Санат: Алматы
-

Департаментте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
Атырау облысы полиция департаментінде департамент бастығының қызмет жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаровтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Кеңеске Әкімшілік полиция басқармасы, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының басшылары мен жеке құрамы қатысты. Жиын барысында 2026 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, қызмет барысында орын алған кемшіліктер талқыланды. Сонымен қатар…
-

Қазақстан мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Орталық Азиядағы су дипломатиясын дамыту перспективаларын талқылады
Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті Пере Жоан Понспен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Орталық Азиядағы трансшекаралық су өзара іс-қимылын нығайту, Солтүстік Арал теңізін сақтау шаралары және Тобыл-Торғай су шаруашылығы бассейнінің су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік жоспарды бірлесіп әзірлеу мәселелерін…
-

Полицейлер Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шараға қатысты
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, кітапхана ұжымымен және оқырмандармен бірге рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға үлес қосты. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын білдіріп, кітап оқудың маңыздылығы мен оның тұлға қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасты. Кездесу барысында тәртіп…
-

Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады
Шығыс Қазақстанда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталады Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полицияға деген сенім деңгейін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 24-25 сәуір күндері облыс аумағында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді. Іс-шара аясында облыс тұрғындары мен қонақтары ішкі істер органдарының қызметіне қатысты көкейкесті сауалдарын бейінді қызмет басшылары мен мамандарына тікелей қоя алады.…
-

Маңғыстаулық полицейлер Ұлттық кітап күніне орай музейге барды
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Әбіш Кекілбайұлы атындағы кітапхана арнайы барып, мәдени-танымдық шараға қатысты. Іс-шараға ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алмас Мешітбайұлы қатысып, кітап оқудың маңыздылығы мен рухани құндылықтарды насихаттаудың мәніне тоқталды. Шара барысында полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарына қызметке кіргелі отырған жас курсанттар кітапханамен танысып, оның…
-

АНПЗ-де 2026 жылдың I тоқсаны бойынша «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша үздік қызметкер» байқауы өтуде
2026 жылғы 21–23 сәуір аралығында кәсіпорынның оқу орталығында «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша үздік қызметкер» байқауы ұйымдастырылуда. Тестілеуге 110 қызметкер қатысуда — әр технологиялық қондырғыдан 2–3 өкілден.Сынақ барысында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Өмірлік маңызды қағидалары бойынша 50 сұрақ қамтылған. Тестілеу қорытындысы бойынша үздік қызметкерлер анықталып, марапатталып және ынталандырылады. #АНПЗ #«Қауіпсіздік…
-

Округте абаттандыру жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Светлопольск ауылдық округінде рұқсатсыз қоқыс орындарын жою және қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық округ әкімінің аппараты барлық тұрғындарды еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауға шақырады және еске салады: тазалық әрбір адамнан басталады! Абаттандыру қағидаларын сақтаңыз және сенбіліктерге қатысыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-svetlopolsk/press/news/details/1207371?lang=kk
-

Құлсарыда балалардың қырағылығы адам өмірін сақтап қалды
22 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Құлсары қаласында аулада ойнап жүрген балалар үйлеріне кіре алмай тұрғанын полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне көршілер пәтерден газдың иісі шығып жатқанын жеткізген. Қауіптің жоғары екенін түсінген тәртіп сақшылары дереу әрекет етіп, пәтер есігін бұзып кірген. Ішінен ес-түссіз жатқан 47 жастағы әйел табылып, полицейлер жедел-жәрдемді күтпестен…
-

Экология және табиғи ресурстар министрі RES 2026 EXPO-дағы өңірлік жобалармен және жасыл технологиялармен танысты
RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңірлердің көрме стендтерін аралап, ұсынылған экологиялық жобалармен, орнықты даму саласындағы технологиялармен және бастамалармен танысты. Көрмені аралау барысында министрге «жасыл» экономиканы дамытуға, экологиялық таза технологияларды енгізуге және ел өңірлерінде ресурстық тиімділікті арттыруға бағытталған негізгі әзірлемелер мен шешімдер көрсетілді. Павлодар өңірінің кәсіпорындары…
-

Ұлттық кітап күні
Құрметті кітапхана қызметкерлері және кітап сүйер қауым! Сіздерді Кітап күнімен және кітапханашылардың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білім мен парасаттың, рухани байлықтың қайнар көзі. Ал сол қазынаны халыққа жеткізіп, жас ұрпақтың бойына кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып жүрген кітапханашылардың еңбегі әрдайым зор құрметке лайық. Кітапхана қызметі мамандары оқырман мен кітап арасын…
-

ТҮРКІСТАНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Түркістан қаласында бір отбасының шаңырағына ерекше шаттық сыйлаған қуанышты оқиға – үшем дүниеге келді. 41 жастағы ана Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен. Отбасында 17 және 15 жастағы екі перзенті бар. Енді араға жылдар салып, отбасы қуанышы еселенді. Нәрестелерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деген есімдер берген. Қуанышты сәтке орай…
-

“Мы из Беловодска!”атты кітабының тұсаукесер рәсімі
Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылындағы Байзақов ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Геннадий Гаврилович Сокуренко мен Ирина Александровна Дьяченко-Винтердің «Мы – из Беловодска!» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Қабиболлақызы Аканова, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гулдана Ақылбекқызы Сәрсембенова, Байзақов ауылының әкімі Арман Анарбекұлы, Ертіс ауданының Құрметті азаматы…
-

Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті
Ақтөбеде Ұлттық кітап күніне орай «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ашық алаңда өткен фестиваль кітапсүйер қауымды бір ортаға жинап, оқырмандар аймағы мен кітап жәрмеңкесі арқылы келушілердің қызығушылығын арттырды. Кеш барысында жас…
-

«Артық білім – кітапта» мерекелік кеш
2026 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Жазушылар кітапханасында Ұлттық кітап күні және кәсіби мереке – Кітапханашылар күніне орай «Артық білім – кітапта» атты мазмұнды әрі тағылымы мол мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, кітапханашылардың қоғамдағы рөлін айқындау, сондай-ақ оқырман мен қаламгер арасындағы байланысты нығайту болды. Мерекелік кештің шымылдығы Сабира домбыра…
-

📚 ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІКітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің алтын көпірі.Оқу арқылы біз өткенді танимыз, бүгінді бағалаймыз, болашаққа сеніммен қадам басамыз.Ұлттық кітап күні – кітаптың қадірін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын ерекше мереке.Әрбір оқылған кітап – жаңа ой, жаңа мүмкіндік, жаңа белес. Бүгін бір кітап оқып, өзіңізге рухани сый жасаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1207338?lang=kk
