Санат: Алматы
-

Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтап, олар Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүние жүзіне паш еткенін атап өтті. – Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп…
-

Мемлекет басшысы: «Көшпенділер ойындарының мәртебесі – баршамыздың ортақ абыройымыз»
Осы ретте Президент бүкіл әлем түркі халықтарына көз тігіп отырғанын алға тартып, бұл жарысты бірлесе дамытуға шақырды. – Қазақстан осы ортақ іске белсене атсалысуға қашанда дайын. Екі бауырлас елге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен ең құнды өсиеті: бұл – өзара құрмет және мәңгі достық. Осы даналықты ұмытуға ешқандай хақымыз жоқ. Біз – Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагерінің…
-

Астанада алдағы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Астанада 12 және 13 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады. Іс-шаралар 12 және 13 қыркүйек күндері…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды»
Мемлекет басшысы қазір еліміз тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын жеткізіп, елде болып жатқан елеулі өзгерістерге тоқталды. – Біз біртұтас ел болып аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция –…
-

Қоғамдық кеңес бюджет бағдарламалары мен даму жоспарының қорытындыларын талқылады
Астанада Жақып Хайрушевтың төрағалығымен Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Энергетика министрлігінің аппарат басшысы Айдын Ашуев, Қоғамдық кеңестің мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Отырыс барысында Энергетика министрлігінің 2025 жылғы бюджет бағдарламаларының орындалуы және іске асырылуы мәселелері қаралды. Энергетика министрлігінің аппарат басшысы Айдын Ашуев атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен бюджет бағдарламаларының орындалуының негізгі көрсеткіштері туралы…
-

«Оқитын ұлт»: Алматыда Қала күніне орай сауда орталығындағы екінші кітап беру пункті ашылды
Алматының Алмалы ауданындағы Тастақ шағынауданында орналасқан «Асыл» сауда орталығында Қала күні аясында қалалық кітапханалардың жаңа кітап беру пункті ашылды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» жобасы аясында, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – кітапты қала тұрғындарына барынша қолжетімді ету, оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап оқу мәдениетін дамыту. Кітап…
-

Самар ауданында 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, туризм, инфрақұрылым, тұрғын үй және цифрландыру мәселелері талқыланды.Ауданның 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілді. Құжатта тау-кен өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ ауданның жоғары туристік әлеуетін тиімді пайдалануға басымдық берілген.Ауыл шаруашылығында өсім бар.…
-

«O.Y.A.N»: елордалық оқушылар «Астана – есірткісіз қала!» идеясын насихаттап жүр
Елордалық мектеп оқушылары жаңа оқу жылы басталғалы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жанынан құрылған «O.Y.A.N» еріктілер қозғалысы құрамында белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қазіргі таңда қозғалысқа елордалық мектептердің 80-ге жуық оқушысы қосылған. Олар жазғы демалыс кезінде қала көлемінде өткен 20-ға жуық профилактикалық іс-шараны ұйымдастыруға қатысты. Жасөспірімдер флешмобтар мен…
-

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»
– Қазір осы салада жұмыс істейтін отыздан астам арнайы мекеме бар. Астанада Ұлттық спорт университеті ашылды. Бұл оқу орны спорт саласындағы кәсіби кадрларды даярлауға шешуші үлес қосады деп жоспарлап отырмыз. «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» да табысты қызмет ете бастады. Елімізде жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге және басқа да спорт…
-

Елордалық спортшы пара атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында Changwon 2026 WSPS World Championships пара атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы Ардақ Оторбаев Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. R1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан құрамасы 1854,4 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола…
-

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді. Сыйымдылығы 35 мың көрерменге дейін жететін жаңа заманауи стадион қаланың батыс бөлігінде, ауданы 25 гектар болатын аумақта салынуда.…
-

Мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша аумақтық департаменттердің қызметкерлерін оқыту
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша оқыту өткізді. Оқыту Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл туралы заңнаманың сақталуына жүргізген тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өткізілді. Ақпарат көзі :…
-

Ақтөбеде Қазақстанның және шетелдің жетекші хирургтары заманауи емдеу тәсілдері мен хирургияны дамыту мәселелерін талқылады
Ақтөбеде «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші хирургтары, ғалымдары мен медицина қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Беларусь, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген мамандар қатысты. Конференцияның ашылу рәсімінде алғы сөз алған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров хирургияны дамыту заманауи технологиялар мен медициналық құрал-жабдықтармен қатар, білікті мамандар даярлауды да талап…
-

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында жол жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскедегі Төле би көшесінің құрылысын салу» жобасы аясында жол жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 мен 13 қыркүйек күндері Бұқар Жырау мен Төле би көшелерінің қиылысында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз…
-

eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі
eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі Бас прокуратура азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертеді. Бұл ретте,қаскөйлер өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырады. Интернет-алаяқтықтың саны төмендегеніне қарамастан (14,8%, 17,2 мыңнан 14,6мыңға дейін), қылмыскерлер азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануды жалғастыруда. Тек соңғы бір айдың ішінде елімізде алаяқтардың өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырған 30 жуық дерегі тіркелді. Әдетте алаяқтар…
