Санат: Алматы
-

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жастар саясатын іске асыру мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі жастар саясаты мәселесі бойынша Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Олжас Бейсенбаев баяндама жасады. Абай облысында 147 982 жас тұрады. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4%-ды құрап, NEET санатындағы жастар саны…
-

МАДИНА – ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Филиппин астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия және Мұхит аймағы чемпионатында жерлесіміз Ержан Мадина барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Дүбірлі додаға 30 елден 500-ге жуық үздік балуан қатысты. 80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мадина жоғары шеберлігі мен ұтымды тактикасының арқасында барлық белдесуін сәтті өткізіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша ол…
-

Астана қаласы Полиция департаментінің полицейлері ҚР ІІМ чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен жауынгерлік қарудан ату бойынша екі күндік республикалық чемпионат өтті.Дәстүрлі додаға еліміздің барлық өңірінен келген 28 құрама команда, 100-ге жуық полиция қызметкері қатысты. Олар тапанша мен автоматтан ату бойынша өзара мықтыны анықтады.Чемпионаттың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің жауынгерлік және атыс даярлығының деңгейін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау және үздік…
-

Жетісай аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Жетісай аудандық мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 12.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді. Аудандық мәслихаттың депутаттарын, сессияға шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 8 шілде күні сағат 11.30-дан бастап жүргізіледі. Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі: 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы; Шаблан Ділдабеков, Жолдасбай Ералиев, Абай, Атамекен, Қызылқұм ауылдық округтері әкімдерінің есептері…
-

Жетісу облысының шаруашылықтары күздік бидай оруға кірісті
Жетісу облысында егін орағы науқаны басталды. Өңір диқандары күздік бидайды жинауға кірісті. Биыл астық дақылдары 65,8 мың га алқаптан жиналмақ. Егін орағына алғашқылардың бірі болып Кербұлақ ауданының шаруашылықтары бастады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқылардың қатарында егістік алқаптарына «Архарлы» ЖШС-нің техникасы шықты. Серіктестік басшысы Төлеген Есембековтің айтуынша, шаруашылық 2014 жылдан бері…
-

Абай облысында Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті
Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне орай жастарға Конституцияның негізгі ережелері мен құндылықтарын түсіндіруге арналған тақырыптық кездесу өтті. Іс-шараға спикер ретінде Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің деканы Сабитов С. М., Абай облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы…
-

Әлеуметтік сұрақтар бойынша тікелей эфир
2026 жылдың 29 маусым күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы А. Байменова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен «Әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыру, көтерме жәрдемақылар, басқа да әлеуметтік салада мемлекеттік көрсетілетін қызмет» тақырыбында Instagram әлеуметтік желісі (elgeqyzmet.ulytau) арқылы тікелей…
-

2026 жылғы 7 шілдеден бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1250274?lang=ru
-

Отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «Жас әкелер» форумы ұйымдастырылды
Форумда жауапты әке болудың өзекті мәселелері талқыланды «Жас әкелер» форумы аясында қоғамдағы әкенің рөлі мен жауапкершілігіне арналған мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев жастар арасында отбасы құндылықтарын нығайту, саналы әке болуға дайындық және отбасы институтын қолдаудың маңыздылығына тоқталды Семей қаласының прокуроры Мейржан Төлегенұлы Қалиасқаров өз…
-

Қызылорда облыстық «Қоғам ТВ» телеарнасында «Мезгіл мәселесі» бағдарламасы аясында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп, мінсіз бедел және «Адал азамат» қағидаттары» тақырыбында сұхбат берілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова 30.06.2026 жылы Қызылорда “Қоғам ТВ” телеарнасындағы «Мезгіл мәселесі» бағдарламасында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп, мінсіз бедел және «Адал азамат» қағидаттары туралы тақырыбында сұхбат берді. Сұхбат барысында Әдеп жөніндегі уәкіл А.Маханова бағдарлама жүргізушісінің мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттері мен қағидаттарына қатысты сұрақтарына…
-

«Адал азамат – озық ойлы ұлт» жобасы аясында оқырман жастардың кезекті кездесуі өтті
Жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кездесудің қонағы – «Кітапхан» жобасының резиденті Хамит Сапарбайұлы Ердехан болды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Зерделі ұлт» идеясын және кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамаларын жүзеге асырудың маңыздылығы сөз болды. Спикер кітаптың жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеудегі ерекше рөлін атап…
-

2026 жылғы ЭШФ: ақпараттық жүйенің бұғатталуынан және айыппұлдардан қалай жалтаруға болады
Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) уақытылы жазып беру – бұл жай ғана формальдылық емес, кез келген бизнестің қауіпсіздігі үшін маңызды процесс. Салық кодексі оларды ұсынудың нақты мерзімдерін және бұл талаптарды бұзғаны үшін қолданылатын салдарды белгілейді. Құжаттарды жазып беруді соңғы күнге қалдырмаңыз! «ЭШФ АЖ» (ИС ЭСФ) жүйесіне кірудің бұғатталуы бүкіл компанияның жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін. ЭШФ жазып беру…
-

Алматы қаласының Спорт басқармасы ведомстволық бағынысты кәсіпорынның бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Алматы қаласының Спорт басқармасы «№ 7 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Алматы қаласының Спорт басқармасы «№ 7 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының заңды мекенжай : Алматы қ., Түрксіб а., Зорге к-сі, 8А ү. Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласында шаруашылық…
-

Астанада элиталық велосипедті ұрлаған күдікті ұсталды
Астана қаласында полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты паркингінен қымбат велосипедті ұрлаған ер адамды ұстады.Тергеу барысында, күдікті тұрғын үй кешенінің астындағы паркинг аумағына заңсыз кіріп, арнайы құлыппен бекітіліп тұрған швейцариялық Scott маркалы спорттық велосипедті жасырын түрде алып кеткен. Аталған велосипед кәсіби велоспортшылар арасында кеңінен танымал және жоғары санаттағы спорттық құралдардың бірі болып саналады.Жедел-іздестіру іс-шаралары…
-

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды
Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды. Нысандарда ғимараттар толығымен…
