Санат: Алматы
-

«Түсіндірме жұмыстары»
«Түсіндірме жұмыстары» Ауылдық округке қарасты жайлауға шығатын малшыларға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Ветеринария мамандары мен бірге жайлауға орналасқан малшылардың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы мен қауіпсіздік талаптары жайында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/DakpkJojBnK/?igsh=MTI4OTJud2psdTY4aA== https://vt.tiktok.com/ZSCofYCGp/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1256520?lang=ru
-

Қазақстандық астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңде астық пен астық баламасындағы ұн экспорты 13,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Аталған кезеңде экспорт көлемі 11,6 млн тоннаны құраған. Экспорт көлемінің өсуіне негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы ықпал етті. Атап айтқанда,…
-

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,7 млн гектар алқапқа өңдеу жүргізілді
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 9-шілдедегі жағдай бойынша болжанған 2,2 млн гектар алқаптың 1,7 млн гектары немесе 76,2%-ы өңделді. Егіс алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Барлық қажетті іс-шаралар уақтылы әрі толық көлемде орындалуда. Шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізіліп жатқан қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау мақсатында қазіргі уақытта Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің басшылығы…
-

Прокуратура бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу деректерін анықтады
Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудандық білім бөлімінде және оған қарасты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Еңбек және Бюджет кодекстері талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде білім беру саласының бірқатар қызметкерлері жұмыс уақытында және сабақ өткізу кезеңдерінде шетелге шығып кеткені анықталды. Алайда олардың жұмыс орнында болмаған уақыттарына қарамастан жалақы толық көлемде есептеліп, төленген. Атап айтқанда, аудандық білім…
-

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді
2026 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды. Бағасы ең көп төмендеген өнім – қияр 6,5% арзандады. Сонымен қатар қызанақ (-4,1%), сәбіз (-2,1%), сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы 0,6%), сүйекті сиыр еті (0,3%), балық (-0,1%) бағалары төмендеді. Өңірлер бөлінісінде елдің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалдҚазақстанда бір апта…
-

Павлодар ауылында Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі бағыттардың бірі жол инфрақұрылымын дамыту болды. Ауылда жалпы ұзындығы 13,5 шақырымды құрайтын 30 көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 3,9 шақырым болатын тағы 12 көшеге күрделі жөндеу жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Абаттандыру жұмыстары аясында ауылда ойын элементтерімен, демалыс аймақтарымен, жарықтандырумен және…
-

Мойынқұм ауданында Су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Мойынқұм ауданында сала мамандары мен ардагерлеріне арналған мерекелік жиын өтті. Іс-шараға қатысқан Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Амангелдіұлы Карентаев су шаруашылығы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және елді мекендерді тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы еңбегіне жоғары баға берді. Аудан басшысы өз сөзінде су…
-

Ұлытау облысында су үнемдеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 7 шілдеде Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясының Ұлытау облысы бойынша су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімі халық арасында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шараға өңірдің су пайдаланушылары қатысты. Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, суды үнемдеу мәдениетін…
-

Жоғалып кеткен 9 жастағы қызбала көрші көпқабатты үйден табылды
07.07.2026 жылы кешкі сағат 18:00 шамасында, өзінің тұратын көпқабатты үй алдындағы балаларға арналған ойын алаңында ойнап жүріп жоғалған.Анасы өздігінен іздеп таппағаннан кейін, «102» байланыс нөміріне хабарласып, көмек сұраған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жасұлан Каблаков пен Шах Бегалиев бүлдіршінді іздеуге кірісіп, сұрастыру арқылы көрші көпқабатты үйлердің бірінде құрбысының үйінде екенін анықтап, анасына апарып аман-есен тапсырды. Нәтижесінде…
-

Астанада BaiQymyz-2026 фестивалі өтеді: қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады
11-12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық мәдениет пен қазақтың дәстүрлі тағамдарын насихаттауға арналған BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтеді. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шарада келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың салт-дәстүрімен, қолөнерімен және өнерімен жақынырақ таныса алады. Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтарға 56 тонна қымыз ұсынылады. Бағдарлама аясында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері ұйымдастырылып, ұлттық ат спорты…
-

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – қала аумағын тазалықта ұстап, қоршаған ортаны ластамау. Іс-шара аясында қала аумағында қоқыс тастап, табиғатымызды қорлап жатқан азаматтарды анықтау үшін дрон құрылғысы пайдаланылып, құқықбұзушылық анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілік…
-

✅ Құрметті салық төлеушілер!
✅ Құрметті салық төлеушілер! Шет ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) уақтылы тапсыру қажеттігін хабарлайды. Декларацияны кімдер тапсыруға міндетті? • Заңды тұлғалардың (ЖШС) басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары); • Жекеше практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар); • Жоғарыда аталған тұлғалардың жұбайлары. Декларацияны тапсырудың ыңғайлы тәсілдері:…
-

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ
Құрметті отандастар! 2026 жылғы 23 тамызда Берлин қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі жанындағы №411 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді. Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды. Германиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №411 учаскесінде 18 жасқа толған және Берлин,…
-

Алматы дәрігерлері соңғы бір жарым жылда АИТВ -ның анадан балаға нөлдік берілуіне қол жеткізді
Алматыда соңғы бір жарым жылда АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Мұндай нәтиже тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдіктері шеңберінде қолжетімді профилактиканың, ерте диагностиканың және уақтылы емдеудің кешенді жүйесінің арқасында мүмкін болды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ана, бала және отбасы институтын қорғауды қамтамасыз етеді. Елімізде ана мен бала денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу, балаларды…
-

Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті
Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті*2026 жылғы 10 шілде күні Панфилов ауданында «Этика, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында жиын өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Т. Манап және Жетісу облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Тұрсынбай қатысты.Жиынды Панфилов ауданының әкімі Сағымбек Марат…
