Санат: Алматы
-

Астанада Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Астана қаласында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы инженерлік желілерді салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруі қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1294011?lang=ru
-

Қарағанды облысында «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі өзгерді
Сурет ЖИ арқылы жасалған Қарағанды облысында «Құрметті азамат» атағын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықтар атақ беру тәртібі мен үміткерлерге қойылатын талаптарды қамтиды. Бұған дейін атақ иегерлері жыл сайын анықталса, енді екі жылда бір рет беріліп, бір жолы 10 адамға дейін «Құрметті азамат» атағын алуы мүмкін. Жаңа қағидаларды облыстық мәслихат депутаттары кезекті XXXVII сессиясында бекітті. «Қарағанды…
-

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Шымкенттің Әл-Фараби ауданында қала әкімінің тұрғындармен көшпелі кездесуі өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 17-шағынауданынға, City Park саябағына, Молдағұлова көшесіндегі №6 үйдің ауласына және Ескі қалашықтың аумағына барды. Кездесу барысында тұрғындар мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, кәсіпкерлік нысандарының жұмысы, қараусыз қалған жануарларды аулау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы, аумақтарды тазалау және қоқыс шығару…
-

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Отырар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында арнайы жұмысшы топ өкілдері бұған дейін тазалық талаптарын сақтау жөнінде берілген ескертулерді орындамаған кәсіпкерлік нысандарының иелерімен қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар заң талаптарын сақтамаған бірқатар тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ауданның тазалығы мен көркеюі –…
-

«АЛТЫН ДОМБЫРА» VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АТЫРАУДА ӨТЕДІ
Атырау қаласында 2026 жылғы 29–30 қазанда Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор, күйші-композитор Әзидолла Есқалиевке арналған «Алтын домбыра» VII халықаралық домбырашылар және үш ішекті халық аспаптары орындаушыларының байқауы өтеді. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың дәстүрлі күй өнерін халықаралық деңгейде насихаттау, Әзидолла Есқалиевтің орындаушылық және шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ жас таланттарды анықтап, қолдау. Байқауға 16 жастан асқан…
-

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНА БЕРІЛГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН ПІКІРЛЕРГЕ
2024 жылдан бастап Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 223 орамда орналасқан жер учаскелерін футбол стадионын салу мақсатында мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулылары қабылданып, 190 жер учаскесі мемлекет иелігіне алынды. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер…
-

Ақтөбеде волейболды отырып ойнаудан қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтуде
Ақтөбе қаласындағы «Қуат» спорт кешенінде волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші кезеңі өтуде. Чемпионатта Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Астана қаласының командалары бақ сынап жатыр. Чемпионаттың негізгі міндеттерінің бірі — Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына спортшыларды іріктеу. Ойындар барысында жаттықтырушылар штабы спортшылардың дайындық деңгейін, жеке шеберлігі мен командалық өзара үйлесімін…
-

ҚҚС БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚҚС БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістер тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадияр Мансұр ҚҚС саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндірме берді. Атап айтқанда, төмендегі мәселелер қамтылды: ҚҚС мөлшерлемесіндегі өзгерістер; ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне…
-

Қызылордада интернет-алаяқтықтың кең тараған схемалары мен сақтану жолдары брифингте айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Хамитов Тимур Зуфарұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифинг барысында өңірдің тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Цифрлық технологиялардың дамуы интернет-алаяқтардың әрекет ету тәсілдерінің де жаңаруына себеп болып отыр. Соның ішінде жасанды…
-

Алматы облысында мобильді байланыс пен қолжетімді интернетті дамыту жұмыстары жалғасуда
Алматы облысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және өңір тұрғындарын сапалы мобильді әрі тұрақты интернетпен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру аясында байланыс операторларымен бірлесіп мобильді байланыс пен интернет сапасына мониторинг жүргізілуде. Оның ішінде шалғай елді мекендер мен автомобиль жолдарының бойындағы аумақтарды байланыспен қамтуға ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және…
-

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!
Қазіргі таңда интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп келеді. Алаяқтар жалған интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер және банк қызметкерлері ретінде қоңырау шалу арқылы азаматтардың ақшасын иемденуде. Полиция азаматтарға бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпия сөздерді бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Сақ болыңыз! Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз және күмәнді жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1293983?lang=ru
-

Жетісу облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді
Жетісу облысында Дүниежүзілік тазалық күні аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді 2026 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 09:00-де Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні экологиялық акциясы…
-

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ‼️ 360° БЕЙНЕШОЛУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ӨТУ КЕРЕК?
📌360° форматта бейнешолуда: — бөлменің барлық қабырғалары мен бұрыштарын; — төбе мен еденді; — жұмыс үстелінің үсті, асты және жан-жағын; — монитор, пернетақта және компьютер тінтуірді; — жүйелік блокты (пайдаланылған жағдайда) көрсетіңіз. ✅Бейнешолу аяқталған соң смартфонды жұмыс орны толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз. 🔷Камерадан: — кандидаттың қырынан көрінісі; — жұмыс орны мен монитор аймағы;…
-

Қазақстанның Бас консулы Самарқанд облысының өкілдерімен туризмді дамыту мәселелерін талқылады
2026 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шарипов Самарқанд облысы Туризм басқармасының бастығы Журабек Суюновпен және белгілі кәсіпкер, «Shahrezada Sam Star Tour» туристік компаниясының бас директоры, Самарқанд облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты Толиб Джахангировпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, Самарқандты Қазақстанның ірі…
-

Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды
Ақтөбе облысының әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың бірлескен отырысы өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров төрағалық еткен жиынға облыстық комиссия мен өңірлік штаб мүшелері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы,…
