Санат: Алматы
-

Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға 2026 жылғы жиырма тоғызыншы тамызда, сенбі күні, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде Алтай ауданының «Демалыс күнгі» жәрмеңкелері өтетінін хабарлаймыз.Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа және фермер қожалықтарының қолжетімді бағамен ұсынған өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1280109?lang=ru
-

2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ШЫНЫ БӨТЕЛКЕЛЕРДЕГІ СЫРАҒА МІНДЕТТІ ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті нарық қатысушылары мен тұтынушыларды 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарына міндетті цифрлық таңбалау енгізілетіні туралы хабарлайды. Осы күннен кейін өндірілген немесе әкелінген өнімде Data Matrix арнайы коды болуы тиіс. Мұндай кодсыз шыны ыдыстағы жаңа өнімді сатуға тыйым салынады. Сыра мен сыра сусындарын…
-

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №5 жылу энергоорталығының 2026–2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.2026 жылдың шілде айынан бастап кәсіпорынның ғимараттары мен құрылыс нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Қала әкімі алдымен су қабылдау құрылғысында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Сонымен қатар №5 жылу энергоорталығындағы №8 және №11 қазандықтар мен №3 турбоагрегатқа жүргізіліп…
-

АЛАЯҚТАРДАР САҚ БОЛЫҢЫЗДАР
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1280095?lang=ru
-

Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында гастроэнтерология және нефрология бөлімшелері жұмысын бастады
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында гастроэнтерология және нефрология бөлімшелері жұмысын бастады. Жаңа бөлімшелердің ашылуы — өңірдегі медициналық көмектің мамандандырылған түрлерін жаңғыртуға бағытталған реновация жобасының кезекті кезеңі. Жаңа бөлімшелер асқазан-ішек жолдары мен бүйрек ауруларына шалдыққан пациенттерге заманауи диагностика, емдеу және динамикалық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Палаталар мен медициналық инфрақұрылым жаңартылып, пациенттерге жайлы жағдай жасалған. Жоба ҚР Денсаулық…
-

АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1280097?lang=ru
-

2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2027–2029 жылдардың бюджетінде инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салу қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсу мен бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың бекітілген көрсеткіштеріне қол жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. «Экономикалық өсім бойынша бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізу және бюджет…
-

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1280099?lang=ru
-

Ақтөбе облысында мысты қайта өңдеу жобасын іске асыру туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы аумағында мыс өңдеу бойынша индустриялық кластер құру жобасының қазіргі мәртебесі туралы хабарлайды және осы мәселеге қатысты жекелеген БАҚ пен экологиялық белсенділердің жарияланымдарына байланысты өңірдің ұстанымын түсіндіреді. «Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасы» инвестициялық жобасын «Phoenix Industrial Group» ЖШС «Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group» холдингінің қатысуымен іске асыруда. Жоба…
-

Алтай ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Аскарова Ж.А. мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, сондай-ақ сәлемдесу және іскерлік қарым-қатынас мәдениетіне қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында мінез-құлық мәдениетіне, әріптестер мен азаматтарға құрметпен қарауға, қызметтік әдеп нормаларын сақтауға және ұжымда қолайлы ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар сәлемдесу мәдениетіне ерекше көңіл бөлінді. Сәлемдесу мәдениеті – бұл жай ғана қарым-қатынас формасы емес, ұлттық болмысымыз бен тәрбиеміздің маңызды бөлігі. Қазақ халқының дәстүрінде құрмет әрдайым ізетті сөз, жылы қарым-қатынас, дауыс ырғағы, құрмет білдіретін…
-

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ШИПАЖАЙДЫ ӨЗДЕРІ ТАҢДАЙ АЛАДЫ
Мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес шипажайда емделу қызметін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өздері таңдай алады. Шипажайда емделу мемлекет есебінен көрсетіледі. Азамат порталда ұсынылған ұйымдар мен олардың жағдайлары туралы ақпаратпен танысып, өзіне қолайлы шипажайды таңдайды. Егер таңдалған қызметтің құны мемлекет белгілеген мөлшерден аспаса, емделу тегін жүргізіледі. Ал құны белгіленген сомадан жоғары болған жағдайда, айырмасын…
-

Тұрғындардың қауіпсіздігі
Рузаев ауылдық округінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Юбилейная көшесінде тұратын тұрғынның, зейнеткердің өтініші бойынша тұрғын үйдің жанында орналасқан апатты ағашты кесу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық тармақтардың құлауының алдын алу және аумақты тиісті жағдайда ұстау мақсатында жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-ruzaev/press/news/details/1280103?lang=ru
-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауы, қызметтік әдеп талаптарының сақталуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім процестер мен ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелеріне…
-

Қазақстан ұзақ уақыттан бері игеріліп келе жатқан кен орындарының мұнай бергіштігін арттырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруда
Бүгін, 26 тамызда Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Мұнай бергіштігін арттыру әдістері (МБА) жөніндегі Қазақстан форумы өз жұмысын бастады. Іс-шара мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының, ғылыми және сервистік ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ халықаралық сарапшыларды біріктірді. Форумға KAZENERGY, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, NCOC, Теңізшевройл, КПО, жетекші шетелдік компаниялар мен университеттердің өкілдері қатысуда. Форум Қазақстанда мұнай…
-

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1280088?lang=ru
