Санат: Шымкент
-

Үржардағы «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығында 560 оқушы демалады
Үржар ауданының Тарбағатай тауы баурайында орналасқан «Тарбағатай» оқыту-сауықтыру орталығы биылғы жазғы демалыс маусымында балаларды қабылдауды жалғастыруда. Табиғаты көркем, таза ауамен көмкерілген лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Демалушылар үшін спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шаралар, мәдени-рухани бағдарламалар ұйымдастырылып, олардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл лагерьде…
-

Ақтауда «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясындағы жыр кеші өтті
Ақтауда «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясындағы жыр кеші өтті Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен және «Нават» мейрамханасының қолдауымен «Жеті қайқы ізімен» жобасы аясында жыр кеші өтті. Кештің мақсаты – Жеті қайқы мұрасын дәріптеу, жыраулық өнерді насихаттау және ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267208?lang=ru
-

Ақтауда «Тіл шебері» облыстық конкурсы өтті
Ақтауда кемінде үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. «Байқаудың мақсаты – бірнеше тілді еркін меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету. Бұл жарысқа қатысуға Бейнеу және Маңғыстау аудандарынан төрт мемлекеттік қызметкер келді. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды»,-…
-

«SAZ FEST» фестивалі
Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді жанды музыканың әуенімен тербелетін ерекше өнер кеші – өңірлік вокалды-аспапты ансамбльдердің «SAZ FEST» фестиваліне шақырамыз! Фестиваль 5 тамыз күні, сағат 20:00-де, Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің орталық алаңында өтеді. Фестиваль сахнасында өңірдің үздік вокалды-аспапты ансамбльдері жанды дауыста өнер көрсетіп, әртүрлі жанрдағы таңдаулы шығармаларды орындайды. Атап айтсақ:1. Жаңаөзен қаласы…
-

“SHUBAT FEST” фестиваліне тіркелу ашық!
“SHUBAT FEST” фестиваліне тіркелу ашық! Барлық номинацияға қатысатын үміткерлер shubatfest.kz/registration сайтына өтіп, 10 тамызға дейін өтінімдерін жіберуі қажет. Қатысушыларға сайтта бекітілген ережелерді мұқият оқып шығуы сұралады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267211?lang=ru
-

“SHUBAT FEST” фестивалінің аясында “Ең үздік шұбат” номинациясында байқау жарияланады.
“SHUBAT FEST” фестивалінің аясында “Ең үздік шұбат” номинациясында байқау жарияланады. Негізгі байқаудан бөлек, 6 номинация бойынша байқау өтеді:* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді құрт»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балқаймақ»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді десерт»* «Түйе сүті қосылған ең дәмді кофе»* «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балмұздақ»* «Түйе сүті қосылған ең дәмді коктейль» Өтінімді…
-

Сыр теміржолшыларына құрмет көрсетілді
Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға…
-

Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында Қазақстан–Кения сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды
Найроби, 2026 жылғы 30 шілде — 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында (Найроби) Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы таныстырылым өткізді. Өз сөзінде Елші кениялық бизнес-қоғамдастық өкілдерін Қазақстанда жүзеге…
-

Қазақстан Елшісінің Кениядағы Бурунди Елшісімен кездесуі туралы
Найроби, 2026 жылғы 31 шілде — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кения Республикасындағы Бурунди Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Хабониманамен (Evelyne Habonimana) кездесу өткізді. Әңгіме барысында қазіргі уақытта Бурундидің Африкалық Одақтың төрағасы болып отырғаны атап өтілді. Африкалық Одақ 2026 жылды «2063 жылғы Күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу үшін судың…
-

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен облыстық бюджеттің орындалуы қаралды. Отырысты ашқан өңір басшысы мемлекеттік басқару жүйесіндегі конституциялық қағидаттардың маңыздылығына және олардың іс жүзінде жүзеге асырылуына тоқталды. «Біз Конституцияның жай ғана құқықтық нормалар жиынтығы емес, қоғам мен мемлекеттің күнделікті өмірінде жүзеге асырылатын…
-

Ақмола облысында реконструкциядан кейін тағы 5 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысында айтулы оқиға орын алды – ауқымды реконструкциядан кейін бірден бес теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жаңартылған нысандар Ерейментау, Еркіншілік, Өлеңті, Державинск және Жалтыр станцияларында ашылды. Вокзалдарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде. 2025 жылы Қазақстанда 124 теміржол вокзалын…
-

Ақмола облысында теміржол көлігі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға сала қызметкерлері, ардагерлер мен құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының директоры Дәурен Қабас қатысты. «Ақмола облысының аумағы арқылы ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын теміржол желісі өтеді.…
-

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды. Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми…
-

Бүгін қазақстандық теміржолшылар кәсіби мерекелерін атап өтеді
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Теміржол көлігі жұмыскерлері күні атап өтіледі. Теміржолшылар күн сайын пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтауға және жүктердің уақытылы жеткізілуіне жауап береді. Сала мамандарының кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында Қазақстан халықаралық бағыттарды дамытып, өзінің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып келеді. Барша теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі…
-

Қазақстан Үкіметі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті
Мемлекет басшысының электр энергетикасы саласын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Құжат еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін игеруге бірыңғай ұзақмерзімді тәсілді қалыптастырады. Болашақ нысандарды дайындау кезінде су ресурстарының болуы, энергия жүйесінің қажеттіліктері, техникалық мүмкіндіктер, экологиялық шектеулер және инвестициялар тарту…
