Санат: Шымкент
-

ШҚО КИКБОКСШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ҮШ АЛТЫН, БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ
2026 жылғы 13–18 мамыр аралығында Анталия (Түркия) қаласында кикбоксингтен жастар арасында Әлем Кубогы өтті. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен айрықша нәтиже көрсетті. Әлемдік рингте бақ сынаған шығысқазақстандық саңлақтардың көрсеткіштері келесідей: І орын — Сарқытбеков Ильяс (57 кг салмақ дәрежесінде, фулл-контакт бағыты…
-

Мектеп бітіру кештері мен сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады
Өңірде білім беру ұйымдарында өтетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты талаптар нақтыланды. Оған сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің арнайы бұйрығы бар. Оқу жылын аяқтауға арналған қандай шараларға рұқсат етілетіні және тыйым салынатыны туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, аттестат табыстау іс-шаралары тек мектеп ғимаратында немесе мектеп…
-

Тіл туралы заңнаманың орындалуы ұдайы бақылауда.
Бұқар жырау ауданының білім бөлімінде жоспарға сәйкес мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұ.Б. Бөрібаева мен Н.Ж. Абиханова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеру жоспарына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының…
-

2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. Нұргалиева «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдар бойынша консультация берді.
2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. Нұргалиева «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдар бойынша консультация берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1224274?lang=ru
-

Павлодар облысы бойынша МКД басшысы Ержан Тоқтархановтың өңір тұрғындарына мобильді аударымдар туралы үндеуі
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Мобильді аударымдарды тексеру тақырыбы көп сұрақ туындатып жатыр. Сондықтан нақты түсіндіріп өтейін, алаңдауға негіз жоқ: жеке шоттар бірден бұғатталмайды. Естеріңізге саламын, мемлекеттік кірістер органдарының бақылауына мына үш жағдай қатар келгенде ғана ілігесіз: Біріншісі – сіздің шотыңызға жүзден аса түрлі адамнан ақша түссе. Екіншісі – бұл жағдай қатарынан үш ай қайталанса. Және…
-

«Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 5 қаңтарда басталған республикалық акция сіздер үшін белсенді жұмыс істеуде. Егер сізде салыққа қатысты сұрақтар жиналып қалса, сіздерді тегін кеңес алуға күтеміз! Қашан: Аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін. Форматы: Офлайн, мемлекеттік кірістер басқармаларының (МКБ) базасында. Кеңесті кімдер береді? «Қазақстан бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдар…
-

Құйған ауылдық округі аумағында күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!
Құйған ауылдық округі аумағында күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-kuigan/press/news/details/1224436?lang=ru
-

Подгорадағы CLEAR-FEST: Петропавлда аумақ тазалығы экологиялық марафонға айналды
Петропавлда Подгора шағын ауданы ерекше спорттық-экологиялық марафон алаңына айналды. «CLEAR-FEST» марафоны аясында аумақты тазалау командалық жарыс форматында өтіп, студенттерді, волонтерлерді, жастар ұйымдарының өкілдерін және қоғамдық белсенділерді біріктірді. Акция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Марафонға үш команда қатысты. Әдеттегі сенбілік орнына ұйымдастырушылар жарыс…
-

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНГЕН БАТЫР ҚЫЗ – ТӨЛЕБИЛІК АЯЖАН ҚАЛЫБАЙ
2026 жылдың 13–17 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде әлемнің мықты спортшылары бас қосып, өз шеберліктерін ортаға салды. Осы әлемдік додада Түркістан облысы, Ленгір қаласының тұрғыны, №2 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегі, қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің 4 курс студенті Қалыбай Аяжан Сағындыққызы зор жетістікке…
-

Атырауда тазалық талаптарын бұзудың 2400-ге жуық дерегі анықталды
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтары көп шоғырланатын демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттады. Шара барысында азаматтарға табиғатты таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, белгіленбеген жерлерде…
-

Тәркіленген алкогольдік тауарларын тапсыру
2026 жылғы 19 мамырда Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен, заңды күшіне енген мемлекеттік кірісіне алу туралы сот қаулысын орындау мақсатында, тәркіленген тиісті лицензиясыз сатылған алкогольдік өнімдерін жергілікті атқарушы органға өткізуді жүзеге асырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1224301?lang=ru
-

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНДА ШҚО ҚҰРАМАСЫ СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
2026 жылғы 15–21 мамыр аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Несіп Жүсіпбайұлының 75 жылдық мерейтойына орай ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ең үздік зияткерлер қатысқан байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Тартысты өткен біріншілік қорытындысы бойынша…
-

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өзен жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті. Таза жағалау – таза болашақ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1224282?lang=ru
-

Қауіпсіз терезелерге назар аударыңыз
Шығыс Қазақстанда балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Облыс аумағында қазірдің өзінде 4 оқиға тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының айтуынша, қайғылы жағдайлар көбіне ата-аналар пәтердегі ашық терезелерді ұмытып, балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырған кезде орын алады. «Оқиғалардың алдын алып, балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін арнайы құрылғыларды міндетті түрде орнату маңызды. ШҚО ТЖД тарапынан ата-аналар…
-

Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықовтың «Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек» атты сұхбаты
Назарларыңызға Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында жарияланған Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықовтың «Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек» атты сұхбатын ұсынамыз. https://egemen.kz/article/412989-barlybay-sadyqov-qazaqstan-men-keniya-baylanysy-dganha-denhgeyge-koterilmek Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1224296?lang=ru
