Санат: Шымкент
-
Түлектер шарасына қатысты
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Айшабибі орта мектебіндегі «соңғы қоңырауға» салтанатына қатысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздарды мерекемен құттықтады. – Құрметті түлектер, сіздермен үлкен өмірге аттанар сәттеріңізде кездескеніме қуаныштымын. Бұл күн түлектер үшін ерекше толқынысқа толы мерейлі сәт! Мектеп бітірушілердің көңілінде қуанышпен қатар қимас сезім де бар екені белгілі. Сіздерді оқу…
-
Қазақстан мен Қытай гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
2025 жылғы 26 мамырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті. Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан мәдени-гуманитарлық салада, оның ішінде өнер, кино және театр, медиа-ресурстарды дамыту бағытында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар министр аталған бағыттар бойынша жеткен жетістіктер жайлы сөз қозғап,…
-
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тұран даңғылынан Ш. Айтматов көшесіне дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 25 мен 30 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын…
-
Егемберді Ерғали Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, астананың «Сарыарқа» ауданының әкімі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан…
-
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты:
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты:– 28 және 29 мамырда Б. Майлин көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады;– 30 және 31 мамырда Күйші Дина көшесінен Қажымұқан Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын…
-
Туған жерге тағзым!
1985 жылы мектеп бітірген, 40 жылдық мектеп түлектері туған ауылына деген ыстық ықыласын білдіре отырып, ел игілігіне пайдаланылуы үшін құны 1 000 000 (бір миллион) теңге тұратын ағаш үйдің толық жиынтығын (столдар, орындықтар, ыдыс-аяқтарымен бірге)естелік және рухани тарту ретінде ауыл халқына табыстады. Бұл тарту – туған жерге деген құрметтің, сағыныштың, жастық шағы өткен ауылға алғыстың…
-
Келешек мектептердің заманауи техникалық жабдықталуы ХХІ ғасырдың негізгі дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды: аналитикалық ойлау мен IT-құзыреттіліктен бастап зерттеу және шығармашылық қабілеттерге дейін.
Білім беру моделінің ерекшелігі – теориялық дайындықты зертханалар мен шеберханалардағы практикалық жұмыстармен үйлесімді үйлестіру, заманауи техникамен жабдықталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1004370?lang=kk
-
1,6 млн теңгені қайтару бойынша сотқа дейінгі тәртіпте келісімге қол жеткізілді
Астана қаласында визалық қызметтер көрсететін ЖШС мен тұтынушы арасындағы даулы мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешімін тапты. Келіссөздер нәтижесінде тараптар 1 592 000 теңге көлеміндегі соманы кезең-кезеңімен қайтару туралы ресми келісімге келді. Бұған дейін Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушыдан №2400724-2 және №230724-3 шарттар шеңберінде төленген, алайда толық көлемде көрсетілмеген қызметтерге қатысты…
-
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогемен кездесуі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министр Е. Нысанбаевтың Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Гиогемен кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыптарының бірі Қазақстанның 2025 жылғы 9-13 маусым аралығында Ниццада Франция мен Коста-Риканың бірлескен төрағалығымен өтетін БҰҰ-ның Мұхит жөніндегі үшінші конференциясына (UNOC3) қатысуы болды. Қазақстан теңізге шығудың жоқтығына қарамастан, жаһандық мұхит күн тәртібіне белсенді қатысуға…
-
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен болды
Сапар барысында ІІМ басшысы облыстың ІІО жеке құрамының дайындығын тексеріп, қызметтік инфрақұрылым объектілерін қарап, әріптестерімен кеңес өткізді. Атап айтқанда, Ержан Саденов облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге полиция департаменті госпиталінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін медициналық қамтамасыз ету жұмысын жаңғырту ісімен танысты. Сонымен қатар ведомство басшысы аудандық полиция бөлімдері, департаменттің өзге…
-
Қабылдау
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын сұрақтары бойынша қабылдап, талап-тілектеріне назар аударды. Қабылдауда болған Жаңаөткел ауылының тұрғыны Әлібек Абуев жұмысқа орналасу бойынша сұрағын жолдаса, жеке кәсіпкер Дүйсен Жетібаев залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс-пікірін білдірді. Аудан басшысы Заң талаптарына сәйкес дауап беріп, бірқатар басшыларға тапсырма берді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1004378?lang=kk
-
«Өнеріміз саған, Қазақстан!»
23 мамыр күні Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» ХХХVII көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқау-фестивалінің гала-концерті өтті. Біздің ауданның әртістері өздерінің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсете отырып, Федоров ауданы 1-орынға ие болғанын үлкен мақтанышпен хабарлаймыз! Соңғы 3 жылда бас жүлдені иемденген Федоров ауданы биылда жеңімпаздар қатарынан болды. Бұл жолы да фестивалға…
-
Облыс әкімі: Инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру керек
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы талқыланды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 22 885 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 14 873-і – тұрақты, 7 808-і – уақытша жұмыс орындары. Ұлттық жобалар шеңберіндегі іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар, «Ауыл Аманаты» және «Дипломмен…
-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚАРАУДА
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін ауқымды түрде қайта қарауда. Басты мақсат – препараттардың бағасын төмендету, олардың қолжетімділігін арттыру және пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту. Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 000 дәрілік зат тіркелген. Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы…
-
Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті
«Ақтас» полигонында өткен әскери міндеттілердің жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуымен аяқталды. Он күн ішінде жүзден астам әскери міндетті мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы бойынша сабақтардан өтті. Жалпы, оқыту 18 пән бойынша өтіп, оның ішінде тосқауыл бекеттеріндегі іс-қимыл, күзет міндеттерін орындау және шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру де қамтылды. Аталғаннан бөлек республикалық маңызы бар…