Санат: Алматы
-

Күндіз-тапсырыстарды жеткізу, кейін-есірткіні тарату: Көкшетауда есірткі курьері ұсталды
“Қарасора – 2026” жедел – алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетауда полицейлер курьер болып жұмыс істеген кезде “a-PvP” синтетикалық препаратын таратумен айналысқан 33 жастағы ер адамды ұстады.Оның заңсыз әрекеттерін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатты. Жедел және тергеу шаралары барысында қатысушыдан жалпы салмағы 17 грамм болатын психотроптық затпен 15 түймешек табылып, тәркіленді.Ер адам ресми түрде…
-

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1–2 курс студенттеріне «Конституция — Қазақстан Республикасының Негізгі заңы: негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізді.
КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1–2 курс студенттеріне «Конституция — Қазақстан Республикасының Негізгі заңы: негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында дәріс өткізді.📚 Дәріс барысында студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, онда бекітілген адамның және азаматтың…
-

Speaking Club форматындағы ағылшын тілі курсының соңғы сабағы өтті.
Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы мен облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға бағытталған жол картасының 20-тармағы аясында ұйымдастырылып жатқан Speaking Club форматындағы ағылшын тілі курсының соңғы сабағы өтті. Сабақ барысында қатысушылар ағылшын тілінде еркін сөйлесу дағдыларын жетілдіріп, түрлі тақырыптар бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады.…
-

«Отбасы және “Таза Қазақстан”» экологиялық іс-шарасы
«Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп» КММ-де қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы және “Таза Қазақстан”» атты экологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірлесе тазалық жұмыстарын жүргізіп, табиғатты аялау мен туған жерге қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Бірлескен еңбек қатысушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және өзара қолдауға үндеді. Таза аула мен көрікті…
-

Ақмола облысында пойыз 13 бас малды қағып кетті – Көліктегі ПД
Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері пойыздардың шұғыл тежеуіне қатысты 1005 фактіні тіркеді. Оның 746 жағдайы, яғни жартысынан астамы, ауыл шаруашылығы жануарларының теміржол жолдарына шығуымен байланысты. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов мәлімдеді. Оның айтуынша, кезекті оқиға 13 қыркүйекте Ақмола облысындағы Макинка – Елтай аралығында орын алған. «Петропавл – Алматы» бағытындағы жолаушылар…
-

Мемлекеттік кепілдік
2027 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша біржолғы өтемақы төлеу тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына мемлекет толық кепілдік береді. Төлем тәртібінің өзгеруі зейнетақы жүйесінің дамуымен байланысты. Азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі берілді. Бұл видеода өтемақы төлеу тәртібінің қалай өзгеретіні және…
-

«Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу
2026 жылдың 07 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Аязбаевтар әулетімен кездесу өтті.Кездесу барысында өнегелі отбасының өмірлік тәжірибесі, отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.Аязбаевтар әулеті жас ұрпаққа отбасының қоғамдағы маңызы, ауызбіршілік пен сыйластықтың қадірі туралы өз ойларымен бөлісті. Осындай кездесулер арқылы ұрпақтар…
-

БҚО-да полицияның үздік қоғамдық көмекшілері анықталды
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде құқық бұзушылықтардың профилактикасына және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын полицияның қоғамдық көмекшілері арасында “Қалалық және ауылдық жерлердегі үздік полицияның қоғамдық көмекшісі” конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты – қоғамдық көмекшілерді ынталандыру, олардың құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы белсенділігін арттыру және оң тәжірибесін насихаттау. 7-15 қыркүйек аралығында өткен конкурс барысында қатысушылардың құқық…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай салтанатты шара өтті
Шара барысында Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары Самат Ахметов қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғысын білдірді. Мерекелік шара барысында сала ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан көпжылдық үлесі атап өтілді.…
-

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі бейнекамералармен де қадағалануда
Ақтөбе облысы аумағында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара 14-16 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.Жолдағы қауіпсіздікті арттыруға, жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында бағытталған шара барысында полиция Жедел басқару орталығының заманауи бейнекамераларын да белсенді пайдалануда.Мысалы, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол ережелері талаптарын елемеуі деректері облыс орталығында орналасқан бірнеше бейнекамераның…
-

Қазақстан Елшісінің Любляна Архиепископымен кездесуі: Конфессияаралық диалог пен рухани келісімді нығайту
2026 жылғы 17 қыркүйек, Любляна — Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Любляна Архиепископы, митрополит Станислав Зоремен кездесу өткізді. Кездесу барысында конфессияаралық келісімді нығайту, дінаралық диалогты дамыту және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Елші Словения католик шіркеуінің басшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық және ішкі саяси реформалар, сондай-ақ еліміздің этносаралық…
-

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралары туралы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру және профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Осыған байланысты Департамент қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына жол…
-

Ақтөбеде субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді жұмсалу заңдылығын тексеру барысында аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады. Анықталғандай, «Томирис-2019», «Мартук-2030» және «Тенге-2030» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның салдарынан…
-

«Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу
Алмалы ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді насихаттау және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық мұраның негізі» атты танымдық кездесу өтті.Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары мен дәстүрлі мәдениеті таныстырылып, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас ұрпаққа үлгі етілді. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері туралы әңгімелер айтылып, ұлттық мұраны сақтаудың маңыздылығы атап…
-

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері ашылуда
Ақмола облысында қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жаңа оқу жылы аясында Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Зеренді, Жақсы және Целиноград аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған тағы 8 кабинет ашылды. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыста осындай 10 қолдау кабинеті пайдалануға берілген болатын. Осылайша, оқу жылының…
