Санат: Алматы
-

Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
Сәбидің дүниеге келуі – кез-келген отбасы үшін зор қуаныш. Бұл маңызды оқиға тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдеу сияқты жауапты міндетпен толығады. Ата-аналар бала тууына байланысты жәрдемақыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ала алады. Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы төлемді 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеген. Бұл ретте қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі…
-

15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күні!
Қоғам денсаулығын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және халықтың қауіпсіздігін сақтау жолында еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа зор денсаулық, амандық, отбасылық бақыт және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1295149?lang=ru
-

Жамбыл облысының прокуроры «Тараз» индустриялық аймағында инвесторлармен кездесті
Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев «Тараз» индустриялық аймағында болып, инвесторлармен кездесті. Қазіргі таңда индустриялық аймақта жалпы құны 167,1 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінде алты өндіріс іске қосылып, 237 жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 1 900-ден асады деп жоспарлануда. Кездесу барысында инвесторлар жобаларды іске асыруға кедергі келтіріп отырған бірқатар…
-

КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ Кентау қаласында жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға 7–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып,…
-

САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды. Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған…
-

Түнгі тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды
Шымкент қаласы Абай ауданының полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шаралар барысында түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзып, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған азаматтарды анықтап, олардың әрекетін тоқтатты. Нәтижесінде 5 қала түрғынына қатысты пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану дерегі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген орындарда және беймезгіл уақытта пайдалануға жол берілмейтінін…
-

СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙ ТАЙҚАЗАННЫҢ ТАРИХЫН КИНО АРҚЫЛЫ ЖАҢҒЫРТПАҚ
СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙ ТАЙҚАЗАННЫҢ ТАРИХЫН КИНО АРҚЫЛЫ ЖАҢҒЫРТПАҚ Түркістанда әлемге танымал режиссер Сергей Дворцевой Тайқазан тарихына арналған кең форматты көркем фильм түсіруге дайындалып жатыр. Режиссер бір жылдан астам уақыт бойы тарихи деректерді зерттеп, Қазақстан мен шетел архивтерін ақтарған. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сергей Дворцевоймен кездесіп, халықаралық киножобаның барысымен және алдағы жоспарларымен танысты. Кездесуде түсірілім…
-

АНОНС!
2026 жылғы 23 қыркүйек күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады.Кездесу сағат 10:00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайында орналасқан бұрынғы облыстық филармония ғимаратында (4-қабат) өтеді. Қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосымша…
-

TikTok-тағы заң бұзушылық: Қызылорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөз айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды. Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде…
-

60 секундтық қауіпсіздік: көлік өртенген кездегі алғашқы әрекеттер
Автомобильдің өртенуі күтпеген жерден болуы мүмкін. Бұған электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы немесе техникалық ақаулар себеп болуы ықтимал. Қозғалыс кезінде түтін немесе өрт байқалса, ең алдымен көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, автомобильден шығу қажет. Қозғалысты жалғастыруға немесе капотты толық ашуға тырыспаңыз. Капотты ашқан кезде ауа ағыны күшейіп, өрттің таралуына себеп болуы мүмкін.…
-

2025 жылғы мүлік салығы: төлеу мерзімі – 1 қазан
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын **2026 жылдың 1 қазанына дейін** төлеу қажеттігін еске салады. Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және…
-

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы мәслихатының кезектен тыс L (50) сессиясы өткізіледі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanakorgan/press/news/details/1295113?lang=ru
-

Жетiсуда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдау жүріп жатыр
Аталған гранттың негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа бизнес-жобаларды іске асыруына мүмкіндік жасау және олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету. Сонымен қатар, грант жастарды ауыл шаруашылығы мен шағын бизнеске тартуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Грант кімдерге беріледі? Конкурсқа…
-

ШЫМКЕНТТІК СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ
Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медальді салды. Шымкенттік саңлақ каратэші кумитэ бағдарламасы бойынша 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Жарыс жолындағы ширек финалда Софья Берульцева Сауд Арабиясының өкілі Дина Ахмед Мостафаны 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама…
-

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қазығұрт ауданында Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, елді мекендердің тазалығына үлес қосу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары ауданның бірқатар аумақтарында, соның ішінде Қазығұрт асуындағы «Кеме қалған» монументі мен Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» саябағында қарқынды жүргізілді. Сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, тазалық…
