Санат: Алматы
-

“Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы анонс.
“Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты“ мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға жұмыс тобының мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ…
-

Алтай Альпыларында бұқаралық AltayRace трейл жарысы өтті
Іс-шараға қатысушылар 5, 12 және 25 шақырымдық қашықтықтарда өз бақтарын сынап, тау бедеріндегі күрделі бағыттар мен көркем табиғат аясындағы маршруттарды еңсерді. Мұндай спорттық шаралар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!…
-

Өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаевтың төрағалығымен еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бойынша өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында өңірдегі еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелер қаралып, кәсіпорын басшылары мен жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/1236206?lang=ru
-

ІІМ балаларды онлайн-грумерлерден қорғау ережелерін еске салды
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертеді. Онлайн-груминг – бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі. Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады. Қаскөй сенімге кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін. Қаскөй бала…
-

ОБЛЫСТА ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтары ашылды.Облыста 2021 жылдан бастап Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан құрылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығы, 2024 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Мұнайлы, Бейнеу, Қарақия және Түпқараған аудандарында отбасын қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Орталықтар мынадай қызметтер…
-

Оқушылармен кездесу
2026 жылғы 18 мамыр күні Қарағанды облысы Әділет департаментінің Балқаш қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Қ.Қ. Шаймерденова «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Балқаш қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын…
-

Қазалы ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқыны сараланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Жанкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Руханият орталығында» аудан активін өткізді.Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі міндеттер талқыланды.Аймақ басшысы аудан әкімдігіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды, су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалануды, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды, инфрақұрылымдық жобалардың…
-

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақмола облысының Тексеру комиссиясының мүшесі Мұрат Рахимжанов және аудан активі қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе 2025 жылға арналған аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті қарау болды. Уәкілетті тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар 2025 жылғы бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы…
-

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ
Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу. Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың…
-

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ден астам дерегі анықталды
Атырау облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, тазалық талаптарының сақталуын бақылауға да мүмкіндік береді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында камералар арқылы қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері анықталып, құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдануда. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын…
-

Зеренді ауылында Зеренді ауданы әкімінің Зеренді ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуі өтті
Зеренді ауылында Зеренді ауданы әкімінің Зеренді ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуі өтті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1237928?lang=ru
-

Өндірістік ортаның қолайсыз факторлары және олардың адам ағзасына әсері
Өндірістік ортаның қолайсыз факторлары — еңбек процесінде жұмысшының денсаулығына кері әсер етіп, кәсіби ауруларға немесе еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне әкелетін физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық жағдайлар. Олар ағзаның қорғаныс жүйесін әлсіретіп, түрлі патологиялық өзгерістер тудырады. Физикалық факторлар. Шу және діріл (вибрация): Есту жүйесінің зақымдалуына (есту қабілетінің төмендеуі), жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің бұзылуына, діріл ауруына әкеледі.…
-

Маңғыстау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы балалар қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасады
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты міндеті. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қараусыз қалуы, ашық терезелерге жақындауы, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтамауы түрлі оқыс оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Тәртіп сақшылары балаларды үйде ұзақ уақыт…
-

Балалар ойын алаңдарын тексеру
2026 жылдың 4 маусымында Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау комиссиясы алты ойын алаңын тексерді, оның екеуі Қарабалық әкімдігіне қарасты және төртеуі тұрғындардың күшімен салынған. Әкімдік қарамағындағы екі ойын алаңының жағдайы қанағаттанарлық. Қалған ойын алаңдары бойынша Қарабалық әкімдігіне абаттандыру бойынша ұсыныстар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1236201?lang=ru
-

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Аппараттық жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов өңірлік жұмыспен қамту…
