Санат: Алматы

  • Мемлекеттік кепілдік

    Мемлекеттік кепілдік

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына мемлекет толық кепілдік береді. Төлем тәртібінің өзгеруі зейнетақы жүйесінің дамуымен байланысты. Азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі берілді. Бұл видеода өтемақы төлеу тәртібінің қалай өзгеретіні және…

  • «Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу

    «Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 07 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу өтті.Кездесу барысында өнегелі отбасының өмірлік тәжірибесі, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.Аязбаевтар әулеті жас ұрпаққа отбасының қоғамдағы маңызы, ауызбіршілік пен сыйластықтың қадірі туралы өз ойларымен бөлісті. Осындай кездесулер арқылы ұрпақтар…

  • БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

    БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық бұзушылықтардың профилактикасына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын полицияның қоғамдық көмекшілері арасында “Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі” конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – қоғамдық көмекшілерді ынталандыру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы белсенділігін арттыру және оң тәжірибесін насихаттау. 7-15 қыркүйек аралығында өткен конкурс барысында қатысушылардың құқық…

  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай салтанатты шара өтті

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай салтанатты шара өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шара барысында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары Самат Ахметов қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғысын білдірді. Мерекелік шара барысында сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан көпжылдық үлесі атап өтілді.…

  • Ақтөбеде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі бейнекамералармен де қадағалануда

    Ақтөбеде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі бейнекамералармен де қадағалануда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе облысы аумағында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара 14-16 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.Жолдағы қауіпсіздікті арттыруға, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бағытталған шара барысында полиция Жедел басқару орталығының заманауи бейнекамераларын да белсенді пайдалануда.Мысалы, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол ережелері талаптарын елемеуі деректері облыс орталығында орналасқан бірнеше бейнекамераның…

  • Қазақстан Елшісінің Любляна Архиепископымен кездесуі: Конфессияаралық диалог пен рухани келісімді нығайту

    Қазақстан Елшісінің Любляна Архиепископымен кездесуі: Конфессияаралық диалог пен рухани келісімді нығайту

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 17 қыркүйек, Любляна — Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Любляна Архиепископы, митрополит Станислав Зоремен кездесу өткізді. Кездесу барысында конфессияаралық келісімді нығайту, дінаралық диалогты дамыту және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Елші Словения католик шіркеуінің басшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық және ішкі саяси реформалар, сондай-ақ еліміздің этносаралық…

  • Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралары туралы

    Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралары туралы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру және профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Осыған байланысты Департамент қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына жол…

  • Ақтөбеде субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды

    Ақтөбеде субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді жұмсалу заңдылығын тексеру барысында аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады. Анықталғандай, «Томирис-2019», «Мартук-2030» және «Тенге-2030» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның  салдарынан…

  • «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу

    «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алмалы ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу өтті.Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары мен дәстүрлі мәдениеті таныстырылып, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас ұрпаққа үлгі етілді. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері туралы әңгімелер айтылып, ұлттық мұраны сақтаудың маңыздылығы атап…

  • Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері ашылуда

    Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері ашылуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысында қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жаңа оқу жылы аясында Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Жақсы және Целиноград аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері  бар балаларды қолдауға арналған тағы 8 кабинет ашылды. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыста осындай 10 қолдау кабинеті пайдалануға берілген болатын. Осылайша, оқу жылының…

  • Ақсу ауылының ақсақалдары Жалағаш ауданының дамуына қосқаны  үлесі үшін мерекелік медалімен марапатталды.

    Ақсу ауылының ақсақалдары Жалағаш ауданының дамуына қосқаны үлесі үшін мерекелік медалімен марапатталды.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақсу ауылының ақсақалдары мерекелік медальмен марапатталды.Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және ел бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақсу ауылының ардақты ақсақалдары Т. Берлібеков және М. Маратұлы мерекелік медальмен марапатталды.Елдің береке-бірлігін бекемдеуге, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсетуге және туған жердің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтарға көрсетілген бұл құрмет – олардың еселі еңбегіне берілген…

  • «Телефондағы отбасы» — цифрлық қауіпсіздік

    «Телефондағы отбасы» — цифрлық қауіпсіздік

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп» КММ-де ата-аналарға арналған «Телефондағы отбасы» тақырыбында цифрлық қауіпсіздік бойынша ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында балаларды интернеттегі қауіп-қатерлерден қорғау, жеке мәліметтердің құпиялылығын сақтау, күмәнді сілтемелерден сақтану, телефонды тиімді пайдалану және экран алдындағы уақытты дұрыс ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ата-аналарға отбасында цифрлық мәдениетті қалыптастыру, баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату жөнінде пайдалы…

  • Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков оқушылар сарайындағы БЖСМ бассейніне барып, қазіргі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

    Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков оқушылар сарайындағы БЖСМ бассейніне барып, қазіргі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазіргі уақытта мердігер ұйым екі бассейндегі кәріз жүйесін, пленкалық жабынды, сондай-ақ суды дайындауға арналған құралдарды мөлшерлеу жүйесін ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстары аяқталып, бассейн пайдалануға дайын болғаннан кейін балалар жаттығуларын қалыпты режимде жалғастыра алады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жаттығу процесі қаланың басқа бассейндерінде ұйымдастырылды. Жүргізіліп…

  • Балалар лагері: жағдайы және даму перспективалары (15.09.2026)

    Балалар лагері: жағдайы және даму перспективалары (15.09.2026)

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Кезекті сессияға дайындық аясында елордалық мәслихат депутаттары Ақкөл ауданындағы «Барап» спорттық-сауықтыру лагеріне барды. Лагерьде жазғы каникул кезінінде 8-ден 13 жасқа дейінгі балалар демалады. Жазғы кезеңде лагерьде 1650 балаға дейін демалуға мүмкіндік бар- әрқайсысы он күнге созылатын ауысымда 200 балаға дейін демалады. Депутаттар бұған дейін бөлінген қаржының игерілу нәтижелерімен танысты. Лагерьде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа…

  • Эстонияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

    Эстонияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Эстония Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Марье Лууптан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады. А. Исетов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Дипломаттар 2025 жылғы қарашада Эстония Республикасының Президенті Алар Каристың Астанаға мемлекеттік сапары барысында…