Санат: Шымкент
-

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Батыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5 трлн теңгені құрап, үш жыл ішінде 13,6%-ға өсті. 2023 жылдан бері негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы толық ақпарат ұсынылды. Жақын арада Қарашығанақ кен…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Есепті кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалып, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 124,1%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастады. Өңірдің экономикалық өсіміне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары…
-

Ескелді ауылдық округінде ветеринариялық қызметпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есепке алу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Тұрғындарға малды таңбалау, чиптеу, жайылымды дұрыс ұйымдастыру және малды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл шаралар малдың жоғалуы мен ұрлануының алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279144?lang=ru
-

Ескелді ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Шаруа қожалықтарының иелері, бақташылар және учаскелік инспекторлармен бірлесіп, малды есепке алу, бірдейлендіру және қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ортақ міндет — мал ұрлығының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279146?lang=ru
-

Таудың нәзік гүлі — бұйра лалагүл
Бір қарағанда ертегі гүліндей көрінеді. Күлтелері кейін қарай қайырылып, ерекше пішін түзетін бұйра лалагүл — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктердің бірі. Бұл гүл табиғатта көзге жиі түсе бермейді. Ол таулы аймақтардың орманды және шалғынды бөліктерінде өсіп, жаз мезгілінде ерекше реңімен көз тартады. Бұйра лалагүлдің әсемдігі — тек сыртқы көрінісінде емес. Табиғи популяциясының сақталуы оның…
-

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ТЕННИСШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті. Қазақстан кубогы биыл 10 жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстанның барлық өңірінен 18 команда қатысуда. Жарыс бағдарламасына ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей және жұптық ойындар енгізілген. Жас спортшылар рейтингілік ұпай үшін бақ сынап, ұлттық…
-

Ақтау қаласының әкімі Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов №242 сайлау учаскесіне барып, жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауында дауыс берді. Қала басшысы ел тарихындағы маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Айта кетейік, облыс орталығындағы сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған. Шаһар тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз…
-

Мектепке жол ең жақсы болуы үшін!
Жыл сайынғы “Мектепке жол!”барлық ұрпақ үшін ең сүйікті мереке – Білім күніне орайластырылған Қарасу ауданы ТЖБ қызметкерлері де бей-жай қарамады. Іс-шара аясында аудандық мектептің бірінің оқушысына кеңсе керек-жарақтары мен мектеп сөмкесі сатып алынды. Біздің әрқайсымыз балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, әр балаға оның Мектепке жолы ең жақсы, ал балалық…
-

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ МІНДЕТТІ ЦИФРЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЕНГІЗІЛЕДІ
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасында биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енеді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген немесе Қазақстан аумағына әкелінген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс. ББҚ-ның міндетті қадағалану жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауар нарыққа…
-

Еңбек кітапшасында қате болса: қызметкер еңбек өтілін зейнетақы тағайындау үшін қалай растай алады?
Зейнетке шығу — әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде артық қиындықтарға тап болмас үшін еңбек өтілін растайтын құжаттарды алдын ала тексеріп алған жөн. Жылдар бойы атқарылған еңбек — жай ғана еңбек кітапшасындағы жазбалар емес. Әр жазбаның артында адамның бірнеше жылдық, кейде ондаған жылдық еңбегі тұр. Сондықтан жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған…
-

«Түркістан облысының ветеринария басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама
Түркістан қаласы 2026 жылғы 26 маусым Осы талдамалық анықтамаға қол қоюшы жұмысшы топпен, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің…
-

Қазақстан мен Финляндия экология, Каспий теңізін қорғау және орман ресурстарын қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Астанада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі мен Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари арасында екіжақты кездесу өтті. Тараптар Қазақстан–Финляндия үкіметаралық комиссиясы аясындағы екіжақты әріптестіктің негізгі мәселелерін және Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бағдарламасы бойынша экологиялық бастамаларды іске асыруды талқылады. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап «Lamor Corporation» компаниясының Каспий теңізінің экологиялық тұрақтылығын арттыру жөніндегі Концепция жобасын ресми…
-

Қазақстандық ғалымдар құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді арпаның жаңа сортын шығарды
Қазақстандық ғалымдар жаздық дәнді арпаның жаңа «Батырхан» сортын шығарды. Шаруашылыққа пайдалылығы бойынша жүргізілген бағалау нәтижесінде сорт оң бағаланып, мемлекеттік сорт сынағына берілді. Сонымен қатар селекциялық жетістікке патент алу жөнінде өтінім берілді. Жаңа сорт Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне тән агроклиматтық және топырақ жағдайларын ескере отырып әзірленген. «Батырхан» жоғары әрі тұрақты өнімділігімен, дәнінің ірілігімен, жатып қалуға және…
-

Алматы қаласындағы жалпы білім беретін ұйымдардың 2026-2027 оқу жылына дайын болу дәрежесі бойынша
Алматы қаласында білім беру ұйымдарын жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындау жұмыстары жалғасуда. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектептердің, интернаттық үлгідегі ұйымдардың және мектеп асханаларының жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жүзеге асыруда. 2026 жылғы маусым айында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді. Департаменттің бақылауында 364 мектеп бар, оның ішінде 250 мектеп мемлекеттік…
-

Smart City Battle by Batys Hub 🏙️
Қаланы ақылды, жайлы әрі технологиялық етуге қабілетті жоба жасап жүрсің бе? Сенде жұмыс істейтін MVP немесе прототип бар ма? Ендеше, өз жобаңызды көпшілікке танытатын уақыт келді! 27 тамыз күні сағат 15:00-де Batys Hub Smart City Battle — қаланың өзекті мәселелерін шешуге және қалалық ортаны кешенді түрде жақсартуға бағытталған қолданбалы IT және инженерлік шешімдер сайысын өткізеді!…
