Санат: Шымкент
-

Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі жұмыс тобының кезекті отырысын бейнеконференция форматында өткізді. Іс-шараға ШИК жұмыс тобының тең төрағасы Дмитрий Пропп, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында қатысушылар жұмыс тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру барысын…
-

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті
Президент осындай салмақты делегацияның келуі Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі экологиялық мәселелердің шешімін табудағы БҰҰ-ның рөлін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы геосаяси тұрақсыздық белең алған шақта климат өзгерісі, қоршаған ортаның нашарлауы және су ресурстарының тапшылығы секілді қазіргі…
-

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталып, сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесуде климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформацияға арналған бастамаларды ілгерілету және денсаулық сақтау саласына…
-

Қазақстанда оңалтудың техникалық құралдарымен жеке қамтамасыз етудің пилоттық жобасы іске қосылады
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарды оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) жекелеген түрлерімен тегін қамтамасыз етудің жаңа тетігі енгізіледі. Аталған пилоттық жоба Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында жүзеге асырылады. Жоба 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында әзірленіп, қолдау жүйесін мейілінше тиімді әрі қолжетімді етуге бағытталған. Қазіргі уақытта ОТҚ-мен қамтамасыз ету оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, қайтарымсыз негізде…
-

«YNTYMAQ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қазақстандық «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігімен 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойды.Аталған өңірлік келісімнің басты мақсаты – еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және…
-

Бейбіт Исабаев XXV Сурдлимпиада ойындарының жүлдегері Рамазан Әбдрасілге бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының грек-рим күресінен қола жүлдегері, биылғы Қазақстан чемпионы Рамазан Әбдрасіл мен жаттықтырушысы Әлімжан Базарбекті қабылдады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы спортшыны жоғары жетістігімен құттықтап, оның Токио қаласында өткен XXV Сурдлимпиада ойындарындағы жеңісі тек Жетісу үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға…
-

📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті
📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті 📍 Ақтөбеде Ұлттық кітап күніне орай «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі өтті. ✨ Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 📖 Ашық алаңда өткен фестиваль кітапсүйер қауымды бір ортаға жинап, оқырмандар аймағы…
-

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келеді. 2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады. Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске…
-

Таулар және климаттың өзгеруі: осалдықтан тұрақты дамуға дейін
Өңірлік экологиялық саммит аясында «Таулар және климаттың өзгеруі: осалдықтан тұрақты дамуға дейін» атты панельдік сессия өтті. Қырғыз Республикасының тиісті мекемелері ұйымдастырған іс-шараға Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері, БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары және Дүниежүзілік банктің жетекші сарапшылары маңызды мәселені: әлем халқының жартысынан көбін тұщы сумен қамтамасыз ететін тау экожүйелерін қалай қорғау керектігін талқылау үшін…
-

Су тұтыну артатын кезеңде суды ұтымды пайдалануды ынталандыру шаралары
Су тұтыну артатын кезеңде су ресурстарын ұтымды пайдалану – Су ресурстары және ирригация министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта ведомство экономиканың түрлі салаларында суды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеп, қабылдауда. Былтыр жаңа Су кодексі қабылданды. Бұрынғы редакцияда су қаржылық пайда табу құралы ретінде қарастырылса, енді ол экожүйенің маңызды бөлігі ретінде айқындалды. Су…
-

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен коммуналдық сала мамандары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан төсбелгі және Алғыс хаттармен марапатталды.
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен коммуналдық сала мамандары Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан төсбелгі және Алғыс хаттармен марапатталды.Атап айтсақ,ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» ТӨСБЕЛГІСІ:Ашубаев Жақсыбай Байзонұлы(«Aqtobe su-energy group» АҚ бас инженердің кәріз су бұру жөніндегі орынбасары)Балымбет Серік Төреғазыұлы(«Коммуналшы» КМК…
-

Суару маусымына байланысты суару каналдары бақылауда
Шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында дайындық іс-шаралары жалғасуда. Жоспарға сәйкес, биыл 62 шақырым канал механикалық тазалаудан өтеді. Бүгінгі күнге дейін оның 11,2 шақырымы тазартылды. Жұмыстарды толық аяқтау қараша айына жоспарланып отыр.Сонымен қатар, Айту би, Балпық және Жолбарыс батыр ауылдық округтерінде суару жүйелерін әктеу және бетондау жұмыстары қарқын алып жатыр.Айта кетейік Елтай ауылдық округінде қант…
-

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды
🏛 Ақтөбе облысы әкімдігінде өңір активінің кеңейтілген отырысы өтті. Аймақ басшысы Асхат Шахаров төрағалық еткен отырысқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты. 📊 Іс-шара мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадр сапасын арттыру, жас мамандарды тарту және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналды. Жиынға облыстық мәслихат, құқық қорғау органдары, аумақтық департаменттер мен басқармалар басшылары,…
-

Орталық Азияда энергетика трансформация жолында — ҚР Энергетика министрі
Астана қаласында өткен RES-2026 Өңірлік экологиялық саммиті аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Азия даму банкінің қатысуымен «Орталық Азияның тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз ету: таза энергия және инновациялар» тақырыбында негізгі сессия өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, оның ішінде Азия даму банкі мен БҰҰ Еуропалық…
-

«Таза Қазақстан»: Рудныйда пластикалық қалдықтарға екінші өмір сыйлаған экологиялық шеберлік сабағы өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Рудный қаласының еріктілері жастар арасында экологиялық ойлауды дамытуға және саналы тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған «Заттарға екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.«Рудненский добряк» қалалық штабының еріктілері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және практикалық дағдыларды дамыту мақсатында пластикалық бөтелкелерден кашпо жасау бойынша экологиялық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шеберлік сабағына белсенді ұзақ өмір сүру…
