Санат: Алматы
-

Аудан әкімінің Құтқарушылар күнімен құттықтауы
Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің қызметтеріңіз батылдықты, төзімділікті, жоғары жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап етеді. Сіздер күн сайын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға жедел әрекет етесіздер және күрделі жағдайларда адам өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерлеріңізді саласыздар. Жанқиярлық…
-

Екі жүзден астам қазақстандық кейбір мемлекеттік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартты: шешім саналы түрде қабылданады
Қазақстанда екі жүзден астам азамат кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды алуды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, ал мұндай шешім қабылдағандардың саны біртіндеп артып келеді. Қазіргі тұрмыстық жағдайын бағалай келе, отбасын өз бетінше қамтамасыз ете алатынына көз жеткізген азаматтар осындай шешім қабылдаған. Олар мемлекеттік көмектен мүлде бас тартып жатқан жоқ. Тек өздеріне…
-

Облыс әкімі Үржар ауданының тұрғындарымен кездесті
16 қазанында облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Жиында алдымен Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаев ауданның 2025-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Аймақ басшысы өңір экономикасының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Үржар ауданының экономикасында…
-

2026 жылғы 16 қазанда Қайназар ауылында жұмыстар жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізілді.
2026 жылғы 16 қазанда Қайназар ауылында жұмыстар жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына байланысты зақымданған су құбыры желілерінің учаскелерін қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта ауылда ауызсу қалыпты режимде берілуде. Дегенмен, жер қазу жұмыстары барысында жекелеген учаскелердегі магистральдық және абоненттік су құбырлары зақымданып, оларды…
-

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды
2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданды. Жарлыққа…
-

Отбасының әлеуметтік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралады
Отбасының цифрлық картасында белгіленген әлеуметтік әл-ауқат санаты тұрақты болып қалмайды. Еңбек министрлігінің брифингте түсіндіргеніндей, жүйе мемлекеттік ақпараттық базалардағы мәліметтерді үнемі жаңартып отырады. Сонымен қатар әр ай сайын отбасының құрамы мен жалпы саламаттылық деңгейі қайта қаралады. Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылса немесе отбасының материалдық жағдайы айтарлықтай өзгерсе, бұл оның әл-ауқатын бағалауға әсер етеді. Егер отбасы…
-

Мектепке дейінгі ұйымдарда санитариялық қағидаларды қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел
Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында ағымдағы жылдың 15 қазанында Мектепке дейінгі ұйымдарына санитариялық қағидаларды қолдануға қатысты туындаған сұрақтар бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қатысты. Дөңгелек үстел барысында мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу тәртібі мәселелері қаралды.…
-

Кешенді тәсіл: отбасының мұқтаждығын бағалау кезінде не ескеріледі?
Отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау кезінде мемлекет оның материалдық мүмкіндігімен қатар, әлеуметтік тұрақтылығын да ескереді. Бұл көрсеткіш отбасының нақты құрамын, оның барлық мүшелерінің жасын, кәмелетке толмаған балаларының, қарт адамдардың және мүгедектігі бар азаматтардың бар-жоғын ескере отырып, отбасының шынайы жағдайын дәл бағалауға мүмкіндік береді. Осы тәсілдің нәтижесінде мүліктік жағдайы шамалас, сырттай ұқсас екі отбасының қорытынды бағасы әртүрлі…
-

Әлеуметтік саясаттың басты назарында – адам және оның өмірлік жағдайы
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімінің ең ұзақ шегін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шаралар кешені ұсынылады. Оның ішінде азаматтарға қолайлы бос жұмыс орындарын…
-

Сандықтау ауданы әкімінің Рухани келісім күнімен құттықтауы
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары! Сіздерді Рухани келісім күнімен құттықтаймын! Бұл күн бізге өзара құрметтің, ізгіліктің және бірліктің маңыздылығын еске салады. Бір-бірімізді тыңдай білу, түрлі көзқарастарға түсіністікпен қарау және қоғамдағы келісімді сақтау – бейбітшілік пен берекенің негізі. Әр шаңырақта тыныштық, жылулық пен өзара түсіністік орнасын. Ізгі істер мен бір-бірімізге деген құрмет бізді біріктіріп, ауданымыздың одан әрі…
-

Аналарды әлеуметтік қолдау: көмек уақытында көрсетілуі керек
Қазақстандық әйелдерге баласы бір жарым жасқа толғанға дейін ресми жұмысқа ерте оралып, сонымен бірге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен тағайындалған бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алуын жалғастыруға заңды мүмкіндік беріледі. Бұл норма туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтылды. Мәселен, анасы баласы сегіз айға толғанда жұмысқа шықса да, бұл жағдай…
-

Зейнетақы жинақтарын басқарудағы таңдау еркіндігі: қазақстандықтар жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқаруға бере алады
Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады. Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке…
-

«Астана-1» теміржол вокзалы: ашылар алдында нысанның қолжетімділігі тексерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына ерекше конституциялық мәртебе берді. Елорда елдің даму бағытын айқындайды. Сондықтан қала инфрақұрылымының сапалы болуы және барлық адамға қолайлы орта қалыптастыру маңызды. «Астана-1» теміржол вокзалын қайта жаңғыртудан кейін пайдалануға беру қарсаңында нысанға бірлескен ұсынымдық тексеру жүргізілді. Оның мақсаты вокзалдың қолжетімділігін бағалап, нысан ашылғанға дейін мүмкін болатын кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар…
-

Қарағандылық кәсіпкер әйелдер Қытайда бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда
Қарағанды облысынан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының екі финалисі Қытайда өтіп жатқан іскерлік іс-шараларға қатысуда. Құндыз Хапан шырғанақтан табиғи өнімдер өндірсе, Жаннұр Төлеубаева жүн мен киізден бұйымдар жасайтын брендін дамытып келеді. Қытайға сапар кәсіпкерлерге шетелдік тәжірибені зерделеуге, іскерлік байланыс орнатуға және өндірісті өркендетудің жаңа жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Уцзяцюй қаласында өтіп жатқан кәсіпкерлер форумында…
-

Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында ауызсу жүйесінің құрылысы бақылауда.
Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында ауызсу жүйесінің құрылысы бақылауда. ТҮКШ және ТҮИ тарапынан жүзеге асырылып жатқан жоба аясында таудан тартылатын ұзындығы 7 шақырымдық су құбыры жүйесінің құрылыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды тексердік. Қазіргі таңда 4–5 шақырым аралығындағы бөлікте қазу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта каптаж құрылысы мен су құбырының қалған…
