Санат: Шымкент
-

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МАРАТ ПАШИМОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ
Кеңесте медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты негізгі мәселелер қаралды: емханалардың жұмыс сапасы, балаларды үйде патронаждау, гинекологиялық көмекті мониторингтеу, сондай-ақ босандыру ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне және Алатау, Наурызбай және Бостандық аудандарындағы медициналық ұйымдарға жүргізілген тексерулердің нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Кеңес қорытындысы бойынша Марат Пашимов инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз…
-

Кадр даярлаудың жаңа стандарты: Астанада VELOR Academy of Hospitality & Service білім беру платформасы ашылды
Астанада қонақжайлылық және сервис индустриясы үшін жаңа буын мамандарын даярлауға, тәжірибеге негізделген білім беру платформасы — VELOR Academy of Hospitality & Service салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты: «VELOR Academy-дің ашылуы қонақжайлылық индустриясы үшін кадр даярлау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Министрлік сервис сапасын арттыруға және кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға…
-

2026 жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының ұжымы “Ырыскелді қажы” мешітінің аумағында сенбілік өткізіп, Елордамызды абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосты
Қызметкерлер аумақты тазалауға ынтамен қатысты: тұрмыстық қалдықтар жиналды, аумақты қоқыс пен құрғақтықтан тазартты, гүлзарларды ретке келтірді. Келісілген жұмыстың арқасында іс-шараның атмосферасы тек еңбек қана емес, сонымен бірге шын мәнінде мейірімді және біріктіруші болды.Сенбілік аяқталғаннан кейін мешіттің бас имамы қызметкерлерге көрсеткен бастамасы, киелі жерге деген құрметі және тазалыққа қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ризашылық белгісі ретінде ол…
-

Әзербайжанда ЭЫҰ туризм министрлерінің 7-отырысы өтті
Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм министрлерінің 7-отырысы өтті. Жиынға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қатысты. Іс-шара «Шуша – Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 2026 жылғы туристік астанасы» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында туризмді әртараптандыру, экотуризмді дамыту, өңірлік туристік бағыттарды ілгерілету, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен бастамаларды іске асыру…
-

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА 40 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Кентау қаласындағы С.Қожанов саябағында Чернобыль апатына 40 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Жорабеков, мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, ардагерлер, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар және қала тұрғындары қатысты. Жиын барысында 1986 жылғы апат салдарын жою жолында ерлік көрсеткен азаматтардың рухына…
-

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті
А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында Алматы Кітапханалары мен «ByArT» көркемдік студиясының ұйымдастыруымен «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтті. Салтанатты іс-шараға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, сондай-ақ, Еуропадан арнайы келген Игор Отченаш, Штепан Франк және София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский мен оның отбасы мүшелері – Анастасия Барщевская мен Гуша Джорджи және байқау жеңімпаздары қатысты. Аталған байқау…
-

«Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясындағы Қостанай қаласы мектептеріне онкүндік іс-шаралар циклі
Бүгінгі таңда Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының жетекшілігімен Қостанай қаласы мектептерінің 6-11 сынып оқушылары арасында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбы аясында су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану мәселелеріне арналған ағартушылық іс-шаралар циклі өтуде. Онкүндік аясында оқушыларға су ресурстарының қазіргі жай-күйі туралы – еліміз бен әлемдегі жалпы туындап отырған қауіп-қатерлер мен оларды сақтау бағытында мемлекет тарапынан…
-

КЕНТАУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ
Бүгін Кентау қаласында «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар апталығы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында балалар арасында ұлттық ойындар — арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ жарысы өткізіліп, ұлттық тағамдар мен қолөнер көрмесі көпшілікке тарту етілді. Салт-дәстүрімізді айшықтайтын «Әжелер тағылымы» дәстүрлі көріністер көрсетіліп, ұлттық киімдер сән көрсетілімі өткізілді. Жалпы шара…
-

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында “Таза Қазақстан” эко бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, санитарлық тазалықты сақтау және ауылдың көркін арттыру мақсатында су жағалаулары бойында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге тазалық жұмыстарына белсене араласты. Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, сенбілік жұмыстарын тұрақты түрде…
-

Ақмола облысында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым етілді
Тайтөбе ауылында аты аңызға айналған батыр Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұлықтауға арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 1945 жылдың дәл осы 30 сәуірі күні Рақымжан Қошқарбаев сұрапыл шабуыл кезінде Рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен болатын. Осындай маңызды іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі мен Қосшы қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, еңбек және…
-

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАНДОС ТАСОВ ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кездесуін Хантағы ауылында жалғастырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары мал жайылымы, балалар ойын алаңшалары, медицина саласы, сондай-ақ ауыз су мен жол мәселелерін көтерді. Қала басшысы барлық ұсыныс-өтініштерді мұқият тыңдап, әрбіріне заң аясында жауап берді. Сонымен қатар бірқатар мәселелердің шешімі қаржы қаражатының бөлінуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын түсіндірді. Кездесу қорытындысында тұрғындар…
-

Қостанай облысында «Халық заңгері» акциясы өтті
Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қостанай қаласының әкімдігі және облыстық әділет департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен ашық диалог арқылы нақты құқықтық көмек көрсету. Акцияның ерекшелігі – оның ашық форматында: бір алаңда тұрғындар әртүрлі мәселелер бойынша кешенді кеңес алып, түрлі…
-

ХАНТАҒЫДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Жұмыс сапары барысында қала әкімі жергілікті кәсіпкер Жалғас Абдрамановтың шаруашылығымен танысты. Қазіргі таңда кәсіпкер 50 бас жылқы бордақылаумен айналысады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, қосымша 100 бас ірі қара бордақылауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар болашақта сиыр, бұқа және қой сатып алу арқылы мал басын көбейтіп, мал сою цехын ашу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде ауылда жаңа…
-

ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӘНЕ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Қала әкімі Жандос Тасов Хантағы ауылына жұмыс сапары барысында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Ауылдағы аудандық маңызы бар Хантағы–Қаратау бағыты бойындағы көпірге реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ұзындығы 54,2 метр, ені 6 метр болатын көпір салынып, 200 метр жол жабыны жаңартылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы қарастырылып, көше жарықтандыру жүйесі орнатылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды…
-

КЕНТАУДА ДЗЮДОДАН ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Кентау қаласында 2009–2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының құрметіне арналған ІХ республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Турнирдің ашылу салтанатына Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, сондай-ақ сала ардагерлері мен спорт жанашырлары қатысты. Сонымен қатар, жарысқа Шымкент қаласынан, Қызылорда, Тараз…
