Санат: Алматы
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау
2026 жылғы 22 шілде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 21 шілдеге дейін (қоса алғанда) 52715 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn-gorodetskiy/press/news/details/1240622?lang=ru
-

«Тау шыңы» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
2026 жылдың 12 маусым күні Бәйдібек аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тау шыңы» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жазғы лагерьдің басты мақсаты – балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау. Аталған лагерьге мектеп жасындағы оқушыларды қамту көзделген. Аудандағы барлық білім беру ұйымдарынан 1600 бала…
-

ШҚО полицейлері Бүкіләлемдік донор күнінде қан тапсырды
ШҚО полицейлері Бүкіләлемдік донор күнінде қан тапсырды Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Бүкіләлемдік қан доноры күніне арналған іс-шараларға қатысты. Тәртіп сақшылары адамдарға көмек көрсету олар үшін тек кәсіби борыш қана емес, өмірлік ұстаным екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Адамгершіліктің бір тамшысы — мыңдаған сақталған өмір!» ұранымен өткен акция аясында ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық қан…
-

Қызмет алушылар күні өтті.
Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін түсіндіру мақсатында аудан тұрғындары көп шоғырланатын Жастар алаңында «Қызмет алушылар күні» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мансап орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Экономика және қаржы бөлімі, Ауыл шаруашылығы бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,…
-

Аудан және округ әкімдігі 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы абаттандыру жұмыстарын көрді.
Кеген ауылындағы 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Жоба аясында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аула аумағы ретке келтіріліп, балалар ойын алаңы орнатылуда.Аталған жұмыстардың барысымен аудан әкімі Нұрбақыт Модлахметұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы танысып қайтты.Жұмыс барысында нысандағы құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар…
-

Жетісулық құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Жетісу облысының құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өңірдің су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған белгілер орнатылған аумақтарда және қалалық жағажайда рейдтік іс-шаралар өткізді. Суға түсу маусымында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу…
-

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады БЖЗҚ салымшылардың (төлем алушылардың), сондай-ақ БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамдар мұрагерлерінің зейнетақы төлемдерін алуға уақтылы өтініш беруі қажеттілігі туралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы…
-

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Алматыда Ауғанстан мәселелері бойынша Еуропалық Одағы мен Орталық Азия мемлекеттерінің Арнайы өкілдері мен уәкілдерінің 8-інші кездесуі өтті. Кездесу барысында қатысушылар Ауғанстандағы ахуалдың қазіргі жай-күйіне, оның өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсеріне, сондай-ақ Ауғанстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне қатысты жан-жақты пікір алмасты. Тараптар өңірлік өзара байланыстарды нығайту мәселелерін, оның ішінде Ауғанстан аумағы…
-

Заң мен тәртіп – қызметтің басты бағдары
Заң мен тәртіп – қызметтің басты бағдары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық жиыны өтті. ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Қажымканов қызметкерлерді қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қызмет атқару кезінде қырағылық танытуға, профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге бағыттады. Сондай-ақ облыс аумағында өткізіліп жатқан «Нелегал», «STOP Ішімдік» және…
-

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қазақстан Республикасының Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №1247 Жарлығы аясында ел болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Марапаттау рәсімінде аудан басшысы аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтап, олардың қоғам мен отбасыдағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ұлт болашағын тәрбиелеп отырған аналардың…
-

Астана тұрғынын 4 млн теңгеге алдаған жалған кеңесші әшкереленді
Астанада полицейлер алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты анықтады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін консалтингтік компанияның қызметкері ретінде таныстырып, мемлекеттік гранттарды рәсімдеу саласында қызмет көрсететінін айтқан. Ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік грант алуға көмектесетінін уәде еткен. Күдікті грантты мақұлдату, құжаттарды дайындау және түрлі ұйымдастыру…
-

АУДАН ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жер қатынастары, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және өзге де маңызды мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелердің бірқатары бойынша жауапты бөлім және мекеме…
-

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға…
-

Өскеменде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды
Өскеменде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды 2026 жылғы 9-11 маусым аралығында Өскемен қаласының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және атқарушылық тәртібін арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектерді өндіріп алу болды. Үш күн ішінде полиция қызметкерлері 919 әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 370-тен астам әкімшілік айыппұл өндіріліп, 77 нұсқама…
-

Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезекті 43-шы сессиясын шақыру туралы
Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырық үшінші сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезекті қырық үшінші сессиясы 2026 жылдың 26 маусымында сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын. Күн тәртібінде: Кентау қалалық әкімдігінің және…
