларға ақшалай сертификаттар мен арнайы…
-

Қазақстан мен Польша өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Польша Республикасының Климат және қоршаған орта министрінің орынбасары, бас геологы Кшиштоф Галос бастаған поляк делегациясымен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, тиісті ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы қос тараптың арасындағы шикізатты, аккумуляторларды тұрақты өндіру және құн тізбектерін…
