Санат: Алматы
-

Қазақстан Елшісі Малайзия Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Куала-Лумпур, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Мәртебелі Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім корольдің «Истана Негара» сарайында өтті. Қабылдау барысында Елші Мәртебелі Корольге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, қазақ тарапының Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі…
-

Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және сала ардагерлері!
Кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз – жоғары кәсібилікті, батылдықты, сабырлылықты және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін абыройлы әрі жауапты міндет. Күн сайын түрлі қиындыққа тап болып, шұғыл шешім қабылдап, бірлесе жұмыс істейсіздер. Соның арқасында талай адамның өмірін сақтап, халықтың қауіпсіздігін қорғайсыздар. Қандай қиындық болса да, көмекке келетін…
-

Астанада «Dostyq Run 2026» халықаралық жүгіру жарысы өтті
Астанада Қазақстан мен Польша халықтарының достығын нығайтуға бағытталған «Dostyq Run 2026» халықаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Польша Республикасының елшілігі мен Астана қаласының триатлон федерациясы бірлесіп өткізген спорттық іс-шарада қатысушылар 2,5, 5 және 10 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласы триатлон федерациясының бас хатшысы Жанат Қожахметовтің айтуынша, биыл жарыс бағдарламасы кеңейтіліп,…
-

Мықты өмірлік құндылықтар – радикал идеологияға қарсы иммунитет
Қоғамның тұрақтылығы тек заңдар мен қауіпсіздік шараларына ғана сүйенбейді. Оның ең берік тірегі адамның ішкі дүниесі, өмірлік ұстанымы мен құндылықтары. Дәл осы құндылықтар радикал идеологияларға қарсы табиғи қорған, яғни иммунитет қызметін атқарады. Егер адамда дұрыс бағыт-бағдар, сыни ойлау және жауапкершілік сезімі қалыптасса, ол қандай да бір теріс ағымның ықпалына оңай түспейді. Өмірлік құндылықтар бұл адамның…
-

2,4 мыңнан астам арнайы техника: Астанада коммуналдық қызметтер қысқа дайындалып жатыр
Астанада алдағы қысқы маусымға арнайы техникалар мен коммуналдық қызметтерді дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Негізінен қарды уақтылы тазалауға, жолдарды, тротуарлар мен аула аумақтарын күтіп ұстауға, сондай-ақ қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елорданың барлық ауданында арнайы техникалардың техникалық жағдайы, жабдықтардың жарамдылығы және көктайғаққа қарсы материалдардың дайындығы тексеріліп…
-

Елордада «Pink Run Astana» қайырымдылық жүгірісі өтті
Астананың Ботаникалық бағында сүт безі қатерлі ісігімен күресіп жүрген әйелдерді қолдауға арналған «Pink Run Astana» қайырымдылық жүгірісі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әйелдер денсаулығына қоғам назарын аудару, онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңызын түсіндіру және науқастарға қолдау көрсету, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қайырымдылық жүгірісіне қатысушылар спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, сүт безі қатерлі ісігінің…
-

ТЖМ-де Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті
19 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігінде кәсіби мереке – Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов құттықтау сөзімен ашты. Ол барлық құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал қызметтің, батылдық пен жанқиярлықтың маңызын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен…
-

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА І ОРЫН!
2026 жылғы 15 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауы өтті. Байқауда Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Орал қаласындағы №50 «Заңғар» бөбекжайының әдіскері Сарғойшина Нұрлы Жұбанғалиқызы жүлделі І орынды иеленді. Бұл жетістік – педагогтің кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі. Нұрлы Жұбанғалиқызын республикалық…
-

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында этнопарк ашылды
Ақтөбе облысында кәсіпкер Жандос Исин «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен туристік жобаны жүзеге асырды. Су қоймасының жағасында орналасқан этнопарк аумағында бес киіз үй жабдықталған. Мұнда келушілер табиғат аясында демалып, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрлі тұрмысымен таныса алады. Этнопарк құру идеясы кәсіпкерде Мемлекет басшысының Жолдауларының бірінде туризмді дамыту мәселесі көтерілгеннен кейін пайда болған. Жандос Исин осы бағытқа…
-

«Алтын-Емел – құландар мекені»: Ұлы дала табиғаты мен мәдениеті тоғысқан фестиваль
17 қазанда Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дәстүрлі күзгі «Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жаңа форматта өтті. Биылғы шара табиғат, тарих, мәдениет және спортты бір арнаға тоғыстырды. Фестиваль бағдарламасында тау трейлі, этникалық музыка орындаушыларының концерті, ежелгі петроглифтерге экскурсиялар және ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қатысушылар үшін ең ерекше сәттердің бірі – Қазақстанның…
-

Жетісу облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді
Республика күні қарсаңында Жетісу өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады. Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады.…
-

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында ВАКР өткізілуінің басталуы туралы хабарландыру
026 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында мемлекеттік мекемесінің «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының» бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1313468?lang=ru
-

Оңтүстік Алтайда алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды. Оңтүстік Алтайда алғаш рет жүргізілген бұл жұмыс сәтті аяқталды. Қар барысына «Алтай» деген ат берілді. Спутниктік қарғыбау арқылы мамандар Алтайдың қай бағытта жүретінін, қандай аумақтарды мекендейтінін және қаншалықты алысқа қозғалатынын бақылайды. Бұл мәліметтер қар барысының тіршілігін зерттеп, оны қорғау жұмыстарын жоспарлау…
-

“Таза Қазақстан”
“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбіліктер жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-tasotkel/press/news/details/1313470?lang=ru
-

Жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша семинар
2026 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Кәрімжанмен бірлесіп, аталған Департаменттің Имантау ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізген жоспардан тыс тексеруінің қорытындысы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар қаралып, олардың туындау себептері талқыланды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері…
