Санат: Шымкент
-

Кинологиялық есептоп – іздестіру-құтқару жұмыстарының маңызды бөлігі
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесін Алмас Түйтеұлы Жандаулетов басқарады. Ол қызметтік иттермен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып, адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды міндеттерді атқарып келеді. Кинологиялық есептоптың басты міндеті – төтенше жағдайлар кезінде жоғалған адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру және зардап шеккендерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде табуға көмектесу. Бұл бағыттағы жұмыс…
-

ExoAI: Astana IT University студенті ЖИ пайдалану кезінде корпоративтік деректерді қорғау шешімін әзірледі
ExoAI: Astana IT University студенті ЖИ пайдалану кезінде корпоративтік деректерді қорғау шешімін әзірледі AI-Sana көрмесі аясында Astana IT University студенті Айғаным Тулебаева корпоративтік үдерістерде үлкен тілдік модельдерді (LLM) пайдалану кезіндегі киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған ExoAI жобасын таныстырды. Бұл шешім құпия ақпараттың сыртқы жасанды интеллект сервистеріне берілуіне жол бермеуге және корпоративтік деректердің таралып кету қаупін азайтуға мүмкіндік…
-

Мұрат Мұханов Алматыда сейсмолог ғалымдармен кездесті
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығына, Қазақстан-Қытай бірлескен жер сілкінісін зерттеу орталығына және Орталық сейсмикалық обсерваторияға барды. Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Жапсарбай Сұлтанбеков министрге ғылыми бөлімшелердің жұмысы мен зерттеулердің соңғы нәтижелері туралы баяндады.…
-

Құрметті салық төлеушілер!
Құрметті салық төлеушілер! Салық есептілігін тапсыру мерзімінің жақындағанын еске саламыз. Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, тапсыруды сұраймыз. 📌 Маңызды күндер мен мерзімдер жоғарыдағы карусельде көрсетілген Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1311387?lang=ru
-

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметіне 60 жаңа санитарлық автокөлік алынды
2026 жылдың сегіз айында Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа нысандардың құрылысы жалғасып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуға басымдық берілді. Сонымен қатар салада әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар. Қазіргі таңда облыстың медициналық ұйымдарында 15 839 медицина қызметкері…
-

ӘРБІР ӨТІНІШ – НАЗАРДА!
Азаматтардың өтініштерін қарау, олардың мәселелерін мерзімінде шешу және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау – Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметінің басым бағыттарының бірі. Осыған орай, азаматтардан келіп түскен әрбір өтініш Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес мұқият қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан…
-

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
18 қазан – Рухани келісім күніне орай Түркістан қаласында қоғамдық бірлікті нығайтуға, конфессияаралық татулықты дәріптеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Осыған орай, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Руханият» саябағында ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, діни конфессия өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар саябақ аумағына…
-

Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі…
-

ТҮРКІСТАНДА ДІН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ
18 қазанда елімізде рухани келісім күні аталып өтеді. Осы орайда Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыстағы діни конфессия басшылары және өкілдерімен кездесті. Рухани жүздесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері сараланды. Кездесуді Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы ашып, жүргізді. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және улы газдан улану қаупін азайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт бақылау басқармасының басшысы Мейрамхан Кемелханов мәлімдеді. «2026 жылдың басынан бері облыста 309 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінімен салыстырғанда 18…
-

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысы Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша жауапты сала өкілдеріне тиісті тапсырмалар беріліп, өтініштер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралуға бағытталды. Жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің, азаматтардың мәселелерін тікелей тыңдап, оларды…
-

Еңбегі құрметке лайық жан
Әр мектепте тазалық пен жайлылықты қамтамасыз етіп, күнделікті еңбегімен ерекше үлес қосатын жандар бар. Солардың бірі — 1990 жылдан бері Каменка ауылындағы жалпы білім беретін мектепте адал еңбек етіп келе жатқан Мишкина Алла Борисовна. Техникалық қызметкерлердің жұмысы жауапкершілікті, шыдамдылықты және еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қызметкерлердің арқасында мектепте тазалық пен тәртіп сақталып, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы…
-

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты 📌Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда, ол азаматтардың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жаңа Конституциядағы табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының негізгі элементіне айналды. Ауқымды жоба аумақтарды абаттандыру, қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту және экологиялық ағарту жөніндегі кешенді шараларды қамтиды. Жыл өткен сайын Президенттің «Таза…
-

Ақтөбе облысы цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
2026 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласында «AI & Digital Bridge 2026» халықаралық форумы қарсаңында Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы **Отарбаев Асет Болатович** DEC40 (Global Digital Economy Cities Alliance) халықаралық альянсымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты. Құжат өңірлерді цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын қолдану және «ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы аясындағы заманауи шешімдерді…
-

Жалақының мерзімінде төленуі, кезекті еңбек демалысының берілу кезектілігі мен төлену тәртібі
ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова 2026 жылдың 13 қазан күні «Аиша» бөбекжай балабақшасы ЖШС-нің басшылық құрамы және жұмыскерлерімен кездесіп, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында жұмыскерлерге жалақының мерзімінде төленуі, кезекті еңбек демалысының берілу кезектілігі мен төлену…
