Санат: Шымкент
-

Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ақпараттық-түсіндіру кездесулері
Халықтың құқықтық сауаттылығын, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында – «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында еңбек ұжымдарында ақпараттық кездесулер өткізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс «Sanaly urpaq – 2050» қоғамдық қорымен іске асырылады, Қостанай қ. Кездесулер спикері ретінде Жітіқара аудандық прокуратурасының аға прокуроры…
-

Қостанай облысында 44 га аумақта экопарк ашылды
Қостанай қаласының сыртындағы 43,8 гектар аумақты алып жатқан экопарк өңіріміздің экологиялық әрі мәдени өміріндегі айтулы оқиға екені анық. Құны 660 миллион теңге болатын саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге әйгілі зілтемірші, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, өңірдің қоғам белсенділері, спортшылар, ерікті жастар қатысты. Қостанай ауданындағы Мичурин ауылдық округінің орман алқабында…
-

Аппаратное совещание.
Сандықтау ауданында аудан әкімі Серік Құдабайдың қатысуымен аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес басында аудан әкімі Серік Құдабай Сандықтау ауылдық округінің дамуына қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін Фархад Жунусовқа алғыс білдірді. Сондай-ақ аудан активіне Сандықтау ауылдық округінің жаңа әкімі…
-

Атырауда психотроптық зат тұтынған жүргізуші ұсталды
Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізуде. 14 қазан күні рейд барысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Daewoo автокөлігін жүргізген азамат және психотроптық заттарды тұтынған күйде BMW көлігін басқарған жүргізуші анықталды. Сонымен қатар Toyota, Lada және Chevrolet маркалы автокөліктердің жүргізушілері қарсы бағытқа арналған жолаққа…
-

Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде. Жасанды интеллект, заманауи бейнебақылау және роботтандырылған технологиялар елорданың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда. Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдалануда. Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс заманауи…
-

«№ 29 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де профилактикалық бақылау аяқталды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазин Әли «№ 29 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де профилактикалық бақылау жүргізуді аяқтады. Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және жұмыс берушінің құқықтық сауаттылығын арттыру. Бақылау іс-шарасы барысында еңбек…
-

«Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!
«Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!2026 жылғы 9 қазанда Сандықтау ауданының ұйымдары мен мекемелері арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен күзгі жеңіл атлетикалық кросс өтті. Жарыс шаңғы-роллерлік трассада ұйымдастырылды. Аудан әкімі Серік Құдабайдың атынан жарысқа қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтады. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және әр…
-

ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды
Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды. Таңертең үйден шығып, подъезге беттегенде, кеше ғана тап-таза болған қабырғадан бейтаныс жазуды көрдіңіз делік. Бір қарағанда, оған мән бермеуге де болады. Алайда осындай ұсақ көрінетін әрекеттер ауланың ажарын кетіріп, тұрғындардың ортақ кеңістікке деген көзқарасына әсер етеді. Ал қабырғадағы жазулардың бәрі…
-

Қазақстан мен ФАО су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев Рим қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) басшылығының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. ФАО-ның Ресурстарды жұмылдыру департаментінің директоры Александр Джонспен, ФАО Бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі әрі ФАО-ның Қазақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Виорел Гуцумен, сондай-ақ…
-

WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті
Бүгін Эр-Рияд қаласында WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шарада Қазақстанның туы көтерілді. Бұл – 2028 жылы әлемдік энергетика қауымдастығының Астанада бас қосатындығын білдіреді. Рәсімге WPC Energy президенті Педро Мирас, Сауд Арабиясының Ұлттық даму қорының басқарушысы Абдулазиз Әл-Арифи және KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина қатысты. WPC Energy конгресі алғаш рет Орталық Азияда…
-

Жітіқара ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы қоғамдық бақылау мәселелері бойынша семинарлар өтті
Жітіқара ауданының халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында 2026 жылғы 14 қазанда әртүрлі нысаналы топтар: Қоғамдық кеңес мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, жергілікті қоғамдастық, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, жастар және басқалар үшін семинар өтті. Жобаны «Sanaly urpaq – 2050» қоғамдық қоры іске асыруда. Спикер ретінде «Адал Дос…
-

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында шамамен 5 мың шақырым су құбыры желісін 700 млрд теңгеге жаңғырту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 400 млрд теңгеге 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 45 кәріз-тазарту нысанын салу және қайта жаңғыртуға шамамен 800 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен…
-

Сырдан сазды сәлем: Қазақ өнері Берлин төрінде
Германия астанасы Берлин қаласында Республика күніне орай Сыр елінің өнер шеберлері мерекелік концерт қойды. Оған Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов, елшіліктің, қазақ диаспорасының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ Берлинде тұратын отандастарымыз бен жергілікті мәдениет жанашырлары қатысты.Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени шараның мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын, ұлттық өнері мен мәдени құндылықтарын халықаралық…
-

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті
Облыс әкімі Есет Байкен Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді. Алдымен қала әкімі Айқын Қылышев 2026 жылғы даму көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстарды баяндады. Одан кейін облыс әкімі өңірдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. «Қаражал – өңіріміз үшін маңызды қалалардың бірі. Қаланың әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір…
-

15 қазан күні Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Г.Тұрғаналиевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті. Кеңес отырысына төралқа мүшелері және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шукуров «Тасқала ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешім жобасымен таныстырды. Комиссия мүшелері бірауыздан…
