Санат: Алматы
-

«Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметінің 2025 жылғы нәтижелері
2024 жылы «ҚР аумағының жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету мен геологиялық зерделенуін арттыру» 089 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 2 191 млн.тг бөлінді және игерілді. Жұмыстар 27 объект бойынша жүргізілді, оның ішінде 12 объект бойынша аяқталды (3 – жер асты суларының режимін зерттеу, 8 – регионалдық және 1 – іздеу объектілері). Сондай-ақ, 7…
-

2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.
Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200 адам, докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратураға тек 120 грант бөлінсе, биыл…
-

“Алтын алқа” наградасымен марапаттау
Көктөбе ауылының тұрғыны көп балалы ана Журмаханова Кулаш Шериевна Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 ақпандағы Жарлығына сәйкес “Алтын алқа” алқасымен наградталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy-kokbastau/press/news/details/1193685?lang=kk
-

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 252 842 өтініш орындалып, жалпы сомасы 41,84 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына 158…
-

ТАЗА ҚАЛА – ЖАЙЛЫ ОРТА: КӨШЕЛЕРДЕ КЕШЕНДІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖҮРУДЕ
Шымкент қаласында магистралды көшелерді кешенді тазалау жұмысы жалғасуда. Санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге және көрікті орта қалыптастыру мақсатындағы іс-шаралар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тиісті жұмысты 5 ауданға қарасты 5 мердігер мекемемен бірге негізгі магистральді көшелерде, жол жиектері мен көгалды аймақтарда, сондай-ақ, айналма жолдарда жүргізуде. Саябақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар…
-

Жиі қойылатын сұрақтар
Туризм саласын мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар? 2022 жылдан бастап туризм саласында мемлекеттік қолдаудың осындай түрлері жұмыс істейді.1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер…
-

Танымал ардагер ұстаз Солтанғазықызы Бәдерикамал атындағы тарих пәні бойынша аудандық олимпиада
Бүгін ауданымызда есімі елге танымал ардагер ұстаз Солтанғазықызы Бәдерикамал атындағы тарих пәні бойынша аудандық олимпиада өз мәресіне жетті. Аталған білім додасына аудан мектептерінен 8–9 сыныптар аралығындағы 30-ға жуық тарихқа құштар, дарынды оқушылар қатысып, бақ сынасты. Олимпиаданың негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың отандық және әлемдік тарихқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлағатты ұстаздың салған сара жолын дәріптеу.…
-

Ғалымдар мал шаруашылығындағы шығындарды азайту үшін жаңа буын құрама жемдерін әзірлеуде
Қазіргі заманғы мал шаруашылығы толыққанды, экономикалық тұрғыдан қолжетімді және биологиялық құнды азықпен қамтамасыз етілуге тікелей байланысты. Бұл ретте дәстүрлі компоненттердің, әсіресе ақуыз текті қоспалардың қымбаттауы өнімнің өзіндік құнын арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Осы мәселені шешу мақсатында отандық ғалымдар қымбат ақуыздық компоненттердің орнын алмастыру арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін құрама жем…
-

Зеренді ауданының прокуратурасы 2294 кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқықтарын қорғады
Зеренді ауданының прокуратурасы интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті. Анықталғандай, білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандар туралы мәліметтерді ашық қолжетімділікке орналастыруға жол берген, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді және олардың конституциялық құқықтарын бұзады. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, дербес деректерге қолжетімділік шектелді. Кінәлі…
-

«Заң мен тәртіп»: Астанада есірткіге қарсы «Taza Fest» концерті өтті
Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның залында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткіге қарсы «Taza Fest» концерті өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Концертті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір…
-

Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына!
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 7 сәуір күні сағат 11:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған елу төртінші кезектентыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз. Сессияның негізгі сұрағы: Жақсы ауданында әлеуметтік…
-

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
Аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында мемлекеттік мекемелерде ұлттық белгілердің қолданылуы барысында анықталған кемшіліктер қаралды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шәпидің есебі тыңдалып, осы салаға бағытталған мәселелер жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ мәжілісте: «Елдігімізді, егемендігімізді бейнелейтін мемлекеттік рәміздер – еліміздің мәртебесін,…
-

Қазақстанда туризм саласы дамып келеді: 2025 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсім тіркелді
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетті. Ел ішінде саяхаттаушылар саны да, шетелден келетін туристер ағыны да артты. Сонымен қатар инвестиция мен бизнес кірістері де едәуір көбейді. Атап айтқанда, орналастыру орындарында тоқтаған ішкі туристер саны 10,1 млн адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн-ға артты. Шетелдік қонақтардың да…
-

Берекелі бастама: Жосалы ауылын табиғи газға қосу жұмысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі бүгінде киелі ауданымызда да жалғасуда. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Жосалы ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Жиында…
-

Маңғыстау облысы ТЖД автопаркінің жаңа мамандандырылған техникамен толықтырылуы
Қару-жараққа заманауи газ-су арқылы өрт сөндіру автомобилі АГВТ-150 келіп түсті – ең күрделі өрттермен күресуге арналған қуатты кешен. Бұл техника мұнай-газ нысандарындағы өрттерді жоюға, ашық фонтан түріндегі жалынды сөндіруге және жоғары температура аймақтарын салқындатуға арналған. Турбореактивті қондырғыны қолдану арқылы газ-су қоспасы түзіліп, ол жалынды санаулы минуттар ішінде тиімді түрде басады. Негізгі артықшылықтары: жоғары қуаттылық…
