Санат: Шымкент
-

Қазақстанда 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабында шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысының АӨК-ті кешенді түрде дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша бүгінгі таңда химиялық өңдеу 1,3 млн гектар алқапта жүргізілген, бұл – биылға межеленген жұмыстардың жалпы болжамды көлемінің 62%-ы. Қорғау іс-шаралары фитосанитариялық мониторинг нәтижелері негізінде жүзеге асырылуда.…
-

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1245750?lang=ru
-

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан оркестрі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Петропавл қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетімді оркестрі Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шеру мен мерекелік концерт өткізді. Музыкалық бағдарлама GuardNext жобасы аясында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті етті. Әуелі қаланың ең танымал орындарының бірінде әскери музыканттардың салтанатты шеруі өтті. Одан кейін оркестр концерттік бағдарламасын ұсынды. Онда әскери-патриоттық шығармалар мен…
-

Алматы қуыршақ театры «Шомбай-fest» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 2026 жылы 17-22 маусым аралығында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласында өткен VI «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестиваліне қатысты. Театр ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Ортеке» спектаклін ұсынып, қазылар алқасының шешімімен «Үздік спектакль» номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды. Ауқымды фестивальге Қазақстаннан, Африка елдерінен, Серб…
-

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына!
Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына! 2026 жылдың 24 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 1000 де округ әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде: Басши, Сарыбұлақ ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметер бойынша және атқарылып жатқан жұмыстары туралы есептері Кербұлақ ауданының құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарылып жатқан…
-

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ел игілігі мен мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Жауапты қызметтеріңізге сыр бермес төзімділік, жаңа жетістіктер және сарқылмас күш-жігер тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен дамуы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1245737?lang=ru
-

Бір тонна макулатураны қайта өңдеу шамамен 17 ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді!
Қағазды қайта өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдеудің және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың тиімді жолдарының бірі. Макулатураны қайта өңдеу арқылы ағаштарды кесуді азайтып қана қоймай, су мен электр энергиясын үнемдеуге, сондай-ақ қалдықтар көлемін қысқартуға болады. Әрбір жиналған қағаз бен картон табиғатты қорғауға қосылған үлес. Қажетсіз қағаздарды қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға…
-

БҰҰ-да Қазақстанның цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы жетістіктері таныстырылды
Нью-Йорк, 2026 жылғы 22 маусым – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жасанды интеллект жылы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті дамыту саласындағы жетістіктері таныстырылған жоғары деңгейдегі іс-шара өтті. Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке сектордың, академиялық орта мен сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты…
-

ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА
ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА Әуезов ауданында Отбасын қолдау орталығы Әкелер күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырды. Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің қоғамдағы рөлін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Барша әкелерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әр шаңырақта сыйластық пен татулық…
-

📢 Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (Салық кодексінің15-бабы)
📌 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйым деп жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90%-ы әлеуметтік қызметтен қалыптасатын заңды тұлға танылады. 🏥 Әлеуметтік салаға келесі қызмет түрлері жатады: ▪️ Медициналық қызметтер (оның ішінде медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болған жағдайда)▪️ Білім беру (мектепке дейінгі, қосымша және лицензияланған білім беру)▪️ Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет▪️ Спорт…
-

Жетісуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриалды парк құрылады
Жетісу облысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында төмен биіктіктегі экономиканы дамытуға, озық технологияларды енгізуге және зияткерлік өндірісті өркендетуге бағытталған индустриялық парк құрылады. Осыған байланысты Жетісу облысының әкімдігі мен инвестор компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құжатқа Polyking Newhorizons Technology Industry Co., Ltd. компаниясының бас директоры…
-

Тараз қаласында күнделікті алдын алу шаралары жалғасуда
Жазғы кезеңде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының аумағында шомылуға тыйым салынған орындарда күнделікті профилактикалық және рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Іс-шаралар барысында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу туралы…
-

Көп балалы отбасылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері көпбалалы отбасылармен олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Орталық мамандары әлеуметтік қолдау көрсету, отбасы заңнамасы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға психологиялық қолдау береді. Жұмыс барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу шарттары,…
-

ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1245732?lang=ru
-

Өрт қауіпті кезеңдегі профилактикалық жұмыстар жалғасуда
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға өрттің туындау себептері, тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде жиі жіберілетін қателіктер, ашық отты қолдану кезіндегі сақтық шаралары және төтенше жағдай орын алған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы кеңінен түсіндірді. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1245733?lang=ru
