Санат: Алматы
-

2026–2027 оқу жылына дайындық бойынша мониторинг жүргізілуде
2026–2027 оқу жылына дайындық бойынша мониторинг жүргізілуде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, 2026–2027 оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығын бағалау мақсатында мониторингтің бірінші кезеңі 2026 жылғы маусым айында басталды. Департамент тарапынан мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына бақылау және мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында…
-

ҚР Қаржы министрлігі жекешелендіру қорытындысын шығарды: 977 млрд теңгеге 402 объект өткізілді
ҚР Қаржы министрлігі жекешелендіру қорытындысын шығарды: 977 млрд теңгеге 402 объект өткізілді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның 2025 жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, мемлекеттік активтерді басқару саласындағы негізгі нәтижелер туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде Комитеттің қарамағында 134 акционерлік қоғам, мемлекет қатысатын 37 жауапкершілігі шектеулі…
-

Қазақстан ГРЕКО-мен өзара іс-қимылды нығайтуда
Страсбург, 2026 жылғы 8-12 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 103-пленарлық отырысына қатысты. Іс-шара барысында ГРЕКО-ға мүше мемлекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынымдарды іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ұлттық тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті үрдістері мәселелерін талқылады. Отырыс аясында Агенттік өкілі…
-

Астанада жазғы лагерьлердің бірінші маусымы аяқталды: оған 72 мыңнан аса бала қатысты
Астана қаласында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлердің бірінші маусымы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бірінші маусымда 72 567 оқушы түрлі бағыттағы танымдық бағдарламалармен қамтылып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізді. Оқушылар «Оқитын ұлт: OZYQ ULT», «Болашақ LAB», «GREEN CITY: Балалар таңдауы», «Әділет CAMP», «Smart Bala» және…
-

Alstom компаниясының электровоздарға қызмет көрсету жөніндегі Бас сервистік орталығының құрылыс алаңына жұмыс сапары ұйымдастырылды
10 маусым күні Alstom компаниясының электровоздарға қызмет көрсету жөніндегі Бас сервистік орталығының құрылыс алаңына жұмыс сапары ұйымдастырылды Alstom – теміржол көлігі саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп, жергілікті өндірісті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және білікті кадрлар даярлауға инвестиция құйып келеді. Жұмыс сапарына Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті…
-

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» атты 190-шы ерікті өртке қарсы құрылым ашылды
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қамыстыбас ауылында 190-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті Қамыстыбас, Ақбай, Қосжар және Сарыбеткей ауылдарында тұратын Арал ауданының 4 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімше жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен құрылды. Мұнда еріктілердің тәулік бойы қызмет атқаруы үшін барлық…
-

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 13 және 14 маусым күндері Ә. Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылы дейінгі учаскеде Керей Жәнібек көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 13 және 14 маусым күндері Ә. Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылы дейінгі учаскеде Керей Жәнібек көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала…
-

Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы ардагерлер орталық кеңесінің төрағасымен кездесті
Көкшетау қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесуі өтті. Делегация шахмат ойнау, балшықпен емдеу, қолөнер, арт-терапия, вокал кабинеттерін, үстел теннисі залын, компьютер сыныбын, тұз шахтасын, тренажер залын және басқа да нысандарды аралап көрді. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, қызығушылыққа негізделген үйірмелер мен спорттық…
-

Астанада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Астана қаласында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Сакен Алауханов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оның айтуынша, жыл басынан бері интернет-алаяқтық фактілері бойынша 66 адам ұсталып, жауапкершілікке…
-

Астананың туристік картасы: қоғамдық көлікті пайдалану жеңілдей түсті
Елорда қонақтарына қоғамдық көлікті пайдалану бұрынғыдан да жеңілдей түсті. Астана халықаралық әуежайында қала ішінде алғашқы минуттардан бастап жайлы қатынауға арналған туристік көлік карталары қолжетімді болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жоба Visit Astana, City Transportation Systems (CTS) және Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесін дамытып отырған Innoforce IT-холдингі бірлесіп жүзеге асырды. Туристік карта қала қонақтарына…
-

Экология министрі жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапар аясында министр облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кеңес өткізіп, өңірдің экологиялық ахуалы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, орман шаруашылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кеңес барысында Тараз қаласындағы тазарту құрылыстарын салу мәселесіне ерекше назар аударылды.…
-

Министрдің Жамбыл облысына жұмыс сапары
Бүгін Министр Жамбыл облысындағы орман шаруашылығы мекемелерінің қызметімен, өртке қарсы іс-шаралардың барысымен, мемлекеттік орман қорын қорғау жағдайымен, сондай-ақ ормандарды молықтыру және материалдық-техникалық базаны нығайту жөніндегі жұмыстармен танысты. Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында жүргізіліп жатқан өтемдік ағаш отырғызу жұмыстарының барысымен және Байзақ орман питомнигінің қызметімен танысты. Байзақ ормандарды және жануарлар…
-

Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады
Астана, 2026 ж. 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда, инвестиция, тасымалдау және логистика, цифрландыру, маңызды минералдар мен энергетика, электроника және озық өндіріс, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту…
-

Әуезов ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды
Әуезов ауданы әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік және еңбек тәртібін нығайту мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Жиынды Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ләззат Нұржігітқызы Жетыбаева жүргізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында және тұрмыста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік…
-

Өтеген-Батыр кентінде семинар-тренинг өтті
2026 жылғы 12 маусымда Өтеген-Батыр кентінде Іле ауданы мен Алатау қаласының қызметкерлері үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды арттыруға бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Практикалық мысалдар мен жаттығуда өтініштерді қарау, жедел ден қою шараларын қабылдау және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бағалау тәртібінің алгоритмдері мен схемалары…
